1. Жалпы ережелер


Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаю салдары



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
nschoice rules kaz

7. Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаю салдары 
37. Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) дереу жазбаша 
түрде, бірақ осындай өзгерістер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, 
егер бұл өзгерістер Сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-
жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру 
тәуекелінің ұлғаюына (қызмет және/немесе тұру аумағының, өндіріс технологиясының, еңбек 
режимі мен жағдайларының өзгеруі, қызметкерлер санының ұлғаюы) елеулі әсер етуі мүмкін 
болса, Сақтандырушыға хабарлауға міндетті. 
38. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген 
Сақтандырушы Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді және сақтандыру тәуекелінің 
ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы. 
39. Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы тұлға Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге 
немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы 
Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысы 
қайтарылуға жатпайды. 
40. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушының 
Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқығы жоқ. 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 10
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
8. Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі іс-әрекеті 
41. 
Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы (Сақтандырылушы) міндетті: 
1) Қажет болған жағдайда Сақтандырушы тағайындаған дәрігерді немесе тәуелсіз 
сарапшыны тарта отырып, жазатайым оқиғадан зардап шеккен Сақтандырылушыны 
Сақтандырушының өкіліне өз бетінше тексеру жүргізуге мүмкіндік беруге; 
2) Болған жағдай туралы құзыретті органдарға дереу хабарлау және оқиғаны құжаттап 
тіркеуге (медициналық қызметтерге, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрліктеріне 
және басқа да құзыретті органдарға, қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарлауға міндетті); 
3) Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап 3 (үш) 
жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыға немесе оның өкіліне кез келген 
қолжетімді тәсілмен жазбаша хабарлауға міндетті. Сақтанушы (Сақтандырылушы) қайтыс 
болған жағдайда, Сақтандырушыға хабарлау мерзімі Пайда алушы сақтандыру 
жағдайының басталғаны туралы білген кезден бастап 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады; 
4) Сақтандырушыға дереу жүгінуге және оның өкілінің келуін күтуге не оның одан әрі 
нұсқауларын алуға; 
5) Сақтандырушыға не оның өкілдеріне келтірілген залалдың себептерін тексеру және оның 
мөлшерін белгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, залалдың алдын алу және оны азайту 
жөніндегі іс-шараларға қатысуға құқығы бар; 
6) Жазатайым жағдайдың туындау мән-жайларын көрсете отырып, сақтандыру жағдайының 
басталуы туралы белгіленген нысанда жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тізбесі осы 
Ережелердің 8-бөлімінде айқындалған сақтандыру жағдайының себептерін анықтау және 
залал мөлшерін айқындау үшін Сақтандырушы талап еткен барлық құжаттарды ұсынуға 
міндетті. Егер Сақтанушы Сақтандырылушы болып табылмаса, мұндай міндет 
Сақтандырылушыға жүктеледі. Егер Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы 
Сақтандырылушының қайтыс болуы болып табылса, онда Сақтандырушыны сақтандыру 
жағдайы туралы хабардар ету міндеті Сақтанушыға, егер ол бір мезгілде Сақтандырылушы 
болса – онда Пайда алушыға жүктеледі; 
7) Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруде уәкілетті органның 
және Сақтандырушының өкілдеріне жәрдемдесуге міндетті. 
41. Сақтанушы медициналық көмекке жүгінуге және дәрігердің нұсқауларын ұстануға, сондай-ақ 
жазатайым оқиғаның салдарын азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға құқылы. 
42. Пайда алушы Сақтанушының немесе Сақтандырылушының сақтандыру жағдайы орын алғаны 
немесе жасамағанына қарамастан, барлық жағдайларда Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы 
орын алғаны туралы хабарлауға құқылы. 
43. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы хабардар етпеу, егер 
бұл Сақтандырылушы (Сақтанушы) Сақтандырушыны уақтылы хабардар ете алмайтын 
жағдайларға байланысты болмаса, оған сақтандыру төлемінен бас тарту құқығын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет