1 геологиялық БӨлім 4 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



жүктеу 0.76 Mb.
бет8/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ




3.1 “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының ұйымдық сипаттамасы


“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасы жылы ұйымдастырылды. “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасын бастық басқарады, оған тікелей экономикалық сұрақтар бойынша бастықтың орынбасары, бас бухгалтер, еңбекті қорғау бйынша бас техникалық жетекші бағынады. Бұл қызметтердің барлығы ұйымдық жағынан бір-бірімен байланысты.

Сонымен қатар “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының бастығына бас инженер, құрылыс бойынша бастықтың орынбасары, қөлікпен қамтамасыздандыру бойынша орынбасар, бас геолог бағынады.

Әр орынбасар өз қарамағында сәйкесінше өз бағыттары бойынша тапсырмаларды орындайтын қызметтер, бөлімдер мен цехтарға ие.

“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының әкімшілік құрылымы 3.1-суретте көрсетілген.


3.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру


“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасы төрт ұйымдық бөлімшелердің тобынан құралған:

- басқару аппараты;

- инженерлік-техникалық қызмет;

- өндірістік қызмет базалары;

- цехтар мен кәсіпорыдар.

Соңғылары тікелей басқарма басшылығына бағынады.

Кәсіпорында бірлік өндірістік үрдіс негізі және көмекші үрдістерге бөлінеді.

Өндірістік басқарманың негізгі өндірістік үрдістері – мұнай және газ өндіру, құрғату, айыру мен тасымалдауға дайындау.

Көмекші үрдестердің мақсаты-негізгі үрдістер үшін қолайлы

өндірістік жағдай жасау. Оларға мыналар жатады:

- өндіріс құралдарын күту мен жөндеу;

- сумен қамтамасыздандыру;

- энергиямен қамтамасыздандыру;

- материалдық-техникалы жарақтандыру және тағы да басқалар.

Скважиналарды жер асты жөндеу бөлімшелері, мұнайды айдау мен дайындау цехы, жылумен жарақтандыру бөлімшесі басқарманың көмекші өндірісі болып табылады.

Көмекші үрдістер (бөлімшелер мен қызметтер) жұмысшыларды біртекті де қиын жұмыстардан алшақтатып, техникалық үрдіске қолайлы әсерін тигізді. Сонымен қатар төмендегідей үрдістерді атап кету қажет:

- көтеру және жүктеу жұмыстарындағы немесе еңбек құралдарының орнын ауыстырудағы көмекші үрдістер;

- бақылаушы-топтық қондырғыларда бекітілген талаптарға сай дайындалған еңбек құралдарын тексеру мен сынау бойынша;

- зерттеу-өндірістік үрдістердің қажетті параметрлері мен жағдайларын танып білу;

- геологиялық барлау - пайдалы қазбаларды барлау бойынша.


3.3 “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасындағы еңбек ақы мен еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктері


Кез-келген кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру, соның ішінде мұнай-газ өндіруші өндірістік басқармада да, жұмысшы кадрларды пайдалану, орналастыру мен дұрыс таңдауды қарастыратын ұйымның бөлігі болып есептеледі. Ол өндіріс құралдары мен жұмыс уақытын максимал тиімділікпен пайдалануды қамтамасыз етеді.

Еңбекті ұйымдастыру құрамына:



  • жұмыс орнын қадағалау мен ұйымдастыру;

  • жұмыс тәртібі;

  • жұмысшы кадрларды орналастыру;

  • еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

  • жұмысшыларды таңдау, дайындау және квалификацияларын жоғарылату;

  • жарыстарды ұйымдастыру кіреді;

“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасы бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарындағы тізімде 942 адам тұр, соның ішінде жұмысшылар 759 адам.

Жұмысшыларға еңбекақы төлеу уақытылы – премиалды, келісімді және жанама – келісімді еңбекақы жүйесі бойынша жүргізіледі. Жұмысшылардың орташа разряды ІV разрядты құрайды.

Басқармада соңғы қорытындыларда материалдық қызығушылықты арттыру мақсатында инженерлік-техникалық жұмысшылар, қызметкерлер мен жұмысшыларға премия беру туралы қаулы игеріліп бекітіледі.

Өндірістік басқарма бойынша 1 жұмысшының орташа еңбекақысы 2003 жылда 39 475 тенге, соның ішінде өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлердің орташа еңбекақысы 39 171,825 тенге.


3.4 Еңбекақы қорының есебі


Еңбекақы қорын дұрыс ұйымдастыру кадрлардың мәдениет-техникалық деңгейін арттыруда, оларды аудандар бойынша реттеуде, еңбек өнімділігін жоғарылатуда өте маңызды. Еңбектің саны мен сапасына сай ақы төлеу – объективті заңдылық. Еңбек өнімділігінің озық қарқынын қамтамасыз ету үшін еңбекақы да өсіп отыруы керек. Бұл – экономиканың дамуының міндетті шарты.

Еңбекақы саны мен сапасына сай еңбек етуші қызметшілер мен жұмысшылар арасындағы ақшалық нысандағы жоспарлы тәртіпті реттейтін ұлттық кірістің бөлімі.

Жоспарлы еңбек ақыны мемлекет бекітеді. Оның жалпы деңгейін, аудандар мен мамандықтар бойынша дифференциялануын, тарифтерін және еңбек ақының нақты жүйелері мен нысандарын анықтайды. Мұнай және газ өндіруші кәсіпорындарды шығындар деңгейін есептеу үшін қандай көрсеткіштерді пайдаланғанына байланысты еңбек ақының екі нысаны болады. Олар: келісімді және уақытылы.

Егер кәсіпорындағы жұмысшылардың саны немесе квалификациялары жоғарыласа немесе төмендесе негізгі еңбекақы бойынша шығындардың өзгерісі есептеледі (тікелей мұнай өндіруге қатысатын жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылар үшін). Жұмысшылар саны мен разрядтары өзгерген кезде жалақы қорының өзгеруін еңбекақы жүйесіне байланысты тарифтік ставка негізінде есептейді.

Егерде жұмысшылардың саны ғана өзгерсе, онда қызметкерлер категориясына сәйкес орташа жалақы бойынша еңбек ақы қорын үнемдеуді анықтау қажет.

Қазақстан Республикасында минималды жалақы 4200 теңге.

Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер (ӨӨҚ) еңбекақының мерзімдік түрінде жұмыс істейтінін ескере отырып, тарифтік коэффициентті тарифтік тордан алу керек.

1 разряд коэффициенті – 2

Қосымша жалақыны ескеретін коэффициентті негізгіден 25 пайыз деп қабылдап, 1,25-ке тең дейміз.

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан территориялық коэффициент - 1,14

Аудандық коэффициент – 1,1

Сонда:


ЕАҚ= Минималды жалақы х тарифтік коэффициент х айлар саны х аудандық коэффициент х территориялық коэффициент х қосымша жалақы коэффициенті х ӨӨҚ саны = 4200 х тарифтік коэффициент х 12 х 1,1 х 1,14 х 1,25 х ӨӨҚ саны = 79002 х тарифтік коэффициент х ӨӨҚ саны.

Басқару аппаратының қызметкерлері үшін:



ЕАҚАБП=4200х9,85х12х1,1х1,14х1,25х5 = 3 890 848,5 тенге

Қызметкерлер үшін:



ЕАҚҚЫЗМ=4200х6,87х12х1,1х1,14х1,25х30 = 16 282 312,2 тенге

Инженер – техникалық қызметкерлер үшін:



ЕАҚИТҚ=4200х7,39х12х1,1х1,14х1,25х148 = 86 406 067,44 тенге

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер үшін:



ЕАҚӨӨҚ=4200х5,95х12х1,1х1,14х1,25х759 = 356 776 982,1 тенге

Шаруашылықтың нарықтық жағдайына көшу барысында көптеген кәсіпорындар еңбекақының тарифсіз жүйесін пайдаланады. Берілген жүйе бойынша кәсіпорындағы бастықтан жұмысшыға дейінгі барлық қызметкерлердің жалақысы қызметкердің еңбекақы қорындағы немесе бүкіл кәсіпорындағы үлесін құрайды.

Бұл жағдайда әрбір қызметкерлердің жалақысының нақты көлемі бірнеше факторларға тәуелді:


3.1 – кесте “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының 2003 жылғы ЕАҚ есебі (негізгі және қосымша).

Контингент

Айлық, теңге

Штаттық бірліктер саны

Жалақының жылдық қоры, теңге

1 АБҚ

2 Қызметкерлер

3 ИТҚ


  1. ӨӨҚ

Барлығы

Аудандық коэф.

Негізгі жалақы

Қосымша жалақы

Барлығы


64 847,475

45 228,645

48 652,065

39 171,825

197 900,01


5

30

148



759

942


3 890 848,5

16 282 312,2

86 406 067,44

356 776 982,1

463 356 210,2

4 633 562,102

342 883 595,5

115 839 052,6

463 356 210,2

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет