Seisonidea отряды. Өкілдері теңіз шаяндарының (Nebalia) желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді, мойыны және аяғы ұзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
Bdelloidea отряды. Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, мүктерде тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді ұзын, жер бауырлап жай қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus су түбінде мекендейді.
Monogononta отряды коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі тұщы суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге бейімделген. Бұлар түрлер саны жағынан да артады.
43. Көп клеткалы организмдердің көбею ерекшеліктерін атап анықтаңыз
Көпжасушалы жануарлардың көбеюі
Гидра жынысты жолмен де көбейеді. Күз басында гидра денесінің сыртқы эктодерма қабатында ерекше төмпешіктер пайда болады. Бұл төмпешіктердің біреуінде жұмыртқажасушасы, екіншісінде сперматозоид дамиды. Пісіп-жетілген аталық жыныс жасушалар – сперматозоидтар суға төгіледі, ондағы әрбір жасушаның талшығы болды. Суда қозғалып жүрген сперматозоид басқа бір гидраның төмпешігіне еніп жұмыртқажасушасымен қосылады. Ұрықтанған жұмыртқажасушасының сырты қалың қабықшамен қапталады. Ал оның ішінде жасуша алғаш екіге, одан төртке, тағы солай екі еселеніп бөлінеді. Бірақ олар ажырап кетпей, өзара тығыз байланысып жатады. Күзде гидралар өледі, ал қалың қабыққа оранған көпжасушалы ұрық су түбіне түсіп, сонда қыстайды. Көктемде күн жылынып, қолайлы жағдай туғанда қабық ішіндегі ұрықтың дамуы қайта басталып, қабығы жарылады. Ал одан жас гидралар сыртқа шығып, тіршілік ете бастайды.
Шұбалшаң – гермафродитті жәндік. Жұмыртқа салардың алдында екі шұбалшаң бір-бірімен жанасады. Олар дененің бас жағында орналасқан жұмыртқа және тұқым қабылдаушы түтікшелерінің сыртқа ашылатын саңылаулары арқылы ішінде сперматозоид бар сұйықтықтармен алмасады. Сұйықтық сол тұқым қабылдауышқа жиналады. Бұл кезде құрт денесінде жұмыртқажасушалары да пісіп жетіледі. Дененің алдыңғы бөліміне таяу бунағында қоймалжың шырыш бөлініп, сілемейлі, оңай жылжитын белбеуше түзіледі. Құрт денесін жиырып, белбеушені бас жағына қарай жылжытады (3- сурет). Белбеуше жұмыртқа бездері мен тұқым қабылдауыштың түтікшелері ашылатын саңылауларға келгенде, оған жұмыртқажасушалары мен сперматозоидтары бар сұйықтық бөлінеді. Ұрықтану осы белбеушеде жүреді. Белбеуше құрт денесінен сыпырылып түседі. Ішінде бірнеше ұрықтанған жұмыртқалары бар осындай белбеуше пілде деп аталады. Пілдеде жас құрттар дамып, сыртқа шығады.
Өрмекшілер – дара жынысты жәндіктер. Айқышты өрмекшінің аналығы аталығынан ірілеу болады. Айқышты өрмекші күзде нәзік өрмектен тоқылған пілдеге ұрықтанған жұмыртқа салады. Пілдені ағаш қабығының арасына, тас астына және т. б. сондай оңаша, таса жерлерге орналастырады. Күзде аналық өрмекшілер өледі. Жұмыртқалары жылы пілдеде қыстап, көктемде одан жас өрмекшілер шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |