16. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
106.
Егер Тараптар өз міндеттемелерін тиісінше орындау еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-
жайларының, яғни Тараптардың Сақтандыру шарты бойынша
міндеттемелерін орындауы
мүмкін болмайтын төтенше және орындалмайтын мән-жайлардың салдарынан мүмкін
болмағанын дәлелдесе, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
107.
Тараптардың кез келгенінің Сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерін толық немесе
ішінара орындау мүмкін болмайтын
мән-жайлар басталған кезде, оларды орындау мерзімі
осындай мән-жайлар қолданылатын уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі.
108.
Егер форс-мажорлық жағдайлар үш
айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың
әрқайсысы Сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерін одан
әрі орындаудан бас тартуға
құқылы. Бұл жағдайда Тараптардың бірде-бірінің екінші Тараптан Сақтандыру шартын бұзу
арқылы келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқығы жоқ.
109.
Сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған Тарап жиырма күн
мерзімде екінші Тарапты міндеттемелерді орындауға кедергі
келтіретін мән-жайлардың
басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге тиіс.
17. Дауларды шешу тәртібі
110.
Сақтандырушы мен Сақтанушы (Пайда алушы) арасында туындайтын
Сақтандыру шарты
бойынша дауларды Тараптар тікелей келіссөздер жолымен қарайды.
111.
Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шешіледі.
18. Айрықша жағдайлар
112.
Сақтандыру шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де
талаптар көзделуі мүмкін.
113.
Осы Ереженің негізінде Сақтандырушы Сақтандыру тәуекелдерінің әртүрлі жиынтығымен
және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін
өзге де Сақтандыру
шарттарымен сақтандыру бағдарламаларын әзірлеуге құқылы.
114.
Сақтандыру шартының мазмұны осы Ережелерге сәйкес келмеген жағдайда Сақтандыру
шартына артықшылық беріледі.
115.
Сақтандыру шартын жасасу және орындау кезінде Тараптар алған, оның ішінде құқықтық
қорғауды
пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретінде қаралуы мүмкін
мәліметтер екінші Тараптың келісімімен ғана немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген жағдайларда ғана ашылуы мүмкін.
116.
Егер
Сақтандыру
шартында
заң
актілерінде
көзделгендермен
салыстырғанда
Сақтанушының жағдайын
нашарлататын талаптар қамтылса, осы заң актілерінде белгіленген
талаптар қолданылады.
117.
Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде қолданыстағы заңнама қолданылады.