1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет83/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Контргипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.

Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрекүсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрекүсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрекүсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.


74.Жүйке жүйесінің маңызы.
Жүйке жүйесінің маңызы:

  1. Денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

  2. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

  3. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

  4. Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді.

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның денесі әртүрлі сопақша, ұршық тәрізді. Миелин-ақ май тәрізді липидтен тұрады. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон деп атайды. Аксонның саны көбіне біреу-ақ болады, кейде екі аксон кездеседі. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Дендриттер - нейронның көптеген ұсақ өсінділері. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Дентриттер көп болады.


Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.


Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.
Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

  1. жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы);

  2. сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);

  3. жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);

  4. қозғалтқыш нейрондар;

  5. тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет