1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Кәсіптік мақсатта өсірілетін былқылдақденелілерді атап түсндіріңіз



бет27/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

41. Кәсіптік мақсатта өсірілетін былқылдақденелілерді атап түсндіріңіз

  • Сегізаяқтар мен каракатицаны қытайлықтар, корейлер және жапондықтар тағам ретінде пайдаланады.

  • Бауыраяқты былқылдакденелілер теңізде өте көп таралған, олардың кейбіреуі тағамға (Қытайда және т. б. елдерде теңізқұлақты) пайдаланылса, көпшілігі түрлі түсті әдемі бақалшағы үшін әр түрлі безендірулерге пайдаланылады.

  • Үлулардың пайдасы туралы жүзім ұлуын көптеген европалық елдердің тағамға пайдалану үшін арнайы өсіретінін айтуға болады.



42. Коловраткалар класындағы жәндіктердің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
Бұлар көбінесе тұщы суларда мекендейтін жануарлар, теңіздерде тіршілік ететін түрлері де аз емес, сонымен қатар ылғалды топырақта да кездеседі. Көпшілігі еркін қозғалады, аздаған түрлері бекініп тіршілік етеді. Олардың 1500-ден астам түрі бар.
Өте ұсақ, микроскопиялық құрттар, ұзындығы 0,04 мм-ден 2,5 мм-ге дейін. Дене пішіні созыңқы болып келеді, кейде ғана шар тәрізді немесе домалақ. Басым көпшілігінің денесі үш бөлімнен тұрады: кірпікшелі аппараты бар бас, дене және аяқ. Аяғы болмауы да мүмкін.
Бас бөлімі денеден аз ғана бөлініп тұрады, оның алдыңғы ұшында екі қатар шеңбер жасай орналасқан, күрделі кірпікшелерден құралған айналмалы (бұрғы) аппараты бар.
Арнайы бұлшықеттер - ретракторлардың көмегімен бас бөлімі қозғала алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан сыртқа созылып шығады.
Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ (арқа-құрсақ, немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан сауытпен немесе қабықты түтікпен қапталған.
Аяқ бөлімі дененің бұлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен қапталып, жылжымалы екі саусақтан тұрады. Саусақтың ұшында кілегейлі заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының көмегімен көптеген коловраткалар уақытша, кейбіреулері тұрақты түрде су асты заттарына бекініп тұрады.
Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшықет қапшығы болмайды. Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттарының, түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың (схизоцель) ішінде орналасқан.
Ас қорыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы жағындағы кірпікшелі айналым аппаратының ортасында ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысына және кеңейген бұлшықетті жұтқыншақтың шайнағыш - мастаке (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин қабаты жапқан және осыған қатты хитинді тақталар түзіледі, олар төс пен балғашық. Бұлар диірмен тасы сияқты үйлесімді қозғалып қорек заттарды ұнтап, өңеш арқылы үлкен энтодермальды қарынға бағыттап отырады. Қарынның ішіндегі қорытылған заттар денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы ұшы кеңейіп клоакаға айналады. Ac қорыту жүйесінде жұтқыншаққа ашылатын сілекей безі және қарынға ашылатын ас қорыту безі жақсы жетілген. Кейбір түрлерінде артқы ішегі жойылып, тұйық бітетін қарынның ішіндегі қорытылмаған қалдық заттар ауыз арқылы сыртқа шығарылады.
Коловраткалардың қорегі: бактериялар, көк-жасыл балдырлар, детрит. Жыртқыш түрлері ұсақ қарапайымдыларға, басқа коловраткаларға шабуыл жасайды.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Ұштарында кірпікшелер шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі түтіктердің артқы ұшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды.
Нерв жүйесі қарапайым құрылысты, жұтқыншақ үсті ганглиядан және одан жан-жағына тараған нерв талшықтарынан тұрады. Солардың ішінде екі бүйір нерв талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді.
Сезім мүшелері - қарапайым көздер және шоғырланып орналасқан қылтанақтар. Көздері - қызыл пигмент бокалдың ішінде орналасқан жарық сәуле өткізгіш көз жанары түрінде.
Коловраткалар дара жыныстылар, жыныстық диморфизмі байқалады.
Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ, ергежейлі.
Денесінің артқы бөлімінде орналасқан аналық безі сарыуыз безіне жалғасып, одан шыққан аналық жолы клоакаға ашылады. Аталық безі де аталық жолы арқылы клоакаға ашылады. Шағылыс мүшесі бар.
Коловраткалардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де бар. Жұмыртқалары қабыршақпен қапталған, көп жағдайда жұмыртқалар сабақшасы арқылы анасының денесіне (аяғына) жабысып тұрады.
Коловраткалардың тағы бір ерекшелігі - жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-нын, жабыны 301 клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғьг ішегі - 76, жыныс жүйесі - 19, бұлшықеттері - 122, жүйке жүйесі - 247, зәр шығару жүйесі - 24, ал жануардың барлық деңесі - 959 клеткалардан тұратындығы дәлелденген. Осыған байланысты коловраткалар регенерациялық қабілетінен айрылған. Осындай белгісімен коловраткалар нематодтарға ұқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea, Monogononta.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет