1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Тыныс алуды реттеу. Тыныс орталықтары



бет90/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

81.Тыныс алуды реттеу. Тыныс орталықтары.
Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газының тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады:
а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері;
б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршілік те жойылады.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.


82.Адамның бұлшық еттері, олардың қызметі.
Адам денесінде 600-ден астам бұлшықеттер бар. Бұлшықеттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықет, жүрек бұлшықеті. Қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшықеттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшықеттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшықеттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшықет деп атайды.
Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады.
Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі.
Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшықет бар.
Бұлшықеттердің қызметі – жиырылу. Бұлшықеттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшықетті қоздыруынан болады. Бұлшықеттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшықеттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшықеттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшықеттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.
Бұлшықеттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.
Бұлшықеттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшықеттердің дамуы 25-30 жасқа дейін байқалады.
Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.

83.Қанның ұюы.


Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына катысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін т р о м б деп аталатын қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады:
1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы;
2 - тромбопластиннің тромбинге айналуы;
3 - тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып калады да т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан кабыршағы түсіп калады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады.
Тромбопластидтердің саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шүғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.
Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.
Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің, организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.
84.Қанның құрамы, қасиеттері, маңызы.
Гомеостаз, оныњ организм үшін маңызы.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бүл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.
Қанның қызметі:
1. Тасымалдау (клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды және организмдегі зат алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заттардың шығуына қатысады);
2. Дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады;
3. Организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді;
4. Мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Қанның құрамы. Қан пішінді элементтер, яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық плазмадан тұрады. Қан жасушалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері:
1. Плазманың осмостық қысымы деп оның кұрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал затгарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардьщ тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.
2. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды, Қалыпты жағдайда қанның рН ~ 7,36 тен, бұл әлсіз сілтінің реакциясы.
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған кышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
3. Қанның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Қанның тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.
Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.
Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.
Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет