1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


ІІІ Селимнің ішкі және сыртқы саясаты. Мұстафа Рашид Паша және оның қызметі



бет14/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

14. ІІІ Селимнің ішкі және сыртқы саясаты. Мұстафа Рашид Паша және оның қызметі.

XVIII ғасырдың екінші жартысында империядағы ішкі дағдарыс кең етек алды. Қазына ортайып, жаулап алушылық соғыстарының сәтсіздігі, янычарлар көтерілісі, пашалар мен аяндардың өз беттерінше билік жүргізе бастауы, империя құрамындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі және бірқатар облыстардың бөлінуі кең стек алды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформаларды 1789 жылы таққа отырған III Селим сұлтан (1789-1807) бастаған болатын. 1792-1796 жылдары Селим әскерді қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, әскери флот құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Еуропалық ғылыми еңбектер мен әскери ережелер жинақтары түрік тіліне аударылды. III Селим сұлтан жүргізген шаралар «низам-и-джадид» (жаңа жүйе) деген атқа ие болды. «Жаңа жүйе» қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың негізін өзгертуге емес, оны жаңалауға және күшейтуге бағытталды.


III Селим реформалары қолайлы жағдайда экономика мен әскери істің прогресіне әкелуі мүмкін еді. Бірақ ондай қолайлы жағдай тумады, сондықтан реформа халық жағынан да, жаңа құрылған әскерге қарсы болған янычарлардан да қолдау таппады. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары да реформаларды жақтаған жоқ, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айыры латынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар әскери салада жүргізіліп жатқан жаңалықтар, янычарлар корпустарын жояды деп түсініп, сұлтанға қарсы бүліктерді бастады. Сонымен қатар, реформалардың жүзеге асуына сыртқы жағдайлар да кедергі болды: Наполеонның Египетке басып кіруі (1798), Ресеймен соғыс.
1807 жылы янычарлар көтерілісі салдарынан III Селим тақтан құлатылып, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылай сәтсіздікпен аяқталды.
Билікке келген жаңа сұлтан IV Мұстафа (1807-1808) янычарлар мен улемдерді қолдап, барлық реформаға тыйым салады. Бұған наразылық танытқан реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделді билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегіне топтаса бастайды. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырады. Бірақ әскерлер Стамбулға жақындап қалған кезде III Селим адам қолынан қаза табады. Ал Байрақтар Стамбулға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның орнына II Махмұд (1808-1839) отырғызылады. Байрақтардың өзі бас уәзір болып тағайындалды. Елде реформалар қайта басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде III Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Порта (Түрік үкіметі) мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады. Сол үшін белгілі, ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкімет адамдарымен бірге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келісімді» бекітуге үгіттейді. Байрақтардың бұл жоспары іске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлік ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық әрекеттері жойылады, жақтастары өкіметтен алыстатылады.
Жалпы алғанда бұл реформалар, нарықтық қатынастардың қалыптасуына ықпал етті, бірақ империяның дәстүрлі саяси-әлеуметтік негізіне әсер етпеді.
Мұстафа Рашид Паша және оның қызметі. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Осман империясында реформалардың жаңа кезеңі басталды. бұл реформалар танзимат деген атауға ие болды. Танзимат реформалары екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең - 1839-1853 жылдар аралығы, яғни Қырым соғысының басталуына дейінгі кезең.
Екінші кезең - 1856-1871/1872 жылдар аралығы, конституцияны қабылдауға
дейінгі кезең.
Танзимат міндеттері:
- Империяның экономикалық, саяси, сыртқы саяси жағдайын нығайту;
- Туркияда капитализмнің орнауына жағдай туғызу;
- Мемлекеттің құлдырауының алдын алу, ұлт-азаттық қозғалыстың ұшынуын тоқтату.
Бұрынғы реформалармен салыстырғанда, танзиматта басты орынды әскери емес, әлеуметтік-экономикалық реформалар алды. Бұл қайта құру идеясының басты авторы Мустафа Решид паша (1800-1858) еді. Ол 1869 жылы 3 қарашада Гюльхане саябағында өзі құрған «Гюльхане хатт-и шериф» атты жарлығын жария етті. Мустафа Решид паша - сыртқы істер министрі, премьер-министр қызметтерін атқарған, ұзақ уақыттар бойы Франция мен Англияда өмір сүрген, терең ойлы, көреген қайраткер болған.
Гульхане жарлығы үш бөлімнен тұрды: Біріншіден, нәсіліне, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық азаматтарының өмірін, ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Екіншіден, салықты жинау мен бөлуді реттеу. Үш. Үшіншіден, әскери қызмет мерзімін қысқарту, жауынгерлерді әскерге алу ережелерін жаңарту.
Хатт-и шерифте алдыға қойылған міндеттер, халық пен үкіметтің бірлігі болғанда ғана жүзеге асатыны айтылды. Реформа авторлары Империяға, көпұлтты елді біріктіретін мемлекеттік идеология қажет екенін түсінді. Осындай идеология ретінде османизм жарияланды. Османизм жақтастары түрік державасында өмір сүретін «барлық халықтардың теңдігі мен бірлігін» паш етті. Кейін бұл османизм идеясы, жас түріктер қозғалысының идеологиясына айналады.
Осман империясында Хатт-и шериф идеялары мұсылмандардың да, христиандардың да қарсыластығын тудырды. Мұсылмандар «кәпірлермен» бірге болуға қарсы болса, христиандар өз кезегінде тәуелсіз, жаңа мемлекет құрғылары келді. Дегенмен, танзимат барысында біраз игілікті шаралар да іске асырылды: жер туралы заң, қылмыстық іс және азаматтық іс кодекстері қабылданды. Сұлтан таққа ресми түрде отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды. Танзиматтың бірінші кезеңі осындай жетістіктерге ие болып, елдің алдыға жылжуына ұйытқы болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет