1 геологиялық БӨлім 4 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



жүктеу 0.76 Mb.
бет9/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.5 Жылдық өндірістік шығындардың есебі


Жаңа техника және әртүрлі енгізілетін техникалық шараларды енгізу әрқашанда өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне әкеледі. Мұнай өндіруде шығындар деңгейі статьялық қосымша шығарылған көлемге сай өзгереді.

Енгізілетін шара шығындар статьясына әсер етеді десек, онда келесі әдістер бойынша есеп жүргіземіз.

Амортизация есебі

Негізгі техника орнына келетін негізгі құралдарға амортизациялық төлемдер “құрал – жабдықтарды күту және пайдалану шығындары” статьясындағы амортизация нормалары мен жаңа техника сатып алуға салынған күрделі қаржы салымына байланысты есептелінеді:



Ажылд.= Салғ. ŁNат / 100 (3.1)

Мұнда Салғ.- құрал-жабдықтардың алғашқы құны, тг;



Nат – жылдық амортизациялық төлемдер нормасы.

“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасында скважинаны тұрғызуға Салғ.= 1212 379 долл. = 181 856 850 теңге жұмсалды. Соның ішінде жұмыс істеп тұрған 93 скважинаның баланстық құны былай есептелінеді:



(3.2)

(3.3)

Сонымен қатар жұмысы уақытша тоқтатылған 105 скважина іске қосылды. Енгізілген скважиналардың баланстық құндары:



(3.4)

(3.5)

мұнда, мұнай скважиналарының нормативті уақыт мезгілі – 15 жыл болғандықтан жылдық амортизациялық төлемдер нормасы былай болады:



(3.6)

Т- жылдық мерзім

п – скважиналар саны

“Жетібай” кен орнында мұнайды дайындау үшін келесі құрал-жабдықтарды қолданады:

1. Турбоквант типті турбинді өлшегіштерден мұнайды есепке алу пункті (ПУН) 2 дана

2. ОГ-200 тұндырғыштары 4 дана

3. Мұнайға арналған УНС-180х85 сораптары 4 дана

4. Мұнайды қыздыру үшін ПТБ-10/64 пештері 3 дана

5. РВС-5000 технологиялық резервуарлары 3 дана

6. РВС-5000 тауарлық резервуарлар 4 дана

7. РВС-5000 суды дайындауға арналған резервуарлар 2 дана

8. Суды қайта айдауға арналған 8НДВ сораптары 6 дана

“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының мұнай өндіру бойынша жылдық амортизациялық төлемдерінің есебі – кестеде көрсетілген.

3.2 - кесте. Амортизациялық төлемдер есебі



Құрал-жабдықтар атауы

Негізгі қорлардың енгізілген саны

Баланстық

құн, долл



Амортизация

Нормасы,


%

Амор-лық

төлемдердің

жылдық

сомасы, долл



1.Мұнай скважинасы.

Соның ішінде:

а)жұмыс істеп тұрған

ә) енгізілген

2.Құрал-жабдықтар:

Мұнайды есепке алу пункті

ОГ-200 тұндыр-ы

УНС-180х85 сораптары

ПТБ-10/64 пештері

Резервуарлар:

а) технологиялық

ә) тауарлық

б)суды дайындауға

арналған


Суды айдауға арнал-ған 8НДВ сораптары

198

93

105



2

4

4



3

3

4



2

6


643773,249

968690,821

720

426


1286

915


1280

1280


638

521


6,7

6,7


5,2

9,3


43,3

7,2


7,5

7,5


8,6

6,3


4011351,115

6814739,926

74,88

158,472


2227,352

197,64


288

384


109,736

196,938


Барлығы

226

1618250,07

242737510,5 тг






10829728,06

1624459209 тг




4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ




4.1 Технологиялық үрдісті жүргізудің негізгі қауіпсіздік ережелері.


Топтау қондырғылары - өрт қауіпті өндіріс. Өндіріс едәуір мөлшерде өрт қауіпті өнімдерді шығарып өңдейтіндіктен қауіпті деп саналады. Отты қыздыруды қолданғанда үрдістің жоғары параметрлерінде (температура, қысым) улы реагент-деэмульгатордың пайда болуынан шикізат пен өнімді бумен қамтамасыз етуші персоналдың улануы мүмкін.

Топтану қондарғыларында қызмет ететін персонал олардың жүйелері мен барлық аппараттарының неге арналғанын, құбырлардың, арматуралардың, бақылаушы-өлшеуші құралдар мен автоматика амалдарын білуге міндетті. Жұмысты жүргізгенде "мұнай өнеркәсібіндегі өрт қауіпсіздігінгң ережелері" мен "мұнайгазөндіру өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережелерін" қадағалау қажет.



Жұмысты жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шаралар

Технологиялық тәртіпте жұмыс істеу үрдістің технологиялық картасымен (аппаратурадағы деңгейлер, қысым, температура және т. б. ) бекітілген.

Топтау қондырғыларының объектілері мен жабдықтардың жеке түрлерін пайдалану ережелерін сақтау "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының бас инженері бекіткен мынадай қағидалар мен ережелерге, нұсқауларға сәйкес жүргізіледі:

- КИПиА құралдары мен жабдықтарының, барлық аппараттардың дұрыс қызмет етуін жүйелі тексеру.

- Жеке қорғау құралдарының жұмыс реті мен дұрыс қолданылуын қадағалау.

- ППР графиктерін, құбырларды, жабдықтарды қарау мен жүйелі сұрыптау және оларды дер кезінде жөндеуді сақтау.

- Қысыммен жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен аппараттарда жөндеу жұмыстарының өндірісіне жол бермеу.

- Газ қауіпті орындарды жөндегенде ұшқын болдырмайтын саймандарды қолдану.

ПТБ-10/64 мұнайды қыздыру пештерін пайдаланғанда төмендегідей үрдісті жүргізуідің қауіпсіздік талаптары мен ережелері орындалуы қажет:

- құбырлы алқалардың ирек түтігі, мүржалардың жағдайларын бақылау;

- мүржалардағы үру кезінде жұмыс тоқтатылу керек;

- пештердегі отының жануының қалыпты тәртібін қадағалау қажет. Барлық форсункалар бір келкі жүктеліп, факельдердің ұзындықтары бірдей болуы керек;

- жану камерасын ауамен үрлегенше пештердің форсункаларын от алдыруға болмайды;

- форсункаларға газбен бірге конденсат келіп түскенде газ беруші вентильдерді тез арада жауып, конденсатты шығару керек;

- мұржалар жанып кеткен жағдайда пештерді пайдалануды апатты жою жоспарына сәйкес тез тоқтатау қажет.

Газ отынды мұржалы пештерді пайдалануға "газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері" бойынша бекітілген тәртіпте емтихан тапсырған адамдар ғана газ отынды қондырғыларда қызмет етуге хұқылы.

Резервуарлы парктерді пайдаланғанда күтуші персонал құбырлардың және барлық ілмекті арматуралардың тағайындалуы мен орналасу үлгісін білуі керек. Барлық резервуарларда үлгіге сәйкес реттік нөмірлері белгіленуі керек.

Резервуарлы парктің территориясындағы барлық өрт сөндіруші саймандар әрқашан өздерінің арнаулы орындарында толық жұмыс істеп тұруы керек.

Оператор өз кезекшілігінде резервуарларды қарап шығыуы керек. Ол ыдыстардың жапсарларынан сұйық ақса, ыдыстардан қалыпсыз шу естісе, сұйық ыдыстан асып кетсе және тағы да басқа кемшіліктер туралы басшылыққа хабарлап, журналға қолданған шараларды жазып отыруы қажет.

Резервуар түбінің негізгі металы немесе жапсарларында жырықтар пайда болса оларды тез босатып, тазалап жөндеуге дайындау керек.

Деэмульгаторларды қолданғана улы заттармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Деэмульгаторларды бөшкелерде сақтағанда

- қатты жабындымен;

- бөшкелерді күн сәулесінен қорғайтын қалқамен;

- бөшкелерді сақтау мен олардың жүйеге деэмульгаторларды бергенде көтерілуі үшін бейімделуіне арналған сталлаждармен;

- жасанды жарықтандырумен;

- құлыппен жабылатын қақпалар және периметрі бойынша тор қоршаулармен қамтамасыздандырылған арнайы қоймалармен (аландармен) жабдықталады.

Қоймалардың (аландардың) қақпалары мен қоршауларында осы заттар үшін бекітілген белгілер мен "У.Өрт қауіпті" деген жазу болуы керек.

Деэмульгаторларды бар бөшкелерді ашқанда ұшқын болдырмайтын арнайы кілттер мен саймандарды пайдаланған жөн.

Бөшкелердің саңылаусыздығын үнемі қадағалап, бүтін емес бөшкелерді тез босату керек.

Құбырларды, сораптарды, штангілерді басқа өнімдерді айдауға қолдануға болмайды.

Деэмульгаторлармен жұмыс істегенде жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі заттармен қоса арнайы киім, аяқ киімді пайдалану кажет.

Деэмульгаторларды тағайындалуы бойынша ғана қолдану керек. Деэмульгаторларды беті-қол жуу, арнайы киімдерді жуу мен тазалау, еден жу, қандайда бір ерітіндіні алу және тағы басқа мақсаттарда қолдануға болмайды.

Деэмульгаторлармен жұмыс істейтін адам деэмульгаторлардың қауіпсіздігі мен улылығы туралы хабардар болуы керек. Жарылыс, өрт және деэмульгатормен уланған кезде алғашқы көмек көрсете білуі керек.

Жұмыс аймағының ауасының құрамында деэмульгаторларды ерітуші булар болса А маркалы сүзгіш қорабы бар противогаздарды қолдану қажет.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет