1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Лимфа жүйесі және лимфа айналымы



бет93/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

88.Лимфа жүйесі және лимфа айналымы.
Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге тармақталады да, ұлпалардан қанға судың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітінділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан, ағзалық майда тамырлар шумағынан, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, жеке мүшелерден лимфаны негізгі лимфа бағандарына құятын ірі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен және дененің басты лимфа өзектерінен құрылған.
Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасады. Лимфа тамырларының өте жұқа қабырғасы дәнекер ұлпалар мен бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат эндотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш нерв талшықтарымен жүйкеленеді.
Лимфа оны капиллярлардан ұлпааралық кеңістікке қуған қысым мен еттердің жиырылуының әсерінен ағады. Майда лимфа тамырларында қысым су бағынасымен 8-10 мм деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі қысым сынап бағынасымен 4-0 мм шамасында, демек ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тыныштық кезінде лимфа акпайды. Лимфа ағысын бүлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс алу қимылдары да лимфаның кокірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді.
Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойнындағы лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдыкпен ағады. Вена тамырларында бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.
Ұлпааралық қуыстардан шыққан сүйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен отеді де, кокірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады.
Лимфа тамырлары денеде дренаждық жүйе қүрып, мүшелерден торшааралық сүйықтың артық молшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтіп отырады. Олар биологиялық сүзгі (фильтр) қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелий торшаларының қатысуымен залалсызданады.Лимфа түйіндерінде лимфоциттер де түзіледі.

89.Жүйке жасушасы, құрылысы.


Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның денесі әртүрлі сопақша, ұршық тәрізді. Миелин-ақ май тәрізді липидтен тұрады. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп атайды.Аксонның саны көбіне біреу-ақ болады, кейде екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады 1-1,5м дейін жетеді. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға жұмысшы мүшеге нерв импульстары тасылады. Дендриттер- нейронның көптеген ұсақ өсінділері. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Дентриттер көп болады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады, жасы ұлғайған сайын нейрондардың саны азайып, глиялар саны көбейеді.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – клектааралық сұйыққа толы кеңістік.
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал, әрбір талшық 10 мыңға дейін синапс түзеді. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. Жүйке талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мемранасынан өтіп синапс аралығына құйылады. Медиатор синапс аралығына тарап, постсинпстық мембрананы тітіркендіреді. Пост.синапстық мемб. қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет