«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
СЕ - 42
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру
ережелері
2020 ж.19.10. № 2 басылым
18-беттен 6
2014 жылғы 25 тамыздағы №1
басылымның орнына
14) кез келген консервативті және хирургиялық емдеу;
15) пластикалық операциялар, косметологиялық емдеу және сыртқы келбеттің немесе дене
ауытқуларының кемшіліктерін жоюға байланысты басқа да емдеу түрлері;
16) өзіне қасақана дене жарақатын салу немесе қасақана дене мүшесін зақымдау, оның ішінде
аффект жағдайында болу;
17) Сақтандырушыға, Сақтанушыға немесе оның өкілетті өкілдеріне белгілі сақтандыру
жағдайының басталу тәуекелін елеулі арттыратын мән-жайларды
жасыру немесе уақтылы
хабарламау;
18) апоплексиялық соққы, эпилептикалық ұстамалар немесе басқа ұстамалар, конвульсиялық
ұстамалар;
19) жүктілік және босану;
20) жолаушы ретінде тіркелген авиакомпаниялармен ұшудан басқа кез келген әуеде ұшулар;
21) Сақтандырылушының кез келген түрдегі жарыстарға қатысуы;
22) Сақтандырылған тұлғаның кәсіби негізде спорттық іс-шаралар мен жарыстарға қатысуы;
23) Сақтандырылушының спорттың экстремалды түрлерімен; аңшылықпен; су астында
жүзумен; спелеологиямен айналысуы;
24) әскери және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру немесе тиісті оқу;
25) мемлекеттік және ведомстволық органдардың өкімдері;
18. Сақтандырылушының (Сақтанушының) қауіпті жұмыс түрлерін жүзеге асыру кезінде заңнама
талаптарын сақтамауы.
19. Сақтандыру төлемі мына жағдайларда жүзеге асырылмайды:
1) Сақтанушының сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы
көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы;
2) сақтандыру жағдайынан болған шығындарды азайту жөнінде қасақана шаралар қолданбау;
3) Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайын тергеуге
және оған келтірілген
залалдың мөлшерін анықтауға кедергі келтірген жағдайларда тоқтатылады;
4) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе
уақтылы хабардар етпеу;
5) Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға
өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ Сақтандырушыға талап қою
құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартқан
жағдайларда жүргізіледі. Егер сақтандыру төлемі жүзеге асырылған болса, Сақтандырушы
оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы;
6) Егер сақтандыру жағдайы басталған сәтте Сақтандыру шарты күшіне енбесе немесе өз
әрекетін аяқтаса;
7) Сақтандыру жағдайы құзыретті органдарда (Қазақстан Республикасы Ішкі істер, денсаулық
сақтау және т.б. министрліктердің органдарында) құжатталмаған болса;
8) жазатайым оқиға оны болдырмау үшін ақылға қонымды шараларды қабылдамаудың, атап
айтқанда, белгіленген және жалпы қабылданған қауіпсіздік
ережелері мен нормаларын,
қауіпті объектілерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтамаудың, сондай-ақ қандай
да бір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген стандарттарды, ережелерді,
заңдарды немесе ведомстволық нормативтік құжаттарды сақтамаудың нәтижесі болып
табылды;
9) Сақтандырушының сақтандыру жағдайының себептерін, мән-жайларын және оның
салдарларын анықтауы үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді бермеуі.
10) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және/немесе пайда алушының Сақтандыру
шартында айтылған талаптар мен шектеулерді сақтамауы.
20. Сақтандырумен моральдық залал; үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі
шығыстар; әкімшілік айыппұлдар,
мемлекеттік баждар, алымдар және т.б.; Іс жүргізудің
үзілісімен, жіберіп алған пайдамен, бағамдық айырмашылықпен, міндеттемені орындаудың
мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбымен (айыппұлдармен, өсімпұлдармен)
«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
СЕ - 42
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру
ережелері
2020 ж.19.10. № 2 басылым
18-беттен 7
2014 жылғы 25 тамыздағы №1
басылымның орнына
байланысты қаржылық шығындар және т.б.; егер бұл шығындар сақтандырушы өтеуге тиіс
залалдарды болғызбауға немесе азайтуға байланысты болмаса, сот, сараптама шығындары
өтелмейді.
21. Бұрын жүргізілген сақтандыру төлемдерінің және тиесілі сақтандыру төлемінің жалпы
мөлшері белгілі бір Сақтандырылушы үшін Сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру
сомасынан асып кеткен жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру
төлемін осындай асып кету
бөлігінде жүзеге асырмайды.
22. Сақтандыру шарты Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында келісілген, заңнамаға қайшы
келмейтін өзге де шарттарда жасалуы мүмкін, сақтандыру жағдайларынан алып тастаудың
нақты тізбесі Сақтандыру шартында айқындалады және келісіледі.
Достарыңызбен бөлісу: