1 геологиялық БӨлім 4 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



жүктеу 0.76 Mb.
бет7/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.13 Кәсіпшіліктегі мұнай өткізгіш құбырларының гидравликалық есебі


Құбырлардың гидравликалық есебі төмендегі параметрлердің біреуін анықтауға арналған:

  1. егер құбырдың бастапқы және соңғы геометриялық белгілері ∆z= zк- zН, қысымның төмендеуі ∆P= P1– P2, құбырдың ұзындығы L, оның диаметрі Д, айдалатын сұйықтың тұтқырлығы √ж мен тығыздығы ρж белгілі болса құбырдың өтімділік қабілетін Q;

  2. соңғы қысым P2, құбырдың ұзындығы L, диаметрі Д, геометриялық биіктіктердің айырмасы ∆z, көлемдік шығын Q, сұйықтың тығыздығы ρж мен тұтқырлығы √ж белгілі болғанда қажетті бастапқы қысымды P1;

  3. ∆z, ∆P, L, ρж, √ж белгілі болғанда берілген Q сұйық шығынын өткізуге қабілетті құбырдың диаметрін Д.

Ұзындығы L= 130 км рельефтегі өткізгіш құбыр арқылы QH = 240 т/сағ. мұнай тасымалданады. Мұнайдың тығыздығы ρH= 850 кг/м3, кинематикалық тұтқырлығы √ = 1,26*10-4 м2/с, пайдалы әсер күші (ПӘК) η = 0,5

Мұнай өткізгіш құбырдың басы мен аяғындағы геодезиялық белгілер zН= 219м және zк= 340 м.

Табу керек: мұнай өткізетін құбырдың диаметрін, сораптың арынын (айдау қысымын) және қуат күшін.

Алдымен – кестеден мұнайдың тұтқырлығына, айдау қысымына байланысты оның қозғалу жылдамдығын анықтаймыз.Ол υ = 1,2 м/с.

2.3- кесте - Өткізу құбырынан өтетін мұнайдың қозғалу жылдамдығын

оның тұтқырлығы мен сору және айдау қысымына байланысты таңдау.




Мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы

Ұсынатын жылдамдық, м/с

Сорғанда

айдағанда

0,010- 0,115
0,115- 0,277
0,277-0,725
0,725-1,460
1,460- 4,380
4,80- 8,770

1,5
1,3
1,2
1,1
1,0
0,8

2,5
2,0
1,5
1,2
1,1
1,0

Алынған υ жылдамдық бойынша мұнай өткізу құбырының диаметрін табамыз:

υ=QH/F=4QH/3600 πD2, бұдан (2.8)

D =√4QH/3600πD=√4*240/ 3600*3,14*1,2 = 0,266 м (2.9)

Мемлекеттік стандарт (2.4-кесте) бойынша тапқан диаметрге жақын құбырдың сыртқы диаметрін DH = 273 мм және қалыңдығын δ = 12 мм деп таңдаймыз. Осыған байланысты құбырдың ішкі диаметрін есептейміз:

DВН=DН-2δ=273– 2*12 = 249 мм. (2.10)


2.4–кесте – Ыстық күйінде бастырған лаксыз құбырдың МЕСТ 8732–78

бойынша кең тараған түрлері



Құбырдың сыртқы диаметрі, мм

Қабырғасының қалыңдығына байланысты 1м құбырдың теориялық массасы (кг)

10 мм

11 мм

12 мм

76

89

108



133

159


168

219


273

325


377

426


14,87

17,76


21,97

27,52


33,29

35,29


46,61

58,60


70,14

81,68


92,55

16,28

19,78


24,17

30,33


36,75

38,97


51,54

64,86


77,68

90,51


102,59

17,63

21,16


26,31

33,10


40,15

42,59


56,43

71,07


85,18

99,29


112,58

Таңдалған диаметр бойынша қозғалу жылдамдығын қайтадан есептейміз:

4 QH/3600πD2=4*240/3600*3,14* 0,2492 = 1,4 м/с (2.11)

Рейнольдс санының көмегімен құбыр бойындағы сұйықтың қозғалысының тәртібін анықтаймыз:

R е= υ DВН / √=1,4*0,249/1,26*10–4=2705 (2.12)

Рейнольдс саны Rе > 2300 болғандықтан құбырдағы сұйықтың қозғалысының тәртібі – турбулентті. Сондықтан гидравликалық кедергі коэффициентін Блазиус формуласымен шығарамыз:

λ=0,3164/4Rе=0,3164/Rе 0,25 = 0,3164/ 27050,25 = 0,0439 (2.13)

Жоғарыда есептелген деректер бойынша орынның үйкелу әсерінен келуін табамыз:

h mp= λ L/DВН2/2 д = 0,0439*130000/0,249* 1,42/2*9,82= 2192 м (2.14)

Геодезиялық белгілерді ескерсек,онда:

Hmp=hmp+(zк-zН)=2192+(340-219)=2313м (2.15)

Осы бойынша тасымалдау қысымын табамыз:

PН=ρждНmp=850*9,81*2313=19,3МПс (2.16)

Тасымалданатын мұнайдың мөлшері QH=240т/сағ. және қысымы

PН= 19,3МПс болғанда сораптың оны айдау үшін жұмсайтын қуат күші:

N=VжНmpρжд/1000η, (2.17)

Мұнда Vж – тасымалданатын сұйықтың көлемдік мөлшері, м2/с.

Массалы шығымды Qж көлемдік шығымға аударамыз:

Vж=Qж/ρж=240*103/3600*850=0,078431 (2.18)

N= 0,078431*2313*850*9,81/1000*0,5= 3025квт


Минимал түп қысымын анықтаудың бағдарламасы

Есептің берілгенін енгізіңіз

Ұңғы тереңдігі (м) 2200

СКҚ ішкі диаметрі (мм) 66

Сағадағы қарсы қысым (МПа) 0,5

Қанығу қысымы (МПа) 9,5

Газ факторы (м3/т) 56

Қабат мұнайының тығыздығы (кг/м3) 850

Газсыз мұнайдың тығыздығы (кг/м3) 950

Өнімнің сулануы (%) 68

Қабат суының тығыздығы (кг/м3) 1010

Ерігіштік коэффициенті ALPHA= 8,99Е – 06

Тиімді газ факторы Gef = %199,9999923702055

Газдысұйық көтерілімінің максимал ұзындығы Hmax= 2020,79

Минимал түп қысымы Pzmin= 7,22



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет