1 жанжал жағдайында коммуникативті мәдениеттің ЖҰмыс істеу ерекшеліктері


КОММУНИКАТИВТЕГІ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ



бет4/12
Дата05.05.2024
өлшемі60.26 Kb.
#500582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Шиеленіс жағдайындағы коммуникативті мәдениеттің қызмет ету ерекшеліктері 2

2 КОММУНИКАТИВТЕГІ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ


2.1 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда айтылым дегеніміз- өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.
Сөйлесу барысында кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олар мыналар:
Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, интонацияны қолдану, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу, жест, мимиканы қолдану, оқиғаларды баяндап беру т.б. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады.
Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.
Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар); қағаз бетіне орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті.
Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі- сауаттылық, ал екінші тобы- идеяны (ойды) жеткізе білуі.
Сауаттылыққа қатысты дағдылар:

  1. Орфографиялық қатесіз жазу;

  2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;

  3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;

  4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу.

  5. Грамматиканы дұрыс қолдану.

  6. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:
1.Стильді дұрыс таңдай білу;

  1. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.
Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады.
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет.
Оқылымның ішкі дағдылары:
Мазмұнын түсіну үшін оқу немес көз жүгіртіп оқу –мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.
Тыңдалым түрлері:
Әңгімелесу (диалог), әңгімелер, хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б
Сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау-сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым-сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат-оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Экстенсивті тыңдалым-үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды тыңдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет