1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


Қытайдағы тайпин шаруалар көтерілісі. Соғыстың кезеңдері. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы



бет10/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

10. Қытайдағы тайпин шаруалар көтерілісі. Соғыстың кезеңдері. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.
Апиын соғыстары және оны аяқтаған келісімдер Цин династиясын әлсіретіп, қытайдың экономикасына суропалықтардың бақылауын күшейтті және қытайдың суверенитетіне зиян келтірді. Онымен қатар, 1849 жылғы ашаршылық Қытайдың оңтүстік аудандарының бәрін қамтыды. Бұл жағдайлар халық көтерілісін одан әрі өршітті. Қозғалыстың орталығы Гуандун
және Гуанси провинциялары болды. Елде бүлікшілер жөнінде әр түрлі мәліметтер тарай бастады - бұрымы кесілген (маньчжурларға бас имеушілік нышаны) және бастарына қызыл орамал таққан адамдар (көтерілісшілердің ерекше белгісі) туралы хабарлар көбейді. Бұқара халықтың әлеуметтік қозғалысы діни сипатқа ие болды. Бастапқыда бұл толқулар «Құдайға табыну қоғамы» атты христиандық секта ретінде танылды. Кейін, оның жетекшісі, идеологі Хун Сюцюань 1843 жылы Қытай оңтүстігінде өз жақтаушыларын жинап, ірі қозғалысқа шықты. Хун Сюцюань (1814-1864) Гуаньдун провинциясының шаруа жанұясынан шыққан, ауыл мұғалімі еді. Көтерілісшілердің басым бөлігі шаруалар, кеншілер, үйсіз кедейлер тобынан, сонымен қатар көпестер мен кейбір ірі жер иелерінен құралды. Қозғалыстың ұраны
- маньчжурларға қарсы күрес, кедейлер мен байларды теңестіру болды.
1851 жылы көтерілісшілер Қытайдың оңтүстігін жаулап алып, жаңа Тайпинь тяньго - «Ұлы игілікті аспан мемлекетінің» құрылғаны туралы жариялады. Тайпиндер мемлекетінің астанасы Нанкин қаласы болды. Хун Сюцюань император болып тағайындалды.
Көтеріліс екі кезеңнен тұрды:
- Бірінші кезең - 1850-1856 жж. - көтерілістің басталуы, тайпин мемлекетінің
құрылуы;
- Екінші кезең - 1857-1864 жж. - ішкі дағдарыс, әскери сәтсіздік және көтері-
лісшілердің жеңілісі.
Көтерілісшілердің құрған мемлекеті діни сипатта болғанымен, шын мәнінде әскери мемлекет еді. Бастапқыда теңдік ұраны насихатталғанымен, кейін тоталитарлық тәртіптің көріністері көбейді. Қозғалыстың басшылары тез байып, үлде мен бүлдеге бөленді. Олардың бұл қылығы көтерілісшілер ортасында идеялық алшақтықты тудырды және қозғалыстың жалпы әлсіреуіне алып келді. Сондықтан бұл көтеріліс қаншама кең аумаққа таралып, біраз уақытқа созылғанымен, түбінде жеңіске жете алмайтын еді. 14 жылға созылған тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталды.
Тайпиндер көтерілісінің жеңілу себептері - қозғалыстың жетекшілігі мен ұйымдастырылуының нашарлығы; 1860 жылға дейін бейтараптылық ұстанған еуропалық державалардың, енді елдегі жағдай оларға тиімсіз болғандықтан, көтерілісті басу үшін Цин өкіметіне қару-жарақ және оқ-дәрімен көмегі; Қытай халқына жат христиан дінін тайпин көсемдерінің ұран етуі.
Хун Сюцюань, Ян Сюцин сияқты көтеріліс басшыларының, төңірегіне жиналған халықты әрі қарай көздеген мақсаттарына жету үшін жетелеуге қабілеттері болмады. Тайпиндер көтерілісі 1864 жылы күшпен басылды, Қытайда маньчжурлардың Цин билігі қайта орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет