1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігін түсіндіріңіз



бет3/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пед 1-40

11.Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігін түсіндіріңіз.
Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі Педагогикада мынадай аксиома бар: интеллект интелектімен ұшталады, мінез-құлық мінез-құлықпен тәрбиеленеді, жеке адам жеке адаммен қалыптасады. Мұғалім өзінің педагогикалық қызметін партияның бағдарламалық нұсқауларымен, біздің жеке мұраттарымызбен салыстырып отыруы тиіс. Жанжақты саяси ой өрісі мен коммунистік сенімділік мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысында партия жолын ешбір бұлтақсыз жүргізуге жәрдемдеседі. Егер мұғалімнің өзінде әлемдегі және біздің еліміздегі оқиғаға деген ықылас айқын көрінсе, уақыт тынысын сезе білсе, онда мұның өзі оқу-шыға да сондай ықылас туғызады. Оқушылар: «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс»,— дейді. Бұл әзілде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі — қарапайым да, қажетті талап. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады. Өзің жақсы көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе жақсы меңгеріледі,— деп есептейді тәжірибелі мұғалімдер. Алайда мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді творчество-лықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады. Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. Мәселен, А. В.Луначарский атап көрсеткеніндей, педагогика моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім — бұл ең әуелі қайғы-қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды кұрметтей білетін және оларға ұқыпты карайтын жақсы адам. Мұғалім дұрысында мархаббатты мамандық. Белинскийдің ойынша: тәрбие мақсаты — адамгершілік құралы — сүйіспеншілік. Педагогикадағы адамгершілік адамдарға әрдайым риясыз пайда келтіруі, балалардың рухани және дене саулығы таза болып өсуіне жәрдемдесуі арқылы көрінеді. Сонымен коса мұғалім бейнесін көпшілік мақұлдаған ізгілікті жандардан тұратын бейне бір стандартты, өзгермейтін модель ретінде елестетуге.болмайды. Адамға тән нәрсенің барлығы мұғалімге жат емес. Алайда болашақ жас педагогтар үшін өзін-өзі тәрбилеудің кәсіптікпедагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн. Үйірсектік. Тұйық мұғалімге өзі мен шәкірті арсындағы өзара түсінісушілік пердесін ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мұғалімдерге қарағанда, шәкіртінің ішкі әлеміне енуі едәуір қиынға түседі. Өзін-өзі үстай білу. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды (тәрбиелеудің ауыр амалдары). Сондықтан «ауыр» амалдар әлсіз педагогтарға тән деп тектен тек айтпайды. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Мұғалім оқушымен жұмыс істегенде қабылдау сергектігі мен экоциялылығы шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білушен үйлесім табуы тис. Мақсатқа жетудегі табандылық. Іскер мұғалімдер өзі қойған талабынан қайтпайды. Ол: тамшы тасты өз күшімен емес, өзінің жиі таматындығымен теседі,— деген ма-қалдык мәнін жақсы түсінеді. Оптимизм және әзіл. Москва жанындағы бір мектептің жоғары сынып оқушыларынан оқытушының мінезіндегі қандай ерекшеліктерді айрықша бағалайтыңдығын атауды сұрады. Олар оқытушының өз пәнін терең меңгеруі және оқушыларды құрметтей білуінен кейінгі үшінші орынға әзілді атады. Өте сыпайы, әрі орынды әзіл — тәрбие үдерісінің белсенділік катализаторы. А. С. Макаренко педагогтарға балалар ұжымында сергек, қуанышты көңіл-күй туғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының жақсы жақтарына сену және тәрбиеде соған арқа сүйеу қажет деп үйретті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет