1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Рефлекс және оның түрлері



бет86/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Рефлекс және оның түрлері. Жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Барлық рефлекстер тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлық доға қос нейронды, үш нейронды,көп нейронды болып бөлінеді.


И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы

Шартсыз рефлекс



Шартты рефлекс

1 Туа пайда болған

1. Жүре пайда болған

2. Тұқым қуалайды

2. Тұқым қуаламайды

3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады

3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.

4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес

4. Қажет



Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:


1. Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшықеттерін тітіркендіргенде пайда болады.Сонымен қатар, теңдік рефлекстер жатады.
3. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.

Туатын қызметтің түріне қарай шартты рефлексті екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет