1. Жалпы мәлімет



бет30/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Х-ДӘРІС: Лексикологияның міндеті мен мақсаты және зерттеу нысанасы: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Сөзге тән басты белгілер. Сөздің жалпылауыштық пен атауыштық қызметі, лексикалық мәні, көп мағыналылығы, тура және ауыс мағыналары, омоним, синоним, антонимдер. Жалпы халықтық лексика. Әдеби тіл, кітаби, қарапайым, ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Сөздің экспрессивті-эмоционалды бояуы. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер мен терминдер. Жаргон сөздер мен қарапайым сөздер. Сөздік құрамның тарихи дамуы, архаизмдер мен историзмдер. Неологизмдер, олардың пайда болу жолдары. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы, тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық бірліктердің (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамы (лексикасы) құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Лингвистикада лексика деген терминнің ұғымы аса кең. Лексика деп белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығын айта береді. Лексикологияның негізгі обьектісі-сөз, ал сөздің қыр-сыры өте көп дедік. Лексикология тілдегі сөздерді жан-жақты,әр түрлі тұрғыдан зерттейді. Соған орай лексикологияның бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше саласы мен тармақтары бар. Олардың негізгілері мыналар: семасиология, этимология, фразиялогия, ономасиология, ономастика, топоминика, антропоминика т.б. Семасалогия - гректің semа, белгі, белгілеу және латынның loqos деген сөздерінен алынған термин. Бұл-лингвистикада тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін ілім. Семасология сөз мағынасын, сөз мағынасының өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейді. Лингвистикада семантика деген термин мағына деген ұғымды білдіреді. Сонда семантика мен мағына дегендер бір-бірімен синоним. Мәселен, Қаратаудың басынан көш келеді - бас, Байжап бізге бас-көз болып жүр, бұлақ басы, - дегендерде бас сөздері түрлі-түрлі мағынада. Ол мағыналар контекст арқылы ажарытылады. Бұл мысалдан тіл-тілдің сөз мағыналардың мол екендігі айқын танылады. Осындай сөз мағыналарының қыр-сырын зерттейтін сала-семасиология. Этимология тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді. Бұл термин тіл білімінде 2 түрлі мағынада қолданылады: 1-ден, сөздің шығу тегін зерттейтін саласы дегенді білдірсе, 2-шіден, сөздің шығу тегі, төркіні дегенді білдіреді. Сөздердің шығу тегін айқындау үшін, ғылыми этимологияда генеалогиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп аталатын принциптер қолданылады. Этимология- гректің etymon-шындық деген сөзінен алынған термин. Этимология-морфемалардың, жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін ілім. Этимологияның тіл тарихын жете білу үшін маңызы зор. Өйткені, тіл тарихы сол тілді қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Тіл тарихынан сол халықтың өткен жолын аңғаруға болады. Халық этимологиясы кейде кездейсоқтық ұқсастықтар мен байланыстарға, жақындықтарға да негізделеді. Соның нәтижесінде сөз жаңа мағыналы басқа бір сөзге де ұқсап кетуі мүмкін. Семантикалық және формалдық өзгеріске түсуі ықтимал. Әсіресе сөздің дыбысталуы бұрмалануы мүмкін. Басқа тілден келген сөздің оны қолданушы екінші бір адамның ана тілінің дыбыстық заңдары бағындырылуы мүмкін. Мысалы: Бұл указды 1731 жылы А.И.Тевкелев әкеліп тапсырды. Қазақ жерінде Тевкелевті «Тәуіпкел» деп атап кеткен. Фразеология - гректің phrases-сөйлемше, қалыптасқан сөз дегеннен алынған термин. Фразиология – тілдегі тұрақты тіркестерді, бірліктерді зерттейтін ілім. Тілдегі тұрақты сөз тіркестері бүтін бір тұтастық, лексикалық бір ғана бірлік ретінде қолданылады. Ондай тіркестер екі немесе бірнеше сөзден де, бүтіндей бірер сөйлемдерден де құралуы мүмкін. Мысалы: Аттың жалы, екі көзі төрт болу, күн көріп жүрмін т.б. Ономосиология - зат немесе құбылыс ұғымның нақты бір сөзбен аталу себебін зерттейтін, яғни заттардың атауы мен белгіленуі туралы ілім. Онома-грекше ат, есім, атау деген сөз. Ономасиология диалектологиямен, әсіресе лингвистикалық географиямен қатысты болып келеді. Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктері туралы ілім, ал лингвистикалық география сол ерекшіліктердің қай территорияларында қолданылатынын айқындайды. Ономосиологияның үлкен бір саласы ономастика. Мұны ономатология деп те атайды. Бұл екі термин бір-бірімен синоним. Ономастиканың өзі бірнеше тармаққа бөлінеді: топонимика, антропомика, этнонимика, астронимика, зоонимика, топонимиканың өз ішінде бірнеше тармақшысы бар: гидронимика - өзен, су, көл аттарын, оронимия - тау, төбе шың, құз аттары, ойконимия елді мекен аттарын зерттейді. Топоминика–тұтасынан алғанда, жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді. Мәселен, қазіргі Семей - семь палат – сөзінен, Кереку (қазіргі Повлодар) – Коряков, Гурьев – Гурий деген адам аттарынан алынған. Антропонимика - адамның тегін, әкесінің атын, адамның шын аты мен лақап атын, бүркіншек аттарды қарастыратын сала. Мәселен, орыс тілінде ең көп тараған фамилия – Иванов; одан кейін – Смирнов; үшінші орында – Кузницов. Ағылшын елдерінде ең көп тараған фамилия – Смидт; Австрияда – Шмидт; Шмидт пен Смидтің мағынасы – ұста деген сөз. Швецияда 700 мың адамның тегі - Андерсон. Қазақ есімдерінің бір сыпырасы араб, иран тілдерінен енген; ол тілдердегі бастапқы мағынасы ұмытылып, қазақтың байырғы төл атауына айналған. Этнонимика- ру, ел, халық аттарын тексеретін сала. Кейде бір халық көрші отырған екінші бір халықты басқа бір атаумен атауы мүмкін (мәселен, қытайлар өздерін - хань, моңғолдар өздерін – халха деп атаса, біз оларды – қытайлар, моңғолдар деп атай береміз), кейде шеттен келгендердің дәл қай халықтан екенін білмегендіктен, оларды мүлдем басқаша атаушылық та бола береді. Қазақ тілі қазақ халқының – тілі. Бірақ осы күнге дейін өз халқымыздың атының қайдан, неден шыққанын ғылыми дәл айқындай алмай келе жатқанымызды айта кету артық болмас. Қазақ сөзінің этимоны туралы ғылымға жанасатын да болжамдар өте көп. Қазақ сөзі 15-16 ғасырларда жазылған бір сыпыра сөздіктерде кездеседі де, әр түрлі түсінік беріледі: Вельяминов-Зернов шығарған сөздігінде қазақ сөзін «кезбе, үйсіз» деп түсіндіреді. 1245 жылы жазылған және 15-19 ғасырлар арасындағы Орта Азия нұсқаларында, түрлі сөздіктерде Қазақ сөзі «үйсіз, баспанасыз, қуғын көрген кезбе, қаңғыбас, еркін» деген мағынада кездеседі, мұндай түсініктің бәрі әр кездегі авторлар пікіріне сүйеніп айта салудан тууыда ықтимал. Бірақ, әйтеуір, қазақ сөзі 10 ғасырлардан бастапқы деректердің бәрінде дерлік бар. Ал 15 ғасырдың аяғында, 16 ғасырдың басында, қазақ сөзі көшпелі тайпалардың бір бөлігінің аты – этникалық термин реттінде қалыптасады. Астронимика (гректің astron – жұлдыз деген сөзі) – жұлдыздар әлем аспаны, планета аттарын тексереттің сала. Планета аттары, негізінен, грек, латын мифологиясына байланысты шыққан. Мысалы: меркурий (латынша) – шешендік, саудагершілік, жол құдайы; құдайлардың хабаршысы. т.т. Зоонимика (гректің zoon, жануар) – жануарлар атауларын тексеретін сала. Зоологиялық атауларға байланысты бірер жәйтке көңіл бөле кетуге болады: орыс тіліндегі бір сыпыра жануарлар атауы түркі тілдерінен алыныпты. Мысалы: архар (қазақша арқар), барс, барсук (қазақша борсық) т.б - орыс тіліне түркі тілдерінен енген атаулар. Тілдің әр түрлі жақтары болады дедік. Олар – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтары. Бұл үшеуі өзара байланыста, қарым-қатынаста болады. Осыған орай, лингвистиканың әр тарауы, олардың әрбір саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, тілдегі әрбір сөз дыбыстардың белгілі бір тіркесімен айтылады. Дыбыс тіркестері – сөздің сыртқы жамылғышы, ал сөздің мағынасы – сөздің мазмұны. Сөз дыбыс тіркестерімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Фонетиканың лексикологиямен байланысы, міне, осында. Лексикология грамматикамен де тығыз байланысты болады. Бұл жағдай әсіресе сөз тудыру тәсілінен айқын көрінеді. Мәселен, кейбір грамматикалық форма сөзге жаңа лексикалық мағына туғызуға себепші болады. Оған бір дәлел – ағылшын тілі фактілері. Ағылшын тілінде көптік форма, негізінде, сөзге лесикалық жаңа мағына береді, былайша айтқанда, бір сөзден екінші бір жаңа сөз туғызады. Мысал: Arm ( a:m ) – қол, arms (a: mz) – қару. т.б Кейбір дербес септік жалғаулар формасы (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) қазірде үстеулер құрамына әбден кірігіп кеткен, түбірден ажыратуға болмастай, түбірімен әбден сіңісіп кеткен. Ондай құбылыстар сыры грамматикалық тәсілдер мен формаларды айқындап – ажыратқанда ғана белгілі болады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының қарамағына түскенде, өзінің мағыналарын үстемелеп, кеңейтіп алады; мағынасын нақтылай, дәлдей түседі. Мәселен, сай, ауыл, терең, жаңы, гүріл, өзен, тасы, - десек, бұл сөздер таза құрылыс материялы ретінде (қаланбаған кірпіш сияқты) тұр: сай-сәйкес, лайық деген сын есім мағынасындама, әлде зат есім бе? Қай ауыл? Бірнеше киіз үйме, село ма? Тасы не? Зат есім бе, етістік пе? Бұл жақтары белгісіз. Бұл қалпында бұлар – таза лексикалық материалдар, нақтылығы белгісіз абстрактылы сөздер. Ал осыларды грамматика заңдары бойынша тіркестірсек әрі лексикалық мағынасы нақтыланады, әрі сол мағынасының үстіне бірнеше жаңа граматикалық мағына қосылады.
Ауылдың маңы - терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп (Абай).
Енді сөз мағыналары айқындала түсті: ауыл – кәдімгі, бұрынғы қазақ жеріндегі ауыл, тізілген бірнеше киіз үй; сай – сын есім емес, зат есім; тасы – етістік. Бұл мысал – лексикологияның граматикамен байланысының тағы ды бір көрінісі. Сөйтіп, лексикология сөзді мағына жағынан, қолданылу аясы жағынан жан-жақты зерттейді.Ол үшін лексикология өзіне белгілі тәсілдерді – диахрония мен синхронияны, салыстырмалы салғастырмалы әдісті, сондай-ақ, семасиология, этимология, ономосиология, фразиология салаларының жетістіктерінің бәрін пайдаланады; өз зерттеулерін фонетика, граматика тарауларымен тығызқарым – қатынаста жүргізеді; тіл туралы ғылымның барлық түрлерімен бірлікте, ынтымақта болады.
Фразеология – phrasis -«орам, сөйлемше»; logia – «ұғым, ілім» деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты туындаған. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге деген құлшыныс өзінің бастауын академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен етек алады. Фразеология тану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады: 1.даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2.мағына тұтастығы; 3.тіркес тиянақтылығы. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі. ФЕ-лар қарым-қатынас процессінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) единица ретінде жұмсалады. ФЕ-нің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет