1 курс Сұрақтар: Дене шынықтыру кезінде жарақаттанудың негізгі себептері


Адамның репродуктивті функциясын дене шынықтыру арқылы сақтау дегеніміз не?



бет11/24
Дата13.03.2023
өлшемі69.25 Kb.
#470745
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
1 курс физра

16. Адамның репродуктивті функциясын дене шынықтыру арқылы сақтау дегеніміз не?
Денсаулыктың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық (reprodutcio -қайта өндіру, көбею). ДДСҰ анықтамасы бойынша репродуктивтік денсаулық-бұл тек ауру жағдайының жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі.
Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады.
17 . Физикалық сапа ұғымы "күш".
Күш – материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе ерістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың доп ка, желдің қайык желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар Бұл үғым ауыспалы мағынада да колданылады.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипатптайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.К
18. Дене шынықтыру және оның ДӨС (Денсаулық өмір салты) қалыптастырудағы рөлі.
Салауатты өмір салты зиянды әдеттермен қатар тұра алмайды. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге белсенділік танытуына, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді.
Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін маңызды факторлар болып табылады. Біздің республикамызда балалар мен жастар арасында ішімдік ішу, темекі тарту, есірткі заттарды қолданудың өршуі, ас қорыту жүйесі, жүйке ауруы, жақыннан көрмеушілік және қозғалыс - тірек аппаратының аурулары көбеюде. Сондықтан балалардың салауатты өмір сүруіне мектептің ролі жоғары.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік және жыныстық тәрбиенің гигиеналық аспектілері туралы оқып біледі.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына яғни салауатты өмір салтын қалыптастыруына дене тәрбиесінің маңызды өте зор.
Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан - жақты толық дамымайды. Ғалымдардың пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14 - 21 сағат болуы қажет. Қимыл әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныш күшін әлсіздендіреді, толық дене дамуын қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қуаты қабілеттілігін мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең мектеп жанындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.
Бала кезінде әртүрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл әрекеттер адамға оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді, жаңа күрделі қимыл әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал, мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан ебедейсіз, орашалақ қимыл әрекетін көреміз.
Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минуттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар темекі тартпайды, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады. Адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет