1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


Гоминьдан: революциядан реформаларға дейін. Гоминьдан идеологиясы. 1920-1930 жж. Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы күрес



бет13/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

13. Гоминьдан: революциядан реформаларға дейін. Гоминьдан идеологиясы. 1920-1930 жж. Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы күрес.
20 жылдардағы ұлттық революцияның негізгі қорытындысы саяси құрылыстың ауысуы болды. Қытайдың соғыс жолымен бірігуінен соң солтүстік милитаристерінің бақылауында болған бұрынғы билік жүйесі гоминьданның бір партиялық айқын авторитарлық сипатты (Чан Кайшидің жеке басының) билігімен ауыстырылды. Гоминьдандық тәртіп Қытайдың капиталистік дамуын жақтады, жеке меншік иелерін кедейлердің қол сұғуынан қорғады, коммунистерге қарсы соғыс ашты. Сонымен бірге ұлтшылдық ұрандар мен самарқау әлеуметтік реформаларды пайдаланып, өзінің әлеуметтік негізін кеңейтуге тырысты. Сыртқы саясаттың ең басты бағытын Гоминьдан өзінің 1924 жылғы бірінші конгресінде жариялаған мақсаттарына сәйкес тең құқықсыз келісімдер мен шарттарды тезірек жою деп санады. 1928 жылдың өзінде-ақ Нанкин үкіметі Қытай нарығын шетелдік бәсекеден қорғайтын кеден автономиясын қалпына келтіретіндігін жария етті. Ұлттық рыноктың дамуына тұсау болған ішкі кедендік кедергілер де жойылды. Келіссөздер арқылы үкімет 33 концессияның 20-сын Қытайға қайтарды. Оның есесіне Гоминьданның ұлттық қайта құру жоспарларын көмек алу жөніндегі есебі түгелдей сәтсіздікке ұшырады. Қытайдың сыртқы саяси жағдайы жапон қарулы шапқыншылығы басталғаннан кейін күрт шиеленісті.
1931 жылы Жапония Маньчжурияны басып алды. Гоминьдан үкіметінің жбатыс елдерге жапон басқыншылығын тоқтату туралы өтініштері сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жағдай Чан Кайшиді 1935-1936 жылдары тағы да Кеңес Одағынан әскери және қаржылай көмек көрсету жөнінде өтініш жасауға мәжбүр етті. Ішкі саясат саласында Гоминьданның әрекеті орталық билікті нығайтуға, экономика- са лық жоспарлау элементтері бар мемлекеттік реттеу тәртібін енгізуге, өндірісті ынталандыруға, таптық қайшылықтарды бәсеңдету мақсатында ішінара әлеуметтік реформалар жүргізуге, ақырында, коммунистердің қарулы күштеріне қарсы аяусыз соғысуға бағытталды. Кейбір бағыттарда бұл саясат тиімділігін де байқатты. Мемлекеттік банк жүйесі құрылды. Өнеркәсіпте, транспортта мемлекеттік сектор нығайды. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында қытай өнеркәсібінің негізгі салалары жылына 6 %-дан астам өсім беріп отырды. Прогрессивті сипаттағы жұмысшы қозғалысына бақылау орнатып, одан коммунистерді аластауға қолы жетті. Бірақ гоминьданның аграрлық заңдары орындалмады. Ауылдағы билік бұрынғыша сол жерлердегі өсімқор топтың қолында қала берді. Гоминьдан режимі нің ішкі және сыртқы саясат салаларындағы қол жеткен табыстары Қытайдың түбегейлі мәселелерін шешпегенімен коммунистердің әлеуметтік негізін тарылтып, Қытайдағы «кеңес қозғалысын» жеңіліске ұшыратты.
1920-30 жылдардағы Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы курес. Ұлттық-революциялық лагерьдегі алауыздық Қытай революциясының дамуында екі бағыттың арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде пайда болды. Чан Кайши және Гоминьдан басшыларының көпшілігі орталық билікке қолдары жеткеннен кейін революция аяқталды деп есептеп, Қытайда жеңіл реформалар арқылы капиталистік жолмен жаңғырту қажет деп есептеді. Қытай компартиясының бағдарламасы басқаша болды: революцияны әрі қарай жалғастыру, пролетариат гегемониясын орнату, аграрлық революцияны өрістету, банктерді, рудниктерді, теміржолдарды, пароход компанияларын, ірі кәсіпорындарды, фабрикаларды тәркілеп, мемлекет меншігіне алғанша буржуазияға саяси және экономикалық шабуылды тоқтатпау керек деп санады. Гоминьдан мен компартия арасындағы күрес жиырма жылға созылған азамат соғысына айналып, 1949 жылы аяқталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет