1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Педагогиканың әдіснамасы ұғымын тұжырымдаңыз



бет7/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Пед 1-40

17. Педагогиканың әдіснамасы ұғымын тұжырымдаңыз
Әдіснама (грек сөзі methodos - зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos- сөз ұғым) 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті көру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай - да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім және оларды зерттеушінің ойлау деңгейін, оны таным процесінің дамуына жол көрсетуші ретінде қарастырған дұрыс. Педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын-оқыту, тәрбиелеу, дамыту теориялары құрайтыны баршаға мәлім. Бұл аталған теориялар зерттеу әдісі қызметін атқарады және басқа теориялардың құрамдас бөлігі болып табылады. Әдіснама - зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын көруге, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс- әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселеге әр тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.
Ғылымда әдіснамалық бөлімнің төрт деңгейін бөліп қарастырады:
философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және техникалық. Философиялық деңгейде танымның жалпы қағидалары және ғылыми аппараты құрылады. Жалпы ғылыми деңгейдің негізінде көптеген ғылымдарда қолданылатын тұжырымдамалар, әр аспектіде ғылыми тұрғыдан келу жүйесі жатыр. Яғни, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, мәдени, этнопедагогикалық және т.б. тұрғылардан келу. Нақты ғылыми деңгей - нақты бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістер, принциптер жиынтығы. Техникалық деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістеме мен техника құрайды.
Қазіргі кездегі ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамуда және оған нақты - ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулерге сүйене алады. Кей кезде әдіснаманың философиялық және нақты - ғылыми деңгейлері теңесіп, олардың шынайы мүмкіндіктері мен шегі ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі - материалистік диалектика ғана айғақтайды. Бұл мәселелер Т.Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, К.Поппердің әдіснамалық тұжырымында және басқа тұжырымдамаларда көп көңіл бөлінген және олардың ғылым тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынаған. Қазіргі әдіснамалық және ғылыми - педагогикалық зерттеулер ғылыми білімдер жүйесінің жалпы құрылысынан ерекше орын алуда, сондай - ақ диалектикалық материализмнің дамуына өзіндік тұрғыдан әсер етуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет