1 Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалауы


ЖЕРДІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛАНУЫ



бет2/6
Дата15.01.2023
өлшемі488.5 Kb.
#468415
1   2   3   4   5   6
dip -zher-baqylau-men-zherdi-bagalau-zholdary

1 ЖЕРДІҢ ЖАЛПЫ МІНЕЗДЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛАНУЫ


1.1 Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану

Жар ең негізгі табиғат байлығы. Ал барлық тіршілік көза және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жар қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.


Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн.га. жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн.га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жар қорының едәуір бөлігінің сапасы төмен: 77 млн.га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы «қауіпті» (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-ның жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-і сортаңдаған, 3%-і батпақтанған, 5%-інің топырағының құнары жойылып кеткен. Жар жырту, өзендердің арнасын өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.
Жар қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлылығын арттыр, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3,5 млн. гектарға арттыруға мџмкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7,1 млн. гектарға арттыруѓа мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер өңделуі тиіс.
Жердің ерекше қасиеті-топырақтың құнарлығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қалыптасу үшін 100 жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үщін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т.б.) әсер етеді.[1,24 б]
Топырақтың құнарлылығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлылығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын тљмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөнінідегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

  1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияныњ негізгі џш тџрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, Әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердіњ, әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер ерекшелігін, ауа-райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:

    • ұйымдастырушылық шаралары-айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;

    • агротехникалық шаралар- жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т.б.

    • егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру, т.б.

  1. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.

  2. топырақты құм басудан қорғау жолдары-ағаш (сексеуіл, жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.

  3. жерді батпақтанудан қорғау џшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.

  4. топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерледі әкпен, гипспен өңдеу, санаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу, т.б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

  5. Топырақты уланудан қорғау-пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.

  6. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

  7. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңѓы жылдары әртүрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.

Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шараладың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, жақсарту, қорғау шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық есептеулерді, баѓалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге, пайдалануға жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық т.б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы-экономикалық бағалау жатады. [2, 52 б]
Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік- материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есепке алынады.

  2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

  3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері-өнімділігі, орналасу тиімділігі әртүрлі. Құнарлы тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әртүрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырылады.

Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет