1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


-1859 жж. Үнді халқының көтерілісі. Көтерілістің басты орталықтары, қозғаушы күші. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары



бет12/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

12. 1857-1859 жж. Үнді халқының көтерілісі. Көтерілістің басты орталықтары, қозғаушы күші. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары.

Үндістандағы отарлаушыларға қарсы алғашқы және ауқымды көтеріліс, дәл осы сипайлардан бастау алды. Көтерілістің басты себебі - сипайларға әкелінген жаңа «Энфильд» мылтығы. Бұл мылтықтың капсюльді құлпысы болатын. Мылтықты оқтау үшін алдымен сол капсюльді қағазынан тістеп ашу қажет болды. Ал қағаз болса сиыр яки доңыздың майымен майланған. Доңыз - мұсылмандар үшін лас хайуан болса, сиыр - үнділер үшін қасиетті жануар екені белгілі. Сипайларды саналы түрде сенімдері бір-біріне қарама-қайшы келетін халықтардан жасақтаса да, бұл наразылық мұсылмандар мен үнділердің ағылшындарға қарсы бірігуіне себеп болды. 1857 жылы 29 наурызда 34-інші Бенгал полкінің сарбазы 29 жасар Менгал Панди мылтықты оқтауға қарсы шықты. 6 сәуірде бұйрықты орындамаған Пандиді ағылшындар өлім жазасына кесіп, екі тәуліктен соң дарға асты. 24 сәуірде Делидің солтүстігінде орналасқан Мератх (Мирут) қаласындағы әскери бөлімшеде оқу-жаттығу шаралары өтіп жатады. Бірақ, май жағылған оқ-дәрілерден хабардар болған сипайлар жаңа қаруды сынаудан бас тартады. 90 сипайдың 85-і оқ-дәріні аузымен ашпай қояды. Олардың барлығын британдық басшылар 10 жылға бас бостандығынан айырып, иықтарынан погондарын жұлып, каторгалық жұмысқа айдауға үкім шығарады. Нәтижесінде, Мератх сипайлары жаппай наразылық білдіріп, қарулы көтеріліске шықты. Сипайлардың оқ-дәріге қарсы наразылығынан басталған бұл көтеріліс, кейін отаршыларға қарсы жалпыхалықтық көтеріліске ұласып кетті. Көтерілісшілер Дели, Канпур және Ауда провинциясының астанасы - Лакхнау қалаларын басып алды. Сипайлар Делиде отырған моғолдар династиясының өкілі Бахадұр Шахты (1775-1862) халықты басқаруға, оны біріктіріп, императорлық билікті қайта құруға шақырды. Бахадұр Шахтың барлық үндістан- дықтарды отан үшін бірігіп, отаршыларға қарсы күресуге шақырған үндеуіне қол қойылды. Бахадұр Шах көтерілісте маңызды рөл атқармағанымен, көтерілісшілер оны «Азаттық жолындағы күрестің басшысы», «Үндістанның жоғарғы әміршісі» - деп жариялады.


Ағылшын полковнигі К. Янг өз естелігінде былай деп жазды: «Жаңа оқ-дәрі- лерді пайдаланудан бас тарту көтерілістің басталуының қарапайым сылтауы болды. Оны үнділер мен мұсылмандар алдын ала ойластырып та қойған. Көтерілістің шын себебі ағылшындардың ақылсыз билік жүргізуінен, түсініксіз бейберекет саясаттан, Ауд королінің тақтан түсірілуі мен оның жерінің зорлықпен тартып алынуы сипайлар отбасылары мен сол аймақтан келгендер арасында қатты наразылық тудырғандығына күмәндануға болмайды».
Жергілікті халықтың қолдауына ие болған сипайлар көтерілісі скі жылға созылды. Британдық отаршыл билікте біріккен халық көтерілісін тез басу үшін, ағылшындар олардың ішіне дінаралық араздықты туғызатын тәсілдерді пайдалануға барынша тырысты. Олар ең алдымен, радикалды мұсылмандарға дем беріп отырды. Бұрын Ұлы Моғол императорлары үнділердің сиырды қасиетті жануар деп санаған сенімдерін ескеріп, Құрбан айт мейрамдарында құрбандыққа тек қойды шалу туралы жариялап отыратын. Ал ағылшындар болса, 1857 жылы 1 тамызда мұсылмандардың құрбан айт мейрамы кезінде алдын ала ойластырылған жоспар бойынша қой атаулының бәрін жоқ етуге тырысып, мұсылмандар тұратын аумақтарға көптеп сиырды толтырады. Қой таба алмаған мұсылмандар қолдарындағы бар сиырын құрбандыққа шалып, жергілікті үнділермен қырқысып, мереке күндері қан төгіледі.
Осылайша британ әскерлері көтерілісшілердің қалаларын бірінен соң бірін асқан айлакерлікпен жаулап ала бастайды. 1858 жылы қыркүйек айында ағылшындар Дели қаласын қайтарып алды, көтеріліс толық басылды. Бахадұр Шах тұтқынға алынып, оның екі ұлы мен бір немересі ату жазасына кесіледі. Бахадұр Шах Рангун жеріне айдауға жөнелтіліп, сол жерде Ұлы Моғолдардың соңғы падишахы 1862 жылы дүние салады.
Сипайлар көтерілісінің жеңілу себептері: Біріншіден, жеңілістің басты себебі көтерілісшілерде нақты іс-қимыл жоспарының болмауы. Бенгал әскерінде офицерлік қызметті көбіне ағылшындар атқарды. Өздерінің ағылшын командирлерінен кеткен сипайлар дәрменсіз жағдайға түсті.
Екіншіден, көтерілісшілер арасында идеялық бірлестік те болған жоқ. Көтеріліс лидерлері қарама-қайшы шарттар қоюмен болды. Мұсылмандар Ұлы Моғол империясын жаңғыртқысы келсе, үндістер тәуелсіз Үнді князьдіктерін құрмақшы болды.
Үшіншіден, көптеген Үнді князьдіктері тіпті көтеріліске қатысқан жоқ, олар қа- ағылшындар жағына шықты. Оған мысал, сикхтар, маратхалар және тағы басқалардың позициясы.
Төртіншіден, көтерілісшілердің әскери білімдерінің аздығы, қорғаныс тактикасының нашарлығы алдыңғы қатарлы ағылшын әскери стратегиясына қарсы тұра алмады. Көтерілісшілер жасақтары жаулаушылық соғыстарда шыныққан колониалдық әскерлерге қарағанда әлсіздеу болды. ни
1857-1859 жылдардағы халық көтерілісінің басты нәтижелерінің бірі, Ост-Үн- ді компаниясының мүмкіндіктерінің шектелуінде еді. Енді Үндістан Ұлыбританияның колониясы болды. Сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгізіле бастады. Үндістан істері жөніндегі арнаулы министрлік құрылды. Үндістандағы әкімшілік билік вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторларға берілді. Үндістанда жаңадан үш университет ашылып, оларда сабақ ағылшындық білім бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде жүрді. Ағылшындар үнділердің ішкі салт-дәстүрлеріне араласпайтыны жөнінде уәде берді. Елге сәл жеңілдіктер жасалды. Жергілікті ауқатты топтар мен кейбір шаруа- қауымдастықтар жекеменшікке жер иеліктерін алды. Ал қалған шаруалар жерді не сатып алуы, не жалға алуы тиіс еді. Бірақ, бұл жеңілдіктерге қарамастан шаруалардың жағдайы күрт нашарлап, елді жаппай ашаршылық жайлай бастады, ал үкімет бұған қарсы ешқандай шара қолданбады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет