1 курс Сұрақтар: Дене шынықтыру кезінде жарақаттанудың негізгі себептері


Жылдамдық пен қуат сапасының айырмашылығы неде? Оларды қандай жаттығулармен дамытуға болады?



бет6/24
Дата13.03.2023
өлшемі69.25 Kb.
#470745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
1 курс физра

8. Жылдамдық пен қуат сапасының айырмашылығы неде? Оларды қандай жаттығулармен дамытуға болады?
Максималды қуаттылық(кейде«жарылыс»қуаттылығы депте атайды)күшпен 
жылдамдықтың оптималды үйлесуі болып табылады.Қуаттылық лақтыру, секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру,күрес сияқты көптеген спорттық жаттығуларда көрінеді.
Спортшы неғұрлым қуаттылығын жоғары дамытса,соғұрлым оның снарядты лақтыру немесе өзінің денесінің қозғалу жылдамдығы жоғары
болады. Себебі снарядтың немесе дененің мəрелік жылдамдығы оған
берілген күшпен, жылдамдықпен анықталады.Қуаттылық бұлшық ет күшінің немесе жылдамдығының немесе екеуінің де өсуі есебінен артуы мүмкін. Көбіне,қуаттылықтың айтарлықтай өсуіне бұлшық ет күшінің артуы есебінен жетеді.
Жылдамдық – адамның қысқа уақыт аралығында көп қозғалыс жасай алу 
қабілеті. Жылдамдық дене сапасы қарапайым жəне күрделі жан-жақты 
қозғалыс деп шартты түрде екіге бөлінеді.
Қарапайым қозғалыс: əсер етушіге жауап жылдамдығы, бір 
реткі қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс қарқыны жылдамдығы деп 
бірнеше түрге бөлінеді.Əсер етушіге жауап жылдамдығына – тітіркендіргіштерге (дыбыс, жарық, ыстық – суық, т.б.) жауап беруге кететін уақыт
мөлшері алынады. Ол қарапайым жəне күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым түріне алдын ала белгілі əсер етуші тітіркендіргіштерге жауап 
беру уақыты жатады. Мысалы, сөреден жүгіріп шығуға 
берілген дыбысқа кететін уақыт аралығы.
Күрделі жауапқа, алдын ала белгісіз жағдайға жауап беруге кететін
уақыт мөлшері алынады. Мысалы, спорттық ойындар кезіндегі, күрес,
жекпе-жек түрлеріндегі аяқ астынан болатын 
өзгерістерге жауап беру уақыты. Күрделі жауап берудің: бірі талдау 
арқылы, екіншісі қозғалыстағы затқа жауап беру жылдамдығы деген 
екі түрі болады.
9. Шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  • Балалар арасында ауыр жарақаттарды болдырмау үшін, мұғалім шұңқырлы жерлерден аулақ болуы керек.

  • Бас киімсіз және қолғапсыз жаттығуға тыйым салынады.

  • Киім суық пен желден қорғайтын, жеңіл және ыңғайлы болуы керек.

  • Далаға шыққан соң, бірден шаңғыға тұрмаңыз, себебі шаңғының үстінде мұз қабығы пайда болып, сырғанауға кедергі келтіреді.

  • Тар немесе кең етік, жарақаттарға әкелуі мүмкін, сол үшін шаңғы етігі аяқ өлшеміне сәйкес болғаны дұрыс.

  • Аяққа екі құрғақ шұлық (нәски) киюге кеңес беріледі.

  • Шаңғымен жүру кезінде 3-4 м аралықты, төмен қарай түскен кезде – 30 м ара қашықтықты сақтау ұсынылады.

  • Шаңғы жабдығы зақымданатын болса, міндетті түрде мұғалімді ескерту керек.

  • Егер тепе-теңдікті жоғалтып алсаңыз, сәл еңкейіп, бір жақ жанға құлаңыз. Жарақат алмас үшін таяқшаларды артқа қарай бағыттаңыз.

  • Тамақ ауруын болдырмау мақсатында, жаттығудан кейінгі алғашқы 20-30 минут ішінде салқын су ішуге болмайды.

  • Мектеп оқушылары үшін, бұл сабақ -5-тен -12 градус аралығында өткізілуі тиіс.

  • Үсік пайда болған жағдайда, теріні дереу үйкелеу қажет.

  • Мұны қармен емес, құрғақ қолмен жасаңыз, өйткені теріні зақымдап, инфекция жұқтыру қаупі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет