86.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпе қуыс ағза. Ол белгілі мөлшерде ауа сиғыза алады. Мысалы, адам еркін дем алған кезде 500 мл ауа жұтып, дәл осы мөлшерде дем шығарады (жылқы 5-6 л). Бұл тыныстык ауа.
Адам терең дем алса тыныс ауасына қосымша 1,5 л (жылқы 10- 12 л) ауа жұта алады. Ауаның бүл мөлшерін қосымша (үстеме) ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарған соң адам тағы да 1,5 л (жылқы 10-12 л) шамасында ауа бөле алады. Бүл кордағы ауа. Осы аталған тыныстық, қосымша және қордағы ауаның қосындысын өкпенің тіршіліктік (әрекет) сиымдылығы ӨТС) деп атайды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда 26-30 л шамасында. Ең терең дем шығарылғаннан кейін де өкпеде шамамен 1 л (жылқыда 10 л) ауа қалады. Ауаның бүл болімін қалдық ауа дейді. Қордағы жоне калдык aya альвеолалық aya түзеді. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы мен қалдық ауа қосындысын өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) дейді.
87.Зат алмасудың кезеңдері және түрлері.
Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді. Оның алғашкы кезеңі сыртқы ортадан кабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық, өңдеуден өтіп, қорытылуынан басталады. Сол себепті ас қорыту процесін зат алмасудың бастапқы сатысы деп атайды.
Ас қорыту жолынан қоректік заттардың ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға сіңуімен екінші кезең басталады. Бұл кезеңде әр түрлі органикалық заттар түзіліп, коректік заттар қуат козі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылып, ескірген құрылымдардың ыдырауы барысында көптеген аралық, және ақырғы зат алмасу өнімдері пайда болады.
Зат алмасудың соңғы, үшінші кезеңі организмде пайда болған зат алмасу өнімдерін бөліп шығару болып табылады.
Организмде қалыпты жағдайда өтетін зат алмасу процесін жалпы зат алмасу деп атайды. Ол жоғарыда баяндалған процестер мен кезеңдерді қамтиды да, көптеген сыртқы және факторларға байланысты өзгеріп отырады. Ішкі толық тыныштық пен ашқарын жағдайында организмнің тіршіліктік маңызы зор физиологиялық процестерін қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін негізгі зат алмасу дейді. Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш түрлі шартты сақтау керек: толық, тыныштық, ашқарын жағдайы, сыртқы ортаның бейтарап температурасы (18-20°С). Малға тәжірибе жүргізгенде бұл шарттарды сақтау өте қиын, сондықтан негізгі зат алмасу деңгейі тек адамда ғана анықталады. Жануарларда жалпы зат алмасу деңгейін зерттейді. Негізгі зат алмасу деңгейі дене массасының немесе беткейінің әрбір өлшеміне 1 сағат не 1 тәулік ішінде жұмсалатын кДж не ккал энергиямен сипатталады. Ер адамда негізгі зат алмасу деңгейі дененің 1 кг массасына 1 сағатта 4,19 кДж немесе 1 ккал болады. Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңірілгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралык зат алмасу деп атайды. Оның арқасында организм өзінің тіршілік әрекетін камтамасыз ететін және әр түрлі өнімдерді өндіруге қажетті заттар мен энергияны игереді. Қоректік заттардың организмге қажетті құрамаларға (компоненттерге) айналуын қамтамасыз ететін химиялық өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нәтижесінде түзілген аралық, не соңғы өнімдерді алмасу өнімдері, немесе метаболиттер деп атайды. Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді.
Белгілі бір жұмыстың атқарылуын, өнімнің (сүт, салмақ, жұмыртқа, жүн) өндірілуін қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейін өнімдік зат алмасу деп атайды. Мысалы, 1 кг шөпті қорыту үшін сиыр 461 кДж энергия жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |