1. Жалпы мәлімет



бет22/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

ҮІІ-ДӘРІС: Фонетика. Фонетиканың міндеті мен мақсаты, қарастыратын мәселесі. Дыбыс және оның түрлері. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба. Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты. Сөйлеу аппараты, оның құрылысы мен сөйлеу мүшелерінің қызметі. Әртүрлі тілдердің дыбыс жасау артикуляциясындағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ерекшеліктері. Артикуляция ұғымы. Дыбыс артикуляциясының үш кезеңі. Тіл дыбыстарын жіктеу принциптері. Аффрикат дыбыстар. Буын, оның түрлері. Әртүрлі тілдердегі сөздердің буын құрылысы. Екпін және оның түрлері. Әртүрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері. Қазақ тілінің фонетикалық ұғымдары мен атаулары, дыбыс құрамы мен жүйесі. Негізгі фонетикалық ұғымдар мен атауларға мыналар жатады: жасалым фонетика (жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы), айтылым фонетика (қуыс жүйесі, айтылым күші), естілім фонетика (түйсінім түрі, естілім қарқыны), үндесім фонетика (әуез жүйесі, жасалым белгісі, айтылым белгісі, естілім белгісі). Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесін 3 түрлі тұрғыдан талдауға болады. Атап айтқанда: а) дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалу тұрғысынан талданып сипатталады; ә) дыбыстың айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылу тұрғысынан талданады; б) дыбыстың естілімі (перцепциясы), яғни дыбыс естілу тұрғысынан сипатталады. Сонда, әрбір дыбыс төмендегідей тізбек бойынша талданып шықты: дыбыс ауыз қуысында жасалады, сонан соң ауыз кеңістігіне шығады, сөйтіп құлаққа келіп жетеді. Жалпы, қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауда бір жүйелілік жоқ. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: а,ә,ы,і,е,ұ,ү,о,ө. Дауысты дыбыстардың өзі жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінед. Алдыңғысына а,ә,ы,і,ұ дыбыстары, соңғысына е,о,ө дыбыстары жатады. Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 17 дыбыстан құралады. Олар: б,д,ғ-г,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш. Дәстүр бойынша ғ-г, қ-к дыбыстарының жасалым айырмашылықтарын ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың бір дауыссыздың үндесім нұсқасы екендігі ескеріліп, керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр. Сонымен, қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз (к,г дыбыстарын қосқанда 19) бар, барлығы – 26 (немесе 28) дыбыс деген пікір қалыптасты. Қазіргі қазақ әліпбиі осы негізде түзілген. Қазақ тіліне енген кірме әріптер (и,у,я,ю) жеке дауысты дыбыстардың таңбасы емес. Олар арқылы қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар мен үнді й, у дауыссыздарының тіркесі бейнеленеді. Мысалы: ми-мый, сирақ-сыйрақ, сирек-сійрек, бу-бұу, суық-сұуық, сурет-сүурет т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет