1. Жалпы ережелер


Сақтандырылушының жарақаты -



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
nschoice rules kaz

Сақтандырылушының жарақаты - "Сақтандыру төлемдері мөлшерінің кестесінде" (№3 
қосымша) көзделген, жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының тіндері мен 
органдарының анатомиялық тұтастығының бұзылуы, олардың функцияларының бұзылуымен 
қатар жүруі.
Еңбекке қабілеттіліктен уақытша айрылу (уақытша еңбекке жарамсыздық) - еңбекке және 
оқуға қабілеттілігі жоғалтылатын жазатайым оқиға нәтижесінде алынған жарақаттан туындаған 
функциялардың бұзылуы уақытша, қайтымды сипатта болатын организмнің жай-күйі. 
Мүгедектік - тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп 
соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың 
зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы 
бұзылған адамдарға уәкілетті органның шешімімен белгіленетін санат;
 "Мүгедек бала" - жазатайым оқиғаның басталуы салдарынан тіршілік-тынысының шектелуіне 
әкеп соқтыратын организм функциялары тұрақты бұзылған 18 жасқа дейінгі адамдарға уәкілетті 
органның шешімімен белгіленетін санат. 
Медициналық шығындар - денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге не өлімге әкеп соққан 
жазатайым оқиғаның салдарын жоюға және (немесе) тоқтата тұруға бағытталған медициналық 
қызметтер кешенін көрсетуге байланысты шығындар. 
Емдеуге жатқызу бойынша шығындар - Сақтандырылушының медициналық мекемеде 
стационарлық емделуінен туындаған, қажеттілігі Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде 
болған оқиғадан туындаған, 24 сағаттан астам үздіксіз жалғасатын шығындар. 
Репатриация - Сақтандырылушы тұлғаның сүйектерін жерлеу орнына ең жақын әуежайға дейін 
тасымалдау. 
Сақтандыру арқылы қорғану әрекетінің кезеңі - Сақтандырушыда сақтандыру жағдайы 
басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті туындайтын кезең. 
Сақтандыру арқылы қорғау - Сақтандырушының шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру 
арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру 
төлемін тиісті тұлғаға жүзеге асыру міндеттемесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет