1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі



бет10/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Лимбикалық жүйе
Лимбикалық жүйе,systema limbicum - бұл мінез-құлық реакциялары мен көңіл-күйдің эмоционалды реакцияларын қалыптастыратын ішкі органдар мен мамандандырылған сенсорлық органдардың қызметін интегративті реттеуді қамтамасыз ететін ми құрылымдарының жиынтығы. Бұл жүйе басқаша «висцеральды ми» деп аталады, өйткені лимбикалық жүйенің бөлігі болып табылатын соңғы ми құрылымдары ішкі органдардан ақпарат алады және олардың қызметін реттеуге қатысады.
Лимбиялық жүйеге мыналар кіреді:
1. Ми қыртысының жоғары орталықтары, олар:
- күмбезді қатпар, gyrus fornicatus;
- ілмек, uncus;
-гиппокамп, hippocampus, (Аммон мүйізі, cornu Ammoni), - бүйір қарыншаның төмен мүйізінде орналасқан;
- тісті қатпар, gyrus dentatus – гиппокамптық жүлгеде бүйір қарыншаның төменгі мүйізі жағында жатады;
- мөлдір перде, septum pellucidum, және оның ядролары;
2. Қыртысасты түзілістер:
- бадамша дене, corpus amygdaloideum, самай үлесінде жатады;
- таламустың алдыңғы ядролары, nuclei anteriores thalami;
- үзеңгінің ядролары, nuclei anteriores thalami;
- гипоталамустың аралық бөлігінің ядролары және емізікті денелер, corpora mamillaria.
3. Проекциондық және ассоциативтік талшықтар:
- күмбез, fornix, - емізікті денелер мен парагиппокампальдық қатпарлар арасындағы байланысты қамтиды;
- белдік, cingulum – маңдай, шүйде және самай үлестерінің қыртыстарының арасындағы байланыстарға жауап береді;
- маңдай-шүйде шоғыры, fasciculus frontooccipitalis- аттары бірлей үлестердің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
- ми сыңары ақ затының төменгі бойлық шоғыры, fasciculus longitudinalis inferior, - шүйде үлесін самай үлесімен байланыстары;
Limbus, шеңбер,(осыдан лимбикалық жүйенің аты шығады)- бұл гиппокамп, күмбез, гипоталамус, таламус, белдеулік қатпарларды, мидың белдеуін қамтитын шеңберлі реттелген құрылымдардың жиынтығы болып табылады. Функционалды түрде бұл шеңбердегі импульстардың айналымы (Пейпс шеңбері) эмоциялардың жүйке субстраты ретінде қарастырылады.Лимбиялық жүйеге жататын ми қыртысының жоғары орталықтары ерекше сезімталдықтың әртүрлі типтерінің проекциялық орталықтары болып табылады: иіс, дәм, есту, көру және вестибулярлық.Сондықтан мамандандырылған сезім мүшелерін адекватты ынталандыру жағымды эмоционалдық фон мен жақсы көңіл-күйді тудырады.
8. 4-ші қарынша және ромбтәрізді шұңқыр. Ромбтәрізді шұңқырда ядролардың проекциялануы
4-ші қарынша сопақша ми,көпір және мишықтан түзілген. Оның түбін,бүйір қабырғаларын және шатырын ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет