1. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
nschoice rules kaz

Сақтандырушы 
– 
Жазатайым оқиғадан ерікті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру 
құқығына лицензиясы бар және сақтандыру жағдайы басталған кезде пайдасына Сақтандыру 
шарты жасалған тұлғаға (пайда алушыға) Сақтандыру шартында айқындалған сома (сақтандыру 
сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті "Сентрас Иншуранс" сақтандыру 
компаниясы" акционерлік қоғамы; 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 3
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
Сақтандыру жағдайы - Сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы орын 
алған кезде Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы. 
Сақтандыру сыйлықақысы - Сақтанушының сақтанушыға (Пайда алушыға) Сақтандыру 
шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін 
Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда 
алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы; 
Франшиза – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босатуды 
көздейтін Сақтандыру шартының талабы. Сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолютті 
мөлшерде белгіленеді. 
Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген сомасынан аспайтын залал 
үшін жауапкершіліктен босатылады және егер оның сомасы франшизадан көп болса, залалды 
толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген франшиза 
шегеріле отырып өтеледі. 
Жазатайым оқиға - Сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық 
немесе термикалық әсер ету нәтижесінде тұлғаның еркінен тыс басталған, денсаулығына зиян 
келтіруге, мертігуге не өлімге әкеп соққан кенеттен, қысқа мерзімді оқиға (жағдай). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет