1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Орталық жүйке жүйесінің мүшелер қызметін үйлестіру (координациялауы)



бет84/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

75.Орталық жүйке жүйесінің мүшелер қызметін үйлестіру (координациялауы).
Орталық жүйке жүйесі синапстар арқылы бір-бірімен байланысқан жүйке жасушаларының жинағынан құралған. Мұндай нейрондар жинағынан белгілі бір мүшелердің қызметін реттеуге бейімделген нейрондар тобын байқауға болады. Ондай нейрондар тобын жүйке орталықтары деп атайды.
Жүйке орталықтарының бірнеше қасиеті бар: жүйке орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады. орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес жүйке орталықтарында қозу бір бағытта ғана қозғалады, қозу тежеледі, мүшелердің қызметі үйлестіріледі.
Көптеген мүшелердің қызметін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде организмнің қызметін үйлестіру немесе координациялауы дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіру қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген иррадация, индукция, доминанта, концентрациялау және конвергенцияның қатысуымен іске асады.

Орталық жүйке жүйесіндегі бір жүйке орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарға таралуын иррадациялану дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы жүйке талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты.


Жүйке орталықтарында қозу тежелуге және керісінше тежелу қозуға жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші қозу орталығы тежеледі немесе керісінше тежелгенде екінші қозу орталығы күшейеді. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды.


Бірнеше жүйке орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.


Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі – доминанта. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларынан басымырақ болады да, басқа орталықтардың қызметін өзіне бағындырады.

Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция деп атайды. Мысалы, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін.


Жүйке жүйесінің үйлестіру қабілеті 18-20 жаста толық қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет