4-ші қарынншаның түбін ромб тәрізді шұңқыр(fossa romoidea) құрайды. Ромб тәрізді шұңқырдың жоғарғы жерлері екі жоғарғы мишық аяқшаларымен,төменгі жерлері төменгі екі мишық аяқшаларымен шектелген. Ромб тәрізді шұңқырдың жоғарғы бұрышы ортаңғы мидың су құбырына, ал төменгі бұрышы- жұлынның орталық өзегіне ауысады.Шұңқырдың бүйір бұрыштары 4 қарыншаның латералды қалташаларына(resessus laterales) өтеді.
4-ші қарыншаның бүйір қабырғалары мишық аяқшаларының үш жұбынан тұрады.
4-ші қарыншаның төбесі(tegmen venticuli quarti) жоғарғы ми желкенінен,мишық затынан және төменгі ми желкенінен түзілген.
Жоғарғы ми желкені(velum medullare superius)- екі жоғарғы мишық аяқшаларының арасында орналасқан,ақ заттың жұқа үшбұрышты табақшасы болып табылады.
Төменгі ми желкені(velum medullare inferius)-жұқа эпителиалды табақшадан тұрады. Бұл табақша 4-ші қарыншаның тамырлы негізімен толыққан. Төменгі ми желкенінің орталық сызығы бойында 4-ші қарыншаның тесігі – орталық апертура орналасқан. Латералды қалташалардан 4-ші қарыншаның латералды апертуралары ашылады. Осы тесіктер арқылы 4-ші қарынша мидың торлы қабық асты кеңістігімен қатынасады. 4-ші қарыншаның қан тамыр негізінен басқа 4-ші қарыншаның қуысында тамырлы өрімі болады.
Ромб тәрізді шұңқыр аймағында 5-12 жұп ми нервтерінің ядролары проекцияланады.
Үшкіл нерв ядролары nuclei n. trigemini ромб тәрізді шұңқырдың барлық ұзындығына созылады. Үшкіл нервтің қимыл және сезімтал ядроларын ажыратады. Қозғалтқыш ядросы nucleus motorius n.tregimini ромбтәрізді шұңқырдың жоғарғы бөлігінде жатады. Сезімтал ядро nucleus sensorius n.tregimini көпірдің дорсалді бөлігінде және ромбтәрізді шұңқыр жағынан бет төмпешігінің алдына және кішкене сыртқа проекцияланады.Жұлын жолының ядросы nucleus tractus spinalis n.trigemini созылыңқы пішінді, сопақша мидың дорсалді бетінде орналасып,жұлынның мойын сегменттеріне дейін жетеді.
Әкететін нерв ядросы nucleus n. abducens – көпір жамылғысында жатып, ромбтәрізді шұңқыр жағынан colliculus faciolis-ке сәйкес.
Бет нерв ядролары nuclei n.facialis- әкететін нерв ядросынан кішкене вентралді және тысқары жатады және ромбтәрізді шұңқыр жағынан colliculus faciolis-тен латералді проекцияланады.
Кіреберіс-ұлу нерв ядролары, nuclei n.vestibulocochlearis- көпір мен сопақша ми арасындағы шекарада жатады және ромбтәрізді шұңқыр жағынан area vestibularis аймағында проекцияланады.
Тіл-жұтқыншақ нервінің n.glossopharangeus-қимыл,қосарланған ядросы nucleus ambiguus, сезімтал немесе дара жол ядросы nucleus tractus solitarii, парасимпатикалық, төменгі сілекей бөлетін ядро n.salivatirius inferior бар. Аталған ядролар сопақша мидың дорсалді бөлігінде жәнеде қимыл және сезімтал ядролары кезбе нервпен ортақ. Тіл-жұтқыншақ нервтің ядролары ромбтәрізді шұңқыр жағынан trigonum n. vagi аймағында проекцияланады.
Кезбе нерв n. vagus – оның ядролары тіл-жұтқыншақ нервімен ортақ. Олардың арасында:қимыл дорсалді ядроны, nucleus dorsalis n.vagi, вентралді немесе қос ядроны nucleus ambiguus, және дара жол ядросын nuckeus tractus solitarii ажыратады. Ол ромбтәрізді шұңқыр жағынан trigonum n.vagi-ден латералді проекцияланып,аталмыш ядролардан вентралді орналасады.
Қосымша нерв ядролары nuclei n. Accessorii, мидың сабаулық бөлігінде және жұлында жатады.Милық ядросы-сопақша ми аймағында, жұлын ядросы-жұлынның сұр затында, алдыңғы мүйіздердің дорсо-латералді бөлігінде жатады.
Тіласты нерв ядролары nuclei n.gypohlossi – жұлынның дорсалді бөлімдерінде жатады және ромбтәрізді шұңқыр жағынан trigonum n.hypoglossi аймағында проекцияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |