«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
СЕ - 42
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру
ережелері
2020 ж.19.10. № 2 басылым
18-беттен 4
2014 жылғы 25 тамыздағы №1
басылымның орнына
шаңғы, коньки, су шаңғысы, теннис, гольф ойындары, парашютпен секіру, тарзанка, рыцарлық
турнирлерге, спартакиадаларға қатысу және т.б.
4. Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал
Сақтандырушы Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда
алушыға Сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін
жүзеге асыруға міндеттенеді.
5. Сақтандырушы Сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен
және мерзімдерде сақтандыру
сыйлықақысын төлеген жағдайда, сондай-ақ Сақтанушы (Сақтандырылушы) шартта
белгіленген барлық сақтандыру талаптарын орындаған кезде жазатайым оқиға нәтижесінде
Сақтандырылушының
қайтыс болуы, еңбекке қабілеттілігінен (жалпы немесе кәсіптік) толық
немесе ішінара жоғалуы (толық немесе ішінара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілген
жағдайда сақтандыру қорғанысын ұсынады.
2. Сақтандыру объектісі
6. Сақтандыру объектісі жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының қайтыс болуы,
еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) айрылуы (толық немесе ішінара)
немесе
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда сақтандыру төлемін (тіркелген сомаға
және/немесе шығыстарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде) жүзеге асырумен
байланысты Сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін мүліктік мүдделері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: