1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Шошқа солитерінің морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы жайлы түсіндіріңіз



бет62/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

87. Шошқа солитерінің морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы жайлы түсіндіріңіз
Шошқа солитері (Taenia solium) немесе қарулы цепені. Сыртқы дене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклы жағынан өгіз солитеріне ұқсас. Басында төрт сорғышынан басқа қосымша көптеген ілгектері болады, осы белгісіне қарай оларды қарулы деп те атайды. Денесі 900-дей буыннан тұрады, ұзындығы 2-3 м, кейде 6-8 м-ге дейін жетеді. Аналық безі өгіз солитерініңкідей екі бөлімнен емес, үш бөлімнен тұрады. Тұйық бітетін жатын тармақтарының саны 7-12. Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал цистицерк личинкалары аралық иесі шошқаның ішкі мүшелерінде дамиды. Кейде аралық иесі адам да бола алады. Шошқа солитерімен ауру адам құсқан кезінде жұмыртқалары қайтадан жұтылып ішектің ішіне түседі де, онкосфералары қан жолы арқылы ішкі мүшелерге өтіп (бұлшықеттеріне, бауырына, өкпесіне, жүрегіне, миына, көзіне), орналасып қалады. Бұдан пайда болатын цистицеркоз ауруы адам өмірі үшін өте қауіпті. Ересек түрінің жұқтыратын ауруын тениидоз деп атайды.


88. Эктодерма, мезодерма және энтодерма. Олардың омыртқасыздар үшін маңыздылығын сипаттаңыз
Салыстырмалы эмбриология ілімінің негізін салушылардың қатарында көрнекті орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840-1901) және И. И. Мечников (1845-1916) болды. Олар жануарлардың ұрықтық даму жолдарын зерттеп, ұрық жапырақшаларының (эктодерма, энтодерма және мезодерма)ьқалыптасу жолдарын белгілеп, барлық жануарларда ұрық жапырақшаларының ұқсас болатындығын, органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеп берді.
.Эктодерма даму процесі кезінде нерв түтігі, ганглиялық пластинка, плакодалар( эктодерманың қалыңдауы), терінің эктодермасы және ұрықтан тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық бастамалардан мына ұлпалар мен органдар пайда болады: нерв түтігінен ми мен жұлынның макроглиясы мен нейрондар, көздің тор қабығы. Ганглиялық пластинкадан дене және вегатативтік нерв жүйесінің ганглияларының макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы, бүйрекүсті бездердің жұмсақ қабаты, эктомезенхима т.б. пайда болады. Плакодалардан бастың кейбір ганглияларының макроглиясы мен нейрондары, тепе-теңдік, есту органдары мен көз жанары дамиды. Тері эктодермасы тері эпидермисінің және оның туындыларының(тері бездері, шашы, тырнақ, т.б.), ауыз қуысының кіре-берісінің, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықшасының эпителийін, тіс эмалінің бастамасын береді. Ұрықтан тыс эктодермадан аминонның, хорионның, кіндік бауының эптелийі, ал бауырмен жорғалаушылар мен құстардың серозалық қабықшасының эпителийі пайда болады.
Энтодермадан ішек пен сарыуыз энтодермалары түзіледі. Ішек энтодермасынан асқорыту жолы мен бездердің эпителийі және тыныс алу органдарының эпителийі дамиды. Сарыуыз энтодермасынан сарыуыз қапшығының эпителийі жіктеледі.
Даму процесі кезеңінде мезодермадан хорданың бастамасы, сомиттер, дерматом, миотом, склеротом және мехзенхима дамиды. Сонымен бірге мезодерма невротомды, Вольф каналын, Мюллер каналын, спанхнотомды, ұрықтан тыс мезодерманы құрайды. Дерматомнан терінің дәнекер ұлпалық негізі, миотомнан көлденең салалы бұлшықет, ал склеротомнан шеміршек пен сүйек ұлпалары дамиды. Невротомнан бүйрек пен зәр шығару жолдарының эпителийі, ал Вольф каналынан шәует шығарушы жолдардың эпителийі пайда болады. Мюллер каналы жұмыртқа өзегі мен жатырдың эпителийін, қынаптың алғашқы эпителийлік жабындысын түзеді. Спланхнотомнан целомдық эпителий немесе мезотелий, бүйрекүсті бездердің қабық қабаты, жүрек еті және жыныс бездерінің фолликулалық эпителийі дамиды. Спланхнотомнан бөлінген мезенхимадан қан мен дәнекер ұлпасының клеткалары, ми тамырлары, ішек қуыс органдардың ұлпалары мен тамырлары пйда болады.
Мезодерма-Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструлаланумен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Омыртқасыз жануарлардың бәрінде, тікентерілерден басқаларында, мезодерма бөлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластлар деп аталатын екі үлкен клеткадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы клеткалар ұрықтың артқы ұшында орналасқандықтан телобласттар(telos-ұшы) деп аталған. Мезодерманың бұл түзілу әдісін телобласттық деп атайды. Тікентерілер мен барлық хордалыларда, жоғарғы сатыдағы омыртқалылардан басқаларында, мезодерма гаструлалану аяқталғаннан кейін ішкі ұрықтық жапырақшадан, энтодермадан, пайда болады. Бұл жағдайда мезодерма алғашқы ішектің екі бүйірінде энтодерманың қалта тәрізді өсіндісі түрінде пайда болады. Мезодермалық өсіндінің қуысы дененің екінші қуысы немесе целом болып саналады. Мезодерма түзілуінің бұл әдісі энтероцельдік деп аталған.
Мезодерма гаструлалану процесі кезінде экто- және энтодермамен қатар түзіледі. Сонымен, алғашқы ауыздыларда мезодерма телобластылық, ал екінші ауыздыларда энтероцельдік әдіспен пайда болады.
Мезодерма эктодерма және энтодерма сияқты клеткалардың тұтас қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және мезенхима деп аталатын құрылымды, ұрықтық дәнекер ұлпасын құрайды. Энтодерма мен мезодермадан дамыған мезенхиманы энтомезенхима деп атайды, ал эктодермадан дамығандарын эктомезенхима деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет