1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Сопақша мидың құрылысы мен қызметі



бет91/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

85.Сопақша мидың құрылысы мен қызметі.
Сопақша ми ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым немесе ретикулярлы формация орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән карапайым сегменттік сипат сақталады. Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан.Оның ұзындығы 2,5-3см, салмағы 7г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс алу, қанайналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты безінің сөлдерін бөлу орталығы және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.
Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (Ү ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршіліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады. Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен канқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының кызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық, сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байкалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайкая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл-әрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы отеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет