1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы рөлін белгілеңіз



бет4/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пед 1-40

12. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы рөлін белгілеңіз.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көпсалалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие және оқыту үдерісін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі. Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті болып танылған. Педагогикалық қызмет қиындығы мол қызмет. Себебі, ол бір-екілі ғана баланы тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшелігін дамытады, ынтымақты тату, жарасымды ұжымға топтастырады. Әр балаға жеке адам деп шынайы қамқорлық жасайды. Адам жанында, қоғамды да, табиғи ортаны да ізгілікке бөлейтін пәрменді ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениетінің қайнар көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім болашақтың мүсіншісі бола алады деген сұрақ туатыны заңды. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын, еңбеккерлерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы үнемі ізденіп біліммен қаруланғаны шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі де бала, ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу – бірінші кезектегі міндет. Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады. Себебі, бала пассивті материал емес. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті, сезгіштікті, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам. Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көріне түсінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйлау сезімін тудырады. Мектеп өміріне көз салсақ, балалар бір қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы немесе жек көреді, содан кейін біртіндеп мұғаліммен бірге оның беретін физика не химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан, балаға шын ықыласы бар мұғалімнің өзінің мамандық қызметіне де қызығушылығы арта түсетінін көруге болады. Л.Н.Толстой мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол – шын мәніндегі қазіргі заманның мұғалімі бола алмайтынын өсиет етіп айтқан. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуальдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Қазіргі жағдайда басты міндеттердің бірі – білім сапасын арттыру алдынғы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі және жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәрежесі ғана шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлдігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы білімнің молдығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратындығында, меңгеруге ыңғайлылығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет