2.4 Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
Қарым-қатынас мəселесіне мəдени-тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С. Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мəселесін зерттеу барысында ашылады. Оның зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мəдени аспект ретінде тасымалдануының мəдени-тарихи мəнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Əлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы) – логикалық жоспарда – ашық жəне қатысты «мəдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мəдениетіне айналуы. Əлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, əлі жүзеге асырылмаған жаңа мəнге, сыртқы əрекетке жаңа бағытқа ие болады».
Ең алдымен, бұл – бірлескен іс-əрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында қалыптастыру жəне танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну (Л.А. Кидрон, 1981, Ю.М. Жуков, Л.А. Петровская, П.В. Растянников, 1990 жəне т.б.). Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен жəне өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету .
Үшіншіден, бір жағынан, əдеттер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сəтті тұлғааралық өзара əрекетке жағдай жасайтын жеке эмоциясының психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету. Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзыреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады. Осының барысында кеңестік психологияда деңгейлерді бөлу негізіне, көбінесе қарымқатынас «тараптарын» топтастыру жəне соларға сəйкес бірлескен іс-əрекеттің құрамдас бөліктері (адамдардың бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, əсер – интеракциялық құрамдас бөлігі) алынады. Кейбір авторлар қарымқатынасқа деген қажеттілікті жəне қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді.
В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-əрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу (əрекеттермен, заттармен, ақпаратпен, т.б) жəне өзара ықпал кез келген өзара əрекеттің мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық жəне формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-əрекеттің қалыптасу процесі индивидуалды іс-əрекеттің мақсаттарының, мағыналарының жəне мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-əрекеттегі мақсатқұрылым, мазмұны жағынан – практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағына құрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-əрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді.
Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-əрекетін зерттеп жүрген психологтар көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990, Васильев 1980 жəне т.б.). Шынында да, адамның іс-əрекеті күрделенген сайын таптаурындық əрекеттерді азырақ жүзеге асырып, ал содан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан) шығармашылық типке жақындап, іс-əрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін «мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды.
Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынас бірлігінің қағидасын жүзеге асыру бірлескен ойлау іс-əрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мəселеге айналады. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-əрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелері мен «ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір салуға, яғни дəнекер болуға мүмкіндік береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы қорын «динамикалық мағыналы жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін жəне ол сонда ғана «сөздік мəндер» жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып, өзінің ішкі субъективті жағы бойынша «динамикалық мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін аңғару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |