1 курс Сұрақтар: Дене шынықтыру кезінде жарақаттанудың негізгі себептері


Ұлттық және халықтық спорт түрлері



бет2/24
Дата13.03.2023
өлшемі69.25 Kb.
#470745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
1 курс физра

3 . Ұлттық және халықтық спорт түрлері
Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері

  • аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,

  • байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,

  • ат жегу - тез арада атты дайындау,

  • ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,

  • аударыспақ - ат үстінде алысу,

  • жорға жарыс - жорғалар сыны,

  • құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,

  • қыз қуу,

  • көкпар - командалық ойын,

  • жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,

  • күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,

  • сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;

Күш өнері

  • балуан тас,

  • түйе көтеру,

  • өгіз жығу,

  • асық ойындары және т.б.

Ақыл-ой ойындары

  • шатрантаж (шахматтың бір түрі),

  • шатраш (дойбының бір түрі),

  • тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,

  • саяттаушы құстарды аңға салу;

Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.
4. Баскетбол, волейбол, футбол жарыстарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі талаптары.
Баскетбол ойынының ережелері
Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка)
Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасын орындау кезінде өте мұқият болу. Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.
· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.
· Допты салмағына сәйкес таңдау.
· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай талаптарды.
· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет. Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік: · Допты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
· Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу; «финтті» қолдана білу; · Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;
· Бір –бірін итермеу;
· Допты бір-біріне беру кезіндегі қауіпсіздік:
· Допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды, саусақтарды корзина тәрізді бағыттау.
· Жерден ұшқан допты қабылдау кезінде мұқият болу, саусақтарды дұрыс қоя білу.
· Жақын жерден бір-біріне допты тез бермеу; (резко)
· Көрмей тұрып командаласына допты бермеу;
· Допты қолдан қолға бермеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет