1 жанжал жағдайында коммуникативті мәдениеттің ЖҰмыс істеу ерекшеліктері



бет7/12
Дата05.05.2024
өлшемі60.26 Kb.
#500582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Шиеленіс жағдайындағы коммуникативті мәдениеттің қызмет ету ерекшеліктері 2

Пәнаралық байланыс
Оқу пәндері арасында байланыс орнату

  • Білім беру бағдарламасына тереңдік пен тепе -теңдік береді;

  • Терең білім алуға мүмкіндік береді;

  • Көптеген дағдыларды ұсынады;

  • Түсінік пән дағдылардың дамуына көмектесе алады;

  • Оқу үдерісінің маңыздылығының барынша арттыруға көмектеседі;

  • Оқушыға деген уәжді барынша арттыра алады.



2.3 Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
● Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады.
● Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.
Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
● Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым – қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік стратегияға кіретін моменттер:

  • әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;

  • «Бәрі түсінікті» деген сигналы арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;

  • «Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;

  • сөз жетіспеушілігі мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер, аудару арқылы шешу;

  • грамматика жетіспеушлігінің мәселесін сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық құрылымын көшіру, қателерді елемеу арқылы шешу;

  • қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу;

  • қарым-қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру.

Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:

  • мәтінмен жұмыс;

  • мәселемен жұмыс;

  • ойын ойнату жұмысы.

Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді. Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну. Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінгін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет