2.6 Коммуникативті кедергілер
Фонетикалық кедергі қарым-қатынасқа түсушілер әртүрлі тілдер мен диалектілерде сөйлеген кезде, сөйлеуде және дикцияларында кемістіктер болған кезде, тілдің грамматикалық құрылымы бұрмаланған кезде пайда болады. Ол сондай–ақ, мәнерсіз сөйлеуден, жаңылтпашша сөйлеуден және сөйлеу барысында масыл дыбыстарды көп қолданудан да туындайды. Алайда, ешбір фонетикалық бөгеттер жойылмас кедергі болып табылмайды. Егер, реципиент ақпаратқа қызығушылық танытса, ол оны өте қатты тұтығып сөйлейтін адаммен әңгімелесу барысынан да, ызыңдаған, шыңылдаған радиоқабылдағыштан да ала алады. Алайда, егер ол ақпараттың ма-ңыздылығына сенімсіз болса немесе керісінше, оның қауіпті екен-дігіне сенімді болса фонетикалық бұрмалау мен сәйкессіздік оған қажетті кедергіні туғызуға оңай көмектеседі.
Семантикалық кедергі қарым-қатынас серіктестерінің сөз мәндерінің жүйесінде кездесетін сәйкессіздіктен, елеулі айырмашылықтардан – тезаурустардан пайда болады. Семантика-лық кедергі – бұл, ең алдымен, жаргондар мен слэнгтер мәселесі. Тіпті, бір мәдениеттің шеңберінде бірнеше микромәдениеттердің болатыны, олардың әрқайсысы өздерінің «мәндер өрісін» туғызатыны, әртүрлі ұғымдар мен құбылыстарды түсіндіруде өзіндік спецификалық ерекшеліктерімен сипатталатындығы белгілі. Мысалы, әртүрлі микромәдениеттерде «әдемілік», «борыш», «жаратылыс» және т.б. сияқты құндылықтардың мағынасы түрліше түсінді-ріледі. Сондай-ақ, әрбір ортада қарым-қатынастың өзіндік мини-тілі, өзіндік слэнгі, өздерінің сүйікті цитаталары мен қалжыңдары, сөйлеу мәнерлері мен тілінің оралымдары болады. Осының барлығы бірге семантикалық кедергі туғыза отырып қарым-қатынас процесін айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Кейбір мамандық иелеріне мұндай барьерден аттай білу өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені олардың табысқа жетуі өзара түсінісу ситуациясын туғызу-мен тікелей байланысты. Бұл ең алдымен, педагогтарға, дәрігерлерге, психологтарға, басқару, жарнама саласындағы мамандарға қатысты. Олар семантикалық кедергінің пайда болуына өзіне тән сөйлеу ерекшелігімен себепкер болмай, адамдармен «олардың тілінде» сөйлесуі үшін бөтен семантикалық жүйелерді игере білгені жөн.
Логикалық кедергі. Ол коммуникатордың ұсынған тұжырымдарының қисыны реципиенттің қабылдауы үшін тым күрделі болғанда, я болмаса оған шалағай, оның дәлелдеріне қайшы келгендей болғанда туындайды. Психологиялық тұрғыда көптеген логикалар мен дәлелдеу жүйелерінің бар екендігін айтуға болады. Біреулер үшін ақылға қайшы келмейтіндер, ал енді біреулер үшін борыш пен моральға сәйкес келетіндер сенімді әрі ойға қонымды болуы мүмкін. «Ерлер» және «әйелдер» психологиялық логикасы, балалар логикасы, байлар мен кедейлер логикасы, сау адамдар мен ауру адамдар логикасы болатындығы жөнінде айтуға болады.
Стилистикалық кедергі. Ол коммуникатордың сөйлеу стилі қарым-қатынас жағдайына сәйкес келмегенде немесе сөйлеу стилінің реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес келмегенде пайда болады. Мысалы, қарым-қатынас серіктесі өзіне айтылған сыни ескертуді қабылдамауы мүмкін, өйткені ол ситуацияға сәйкес емес, ағайынгершілік мәнерде айтылуы мүмкін немесе ересектердің түсініксіз, ғылыми тілде айтқан қызықты әңгімесін балалар қабылдамауы мүмкін.
Реципиент тарапынан жиі қорғануға әкелетін ең маңызды қа-телік – «міндеттеу стиліндегі» сөздерді қолдану. Бұл стильдің басты ерекшелігі өз атауында тұр – «Сен тиіссің», «Қажет», «Біз міндеттіміз», «Сізге қажет» сияқты сөздік оралымдарды қолдану. Мұн-дай фразаларға адамдар қандай реакция білдіреді. Қарсыласу айқын немесе жасырын түрде болуы мүмкін, алайда бұдан оның табиғаты өзгере қоймайды. Міндеттеу стиліне басқа стиль, қатынастардың басқа философиясы қарсы қойылады. Ол «мүмкін парадигмасы» деп аталады: «Мүмкін», «Мүмкіндігінше, Сіз...», «Сіз жасай аласыз...». Адамзат тілінен оның өмірінің бүкіл бейнесі, оның мә-дениеті, идеология мен құндылықтары көрініс табады. Сондай-ақ, тілдің, сөздің өзгеруі арқылы өмір сүру салты, мәдениеттері мен құндылықтары да өзгеріске ұшырайды. Мүмкін парадигмасы көп-теген адамдар үшін зор ішкі тартымдылыққа ие. Ол адамдарға еркін таңдаулар мен өз тағдыры үшін жеке жауапкершілікке ие болу әлемінің есігін айқара ашып беретін тәрізді. Әрі әрине, психология-лық қорғанысқа итермелемейді.
Американ психологы Альберт Мерабиан
А.Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербалдық емес жолдар арқылы жеткізіледі, 55% – ым-ишара (мимика), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38% – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7% ғана вербалдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербалдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Достарыңызбен бөлісу: |