1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Мишықтың құрылысы және қызметі



бет85/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

76.Мишықтың құрылысы және қызметі.
Мишық — дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі.
Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады. Мишықтың құрты және мишықтың жарты шарлары. Мишықтың сыртқы қабаты сұр заттан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нерв клеткаларынан құралған 1-сыртқы молекулярлық, 2- ортаңғы ганглиялық 3- ішкі түйіршік қабаттары.
Сыртқы — молекулалы қабатты мидың басқа бөлімдерінен келетін жүйке толқынын (импульс) тежейтін, жұлдызша және себетше нейроциттер, олардың өсінділері мен ганглионды нейроциттердің тарамдалған дендриттері құрайды. Ортаңғы—ганглионды қабат мишықтың негізгі қызметін атқаратын алмұртша нейроциттерден тұрады. Ішкі — дәнше қабат майда нейроциттерден және импульстерді тежеуші ірі жұлдызша нейроциттерден құралған.


Мишық қыртысының қалыңдығы әртүрлі жануарларда түрліше. Орта есеппен молекулалы қабаттың үлесі 55%, ганглионды қабаттың — 5%, дәнше қабаттың — 40% болады. Мишық қыртысы адам мен жануарлар организмдерінде дене тепе-тендігін реттеу және қимыл-қозғалыстарды үйлестіру қызметтерін атқарады.

Ересек адамның миының салмағы 150г. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшықеттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.




77.Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы. Шартты және шартсыз рефлекстер.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, гипноз
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді ғалымдар болжаған болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатына физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштердің әсерінен туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет