1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы


Тақырып: XIX ғ I – жартысындағы қазақ әдеби тілі



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі492.5 Kb.
#21638
1   2   3   4   5   6

Тақырып: XIX ғ I – жартысындағы қазақ әдеби тілі.

Жоспар

  1. XIX ғ I – жартысындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық сипаты.

  2. XIX ғ I – жартысындағы Қазақ әдеби тілін танытатын нұсқалар.

  3. XIX ғ I – жартысындағы әдеби тілдің лексикасы.


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.


Теориялық мәлімет

1. XIX ғ I- жартысында патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетін ең бір шешуші кезеңі болды:

Қазақ даласының көптеген жері Абссил империясының құрамына кірді; ел басқару билігі патша үкіметі өз қолына алды. Ол үшін 20 – жылдарда жылдық үкіметі жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді. Олар: Орта жүз бенСибирді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылғы «Сибирь қазақтары туралы устав» пен 1831 жылғы Кіші жүзде «Ел басқарудың дистоциялық системасы» деген тәртіптер. Осыған байланысты, қазақ даласында ел билеу, әкімшілік сот істеріне қатысты көптеген жаңа отаулар пайда болды.

Қазақстанның оңтүстік аудандары XIX ғ I – жартысында Ресей құрамына әлә кірмей Хиуа мен Қоқан хандықтарының қол астында болды.

Экономикалық өзгеріс те елеулі болды. Әсіресе сауда-сттық күшейді. Саудаға қазақ балалары араласа бастады. Жәрменкелер етек алды. 1849 жылы атақты Қоянды жәрменкесі ашылады. Сондай-ақ Сұбыртанды, Чернояр, Семеи жәрменкелері ашылады.

Қазақ даласы Экоомикасында екінші елеулі өзгерісі егіншіліктің әрі қарай дами түсуі, егістік құралдардың жабайы түрлерінің келе бастауы: көлігі жоқтар жердішыбытпен қопарып, көлігі барлар ағаш соқаман жыртты XIX ғ 30 – шы жылдарынан бастап қазақ еңбекшілері мемлекеттік салақ төлей бастады.

Қазақ даласындағы мұндай саяси экономикалық өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды. Ең алдымен, әлеуметтік өзгеріс-жаңалықтар болды. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.

XIX ғ 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген халақтың өмірінде із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды.

Мі не, осындай саяси, әлеуметтік және экономикалық хал-жағдайлар қазақ тілін, оның әдеби түріне әсерін тигізді. Бұл әсіресе тілдіңлексия саласында айқын көрінді.
2. Фольклордан ажыратылып, авторы белгілі болып ілгеріленіп келе жатқан тарихи әдибет XIX ғ I – жартысында одан әрі жалғасты (Әдиебетті зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл тұста жігі айқындала түскен идиологиялық екі бағыты екі ағымы ) Бұл дәуірде өмір сүрген қазақтың ақын-жырауларыдың кейінгілері мыналар: Махамбет (1804-1846) Шернияз (1817-1881) Шөте (1808-1895) Дулат (1802-1871) Шортанбай (1818-1881) т.б.

XIX ғ I – жартысында көркем әдейбет мұрасы да алдындағы үлгілерден бірге ауызша таралып сақталған вариянтында жетті. Сондықтан бұл кездің тілін зерттеуге әсіресе морфологиялық тұлғаларды көрсетуге тектологиялық қайшылықтар мұндада орын алды.

Денгенмен XVIII ғасырд, бір жағынан, темотикасының түрленіп, ауыз әдейбеті тақырыбы шеңберінен шығып, әлдеқайда жеке авторлық сипат алғандықтан бұл дәуірдегі көркем әдейбет үлгілерінің дәлірек жеткендігін байқаймыз.

XIX ғ алғашқы 40-50 жылдарындағы қазақ тілін танытатын көркем әдейбет үлгілері мен қатар ресми – эпистолиярлық әдейбет болды. Бұл кезде әлі қазақ тілінде оқу педагогиялы, әлеуметтік – публистикалық және ғылыми әдейбет болған жоқ. Көркем әдейбеттің өзі өткен дәуірдегідей бір ғана формада-поэзия түрінде келді. Көркем проза, оның әр алуан жанырлық салалары әлі туған жоқ еді.


3. XIX ғ I – жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамына келсек, оның негізгі қазақтың жалпы халықтың тілінің төл сөздері қабаттары арап –парсы сөздері мен едәуір көбие түскен орыс сөздері Бұл үш қабаттың үшеуінде де талдап отырған дәуірде едәуір өзгерістер болды: өздері білдіретін зат ұғымдарының өмірден бірте бірте қолдап бара жатқандығына байланысты кейбір сөздер әдеби тіл тәртібінде пасивтент сирек қолданыла бастады керісінше қазақ даласына XIX ғасырда келген жаңа әлеуметтік, экономикалық құбылыстарға орай соларға қатысты көптеген жаңа лексиялық единдарлар пайда болды (неологизмдер).

Жоғарыда айтқанымыздай бұл дәуірде де қазақ әдеби тілін танытатын негізінен көркем әдейбетте поязия жаныры болғандықтан, сол поязияның тематикасына қарай бірсыпыра лексиялық топтарды атап көрсетуге болады.



Махамбет шығармаларында жауынгерлік лексиканың көзге барын алуы – заңды құбылыс. Мұнда ең алдымен қару-жарақ атаулары мол. Оның бір тобы сол көтерлісте кезеңіндегі әскери жабдықтардың атаулары болады. Олар-найза, қылыш, мылтық, садақ атаулары. Бұл қару – жарақтың атаулары ақын әр алуан эпитетпен қолданады: алты құлаш, ақ найза, толғамалы найза, егеулі найза, құрыш болат (қылыш) т. б.

Махамбет ақында тек өзі араласпай жорықтар картинасын беру үшін емес, жалпы обрыз жасау үшін де қолданылыды. Мұндайда алып ауыз әдебиеті штампылары пайданылады:садақ толған саб кез ақ, қызыл сырлы төбе,садағынын сары жебені салдырған, қозы жаурынт т.б.

Жауынгерлік лексика махамбеттен басқалырында да әсіресе XIX ғ орта тұсында әрі асатын әдеби тіл нұсқаларында бірте – бірте кеми береді. Бұл саладағы біраз сөздерді Дуллаттан кездестіреміз. Оның да көбі Дулаттың «Есембет» атты батыр туралы дастанында қолданылған. Бұл атаулар жоғарыда келтірілген ертегі қару-жарақ аттары.

X1X ғ қазақтың көркем әдебиетінде қоғам өмірін, ондағы естелік жаңалықтарды суреттеу басты тақырыптардың бірі болғандықтан, бұл кездегі тілді әкімшілікке байланысты лексика, яғни сол тұстағы қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрлысты білдіретін хан, ханзада, ханым, төре, сұлтан, ақ сүйек, бай, кедей, қара жұрт сөздері актив қолданылған мыс: Махамбетте: Ақ сүйектің баласын

Қара ұлына теңгердік

18 ОБСӨЖ

Тақырып: ХІХ ғасырдың І жартысындағы (60-70 жылдарға дейін)

қазақ әдеби тілін танытатын нұсқалар

Жоспар:

1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілін танытатын нұсқалар

2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің лексикасы

3. Сөз тудыру тәсілдері


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

Фольклордан ажыратылып, авторы белгілі болып ілгеріректен келе жатқан тарихи әдебиет ХІХ ғасырдың бірінші жартысында одан әрі жалғасты. Әдебиетті зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл тұста жігі айқындала түскен идеологиялық екі бағытты ұстанған екі ағымдағы қазақ әдебиеті өмір сүрді: бірі бұқарашыл, екіншісі кертартпа реакцияшыл. Бірінші тобына Махамбет ақынның (1804-1846), Шернияздың (1817-1881), Шөженің (1808-1895), шығармалары жатса, олардың қарама –қарсысында Дулат (1802-1871), Шортанбай (1818-1881), Байтоқ, Жанұзақ т.б. шчығармалары болды. Әдебиетті зерттеушілер творчествосының негізгі тематикасы жағынан Шал ақынды 18 ғасырдың өкілі ретінде, ал Дулат, Шортанбай, Шөжелерді 19 ғ орта тұсының (50-70 жылдардың) уәкілдері ретінде танып жүр. Әңгіме етіп отырған дәуірде бұлардан басқа да Жанақ, Түбек, Арыстан , Орынбай т.б. тәрізді ондаған ақындардың есімі белгілі. Әдеби тілдің тарихын зерттеуде бұлардың да маңызы зор. Әралуан идеологиялық бағытта болғандығына қарамастан, әдебиет дүниесінде алған орындары да аса үлкен емес әрқайсысы сол тілдің дамуы нда азды-көпі үлесін қосып, әрі қарай дамытуға, таратуға себепкер болды.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы көркем әдебиет мұрасы да оның алдындағы үлгілердей, бізге ауызша таралып сақталған вариантында жетті. (Дулат пен Шортанбайдың 70-80 жылдарды жарық көрген бірер кітаптарынан басқасы). Сондықтан бұл кездің тілін зерттеуге әсіресе морфологиялық тұлғаларды бұлжытпай көрсетуге, жоғарыда айтылған текстологиялық қайшылықтар мұнда да орын алған. Дегенмен, 18 ғ қарағанда, бір жағынан уақыттың жақындығынан, екінші жағынан, теметикасының түрленіп, ауыз әдебиеті тақырыбы шеңберіне шығып,әлдеқайда жеке авторлық сипат алғандығынан, бұл дәуірдегі көркем әдебиет үлгілерінің дәлірек жеткендігін байқаймыз. Ал бұл жағдайдың тіл тарихын зерттеуде үлкен мәні болатыны тағы аян.

ХІХ ғасырдың алғашқы 40-50 жылдарындағы қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми-эпистолярлық әдебиет болды. Бұл кезде әлі қазақ тілінде оқу-педагогикалық, әлеуметтік-публицистакалық және ғылыми әдебиет болған жоқ. Көркем әдебиеттің өзі өткен дәуірдегідей, бір ғана формада – поэзия түрінде келді. Көркем проза, оның әралуан жанрлық салалары әлі туған жоқ-ты.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің лексикасы

ХІХ ғ І жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамына келсек, оның негізі – қазақтың жалпы халықтық тілінің төл сөздері, қабаттары – араб-парсы сөздері мен едәуір көбейе түскен оырс сөздері. Бұл үш қабаттың үшеуінде де таодап отырған дәуірде едәуір өзгерічстер болды: өздері білетін зат, ұғымдардың өмірден бірте-бірте қалып бара жатқандығына байланыста кейбір сөздер әдеби тіл тәжірибесінде пассивтеніп, сирек қолданыла бастайды, сондықтан бұл кездегі архаизмдерді өз алдына сөз етуге болады. Керісінше, қазақ даласына ХІХ ғасырда келген жаңа әлеуметтік, экономикалық құбылыстарға орй соларға қатысты көптеген жаңа лексикалық едіницалар пайда болады. Жаңа элементтерге қазақ тіліне ене бастаған орыс сөздері де, мағынасы жаңғырып, жаңа ұғымды білдіруге көшкен байырға төл сөздер де, жұрнықтар немесе синтаксистік тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздер де жатады. ХІХ ғ 60-70 жылдарын дейінгі қазақ әдеби тілі сөздік құрамы сол кездегі әдебиеттің мазмұны мен тақырыбына тікелей байланысты. Жоғарыда көрсеттік, бұл дәуірде де қазақ әдеби тілін танытатын негізінен көркем әдебиетте поэзия жанры болғандықтан, сол поэзияның тематикасына қарай бірсыпыра лексикалық топтарды атап көрсетуге болады.

ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстаннынң батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Бұл көтеріліс Махамбет, Шернияз арқылы қазақ әдебиетінде ізін қалдырды. Жауынгершілік мотивтегі көркем әдебиет ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тіліне тән сипматты белгілердің бірі болғандықтан, бұл кездегі сөздік құрамда да жауынгерлік тобы көзге түседі. Бірақ бұл ерекшелік осы дәуірдегі көркем шығармалардың бәріне бірдей тән емес. Ішкі-сыртқы жауға қарсы соғысу, ел мүддесін қорғау сияқты тақырыпты жарлаған авторлардың біреуінде жауынгерлік лексикаға жататын сөдер молырақ, енді біреулерінде кемірек кездеседі. Мысалы, Махамбет өлеңдерінде бұл лексика тобын молынан кездестірсек, «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп өткен Шерниязда соғыс-ұрысқа қатысты сөздер кемдеу ұшырасады. Ал жыр обьектісі сол Жәңгір хан дәуірі болған сарай ақындары Байтоқ пен Жанұзақта бұл сериядағы сөздер тіпті сирек.

Сөз тудыру тәсілдері

ХІХ ғасырдың І жартысында сөз тудырудың негізгі тәсілі – бұрынғыдай жұрнақтар жалғау. Ең көзге түсетіні - -лық жұрнағы. Оның баста қызметі – абстракт зат еісм тудыру: хандық, құлдық, ерлік, жалғыздық, жақсылық, жамандық, ұрлық, сұмдық т.т . Бірақ бұл туынды сөздердің көбі – сол дәуірдің өзінде ғана пайда болғандар емес, бұрыннан барлар. Бұлардың ішінде ХІХ ғасырдың І жартысында жасалғандарын кесіп көрсету қиын, өйткені бозбастық, бойдақтылық, теңдікті (мал), теңдіксіз (мал) тәрізді бірен-саран жерде ұшырасатынгдары болмаса, қалғандары 18 ғ тіліндеде, ауыз әдебиетінде де жиі қолданылған. Дегенмен, сан жағынан алғанда 50-70 жылдарда –лық жұрнағымен келген абстракт есімдер көбірек кездеседі. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендердің басқаша ащылық (ащылығы умен тең – Дулат), ептілік, тыныштық, төрелік, әділдік, адалдық, күндестік, міндестік, қайырымсыздық, арамдық, даналық, албырттық, т.б. сөздері қолданылған. Сірә, бұлардың ішінде қажылық (қылу), төрелік («төре» сөзінің ел билеуші, әкім, начальник деген жаңа мағынасынан туған варианты:Төреліктің белгісі – Елін жауға бере ме – Дулат), күндестік, міндестік тәрізді 5-10 сөз ғана талдап отырған дәуірдің өз туындылары болулары керек..Өйткені қазақтардың қажыға баруы – ХІХ ғ басталған құбылыс, сондай-ақ бұрын самья, ошақ басындғы жеке адамдарға тән күндес сөзінен абстракты ұғым тудырып, оны енді ел, көпшілік шеңберінде пайдалану (Күндестік те еліңнен, Міндестік те еліңнен – Дулат) бұрынғы әдебиетте болмаған жай.

ХІХ ғасырдың І жартысында –лық жұрнағы арқылы мынадай жаңа сөздер туда деп кесіп айта алмасақ та, осы дәуірде бұл тұлғадағы сөздердің жиі қолданыла түсуін батыл көрсетуге болады.



-лық жұрнағы арқылы жасалған абстаркт есімдер ғана емес, зат атаулары да ертеден келе жатқан сөздер. Бұл кезде –лық жұрнағының сын еісм жасау қызметі, алдындағы дәуірлердегідейуақыт епн өлшемге байланысты жерлерде ғана кездеседі: бір тиындық, бес тийындық. Бұл аффикстің тайлық ақгша, ақындық қуат тәрізді тіркестердегі таза сын есімдік қызметі некен –саяқ.

-шы жұрнағы арқылы туған сөздер де көп емес. Махамбеттегі Исатай басшы, мен қосшы дегендей,

ксі вариант та ара-тұра қолданылып отырады: Құбылаға бас қоймақ… (Шортанбай).

19 ОБСӨЖ

Тақырып: ХІХғ. 1-ші жартысындағы қазақ әдеби

тілінің ерекшеліктері.

Жоспар:


  1. Орыс сөздерінің ене бастауы

  2. Араб – парсы сөздері

  3. Кейбір грамматикалық ерекшеліктер



Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

ХІХ ғасырдың басынан бастап, 60 – 70 жылдарына дейінгі қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерден бір айырмашылығы – оның лексикалық құрамына орыс сөздерінің ене бастауы. Россияға қосылып болуына байланысты халықтың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, әкімшілік, сот – заң т.б. салаларға қатысты жаңа зат, ұғым атаулары орыс тілінен алына бастады. Ғасырдың алғашқы 20 – 30 – жылдарының ішіндегі әдеби үлгілерге орыс сөздері әлі өте аз еді. Махамбет, Шернияздарда русизмдерден шай, расхот, срок, солдат сияқты төрт – бес сөз ғана кездеседі. Ғ.Мұсабаев қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесін үш кезеңге бөліп, 1 кезеңі – ХVIII ғасырға дейінгі дәуірде оның өте әлсіз болғанын ХVIII ғасырдан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі кезеңде едәуір талдана түскенін айтады, бұл тұста қазақтардың сөйлеу тілінде шаруашылық пен тұрмысқа қатысты соха, борона, пикет, чашка, стакан, поднос сөздері әскери - әкімшілік саласынан комендант, пристав, майор, солдат, поштабай, сот, атбекет (адвокат) сөздер болды дегенді айтады.

ХІХ ғасырдың 50 – 60 жылдарына қарай қазақ әдебиетінің сөздік құрамына орыс сөздері едәуір ене бастады. Қазақ даласын билеудің 1822 және 1867 – 68 жылдардағы реформа – тәртіптеріне байланысты хандық билік жойылып, әкімшілік, заң системасының жаңа түрлері пайда болуына, орыс саудасының күшеюіне, шаруашылықтың егін салу, жер жырту, орман күту сияқты жаңа түрлерінің жандана бастауына байланысты ондаған русизм әдеби тіл айналымына түседі. Бұл кездегі көркем әдебиет үлгілерінен болыс, старшин, майор, сот, медал, піркәшік, тілмаш солдат, барабан, кір (гир) боз, базар, самауыр, тарантас сияқты жалпы есімдер мен Петірбор сияқты бірен – саран жалқы есімдерді кездестіруге болады.

Бұл кезеңде қазақтың көркем әдебиет тілінде араб – парсы сөздері көптеп кездеседі. Олардың бір тобын абстракт ұғымдарда білдіретін халық тіліне сіңген сөздер құраса, келесі тобын ислам дініне қатысты ұғымдар мен ритуал атаулары және дін иелерінің аттары құрайды.

Араб – парсы сөздік қабаты барлық ақындарда бірдей емес, олар Махамбет, Шернияз өлеңдерінде өте аз, барлары халық тілінде қалыптасқандар. Бұл осы ақындардың тақырыптарына да байланысты: халық көтерілісін немесе сол көтерілістің басшыларын, я болмаса қара басының хал жағайын сөз еткен өлеңдерде араб – парсы сөздері кемірек ұшырайды.

Араб – парсы сөздерінің аз – көп қолданылуы авторлардың сауаттылығына да байланысты болады. Дулат, Шортанбай, Махамбет сияқты ақындар – мұсылманша сауатты болған адамдар. Сондықтан бұлардың қаламынан шыққан туындаларда шет тілдік элементтер, оның ішінде халықтық сөйлеу тілінде енгендерден өзге сөздерде ұшырайды. Мысалы, Дулат, Шортанбайларда кейінгі арабизм – фарсизмдерден өзге шафагат, кәләл, фурқан, ғафил, рабби, хақ, хаһар, хатим, такбир, ғарип, әднәм сияқты сөздер бар.

Өткен кезеңдердегі қазақ тіліндегі араб – парсы сөздерін екі топқа бөліп талдауға болады. Бірі- мұсылманша діни ұғымдарды білдіретін сөздер тобы, екіншісі – діни ұғымға қатысы жоқ сөздер.

«Діни» лексика әсіресе дінді арнайы сөз еткен немесе оны үгіттеген қаламгерлерде көбірек кездесетіндігі түсінікті. ХХ ғасырдың орта тұсынан бермен қарайғы қазақ сазгерлерінің ішінде мұндай авторлардың бірі – Шортанбай. Ол өзінің идеологиялық көз қарасында дінге, оның ішінде мұсылманшылыққа иек артқан ақын, кейде тіпті ол мұсылманшылықтың жаршысы болып толғайды. Оның сараң адамға берген анықтамасы «молдан зекет бермеген, аузына құдай кірмеген» деп келеді. Сондай-ақ «мал бақтырар пайдаға, зекетсіз мал айдама», «Құдіретке көніңіз, құдайменен ойнама», «бұл дүниеде пайда жоқ, өлгеніңше дін сақта» деген ашық үгітке де кетеді.

Араб-парсы сөздерінің екінші тобын дінге қатысы жоқ сөздер құраса, олардың дені жалпы абстракты ұғымдарда, қалғаны оқу-ағарту, мәдениетке байланысты енген сөздер. ХІХ ғасыр І-ші жартысында мағынасына мұсылмагнша оқу-ағартуды білдіретін араб-парсы тілінен енген жеке сөздердің қолданылуы мен қатар, осы сөздер арқылы образдар да жасалады. Мысалы: «Шежіре туған адамның көкірегі сызған хатпен тең», «Хат оқиды молдалар, қаламмен тапқан сиядан». Сабақ алу, сызған хат, кітап ұстау, молдадан сабақ алу, медресе салу сияқты тіркестер қазақ тілінде осы кезеңнен бастап қолданыла бастады. Мүмкін олардың бірқатары халықтың сөйлеу тілінде бұрыннан да бар болды, бірақ өрем поэзия тіліне еніп, әдеби айналымға түсен фактісін ХІХ ғасырдың басынан бастап 60-70 жылдарына дейінгі үлгілерден көреміз.

Осы кезеңде ақын сөзімен қатар шайыр: өлең, толғау сөздерімен қатар бәйіт деген арабизмдер қолданылады және екеуі де ақындар шығармалырының кітаб болып жариялануына байланысты кездеседі. Мысалы, Шортанбай «Балазары», «Қисса-и Шортанбай» деген кітаптарда «Бәйіт айтып, баян қып, жарастырдым әрнеге» немесе «Бұ бәйітті шығарған біз бишара ғаріп Шортанбай» дейді.

Бұл кезеңде де басты-басты морфологиялық тәсілдердің көрінісі қазіргідей: сөзді септеу, жіктеу, тәуелдеу, өпше тұлғада өзгерту парадигмасы; сөздердіәң қиысу, қабысу, жанасу, меңгеру тәсілдері, етістіктердің рай, етіс категорияларында қолданылуы, сын есімнің шырау түрлері негізін осы күнгі нормаға сай келеді. Бірақ кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі мен сыртқы формасы жағынан ерекшелігі жоқ емес. Ол ерекшеліктер, бір жағынан нормалану процесіне тіреліп жатса, екінші: жағынан белгілі бір функционалдық стиль белгілерін танытады. Мысалы, -арға мен -уға тұлғаларының қолданысына күшті сезіледі. Осы күнде -уға түрінде берілетін амал ХІХ ғасырда әлі де –арға вариантында жиі кездеседі: Өлең айтып толғандым, көкірегімді басарға (Махамбет) бармайды ауыз шіркін жамандарға (Шернияз).

Қимыл есімнің өзі әлі де екі вариантта кездеседі. Олар –мақ және –у жұрнақтары арқылы келетін тұлғалар. Мұның алдыңғы кезеңдерде өнімдірек болған - мақ аффиксі түрін бір-бірте – у жұрнақты вариантты алмастыра бастағаны байқалады. Дулат, Шортанбай, Шал ақындар көбінесе срңғы тұлғаны қолданады; өлгеніңше тою жоқ, тегемін қазақ қою жоқ (Шортанбай).

20 ОБСӨЖ

Тақырып: ХIХ ғасырдың 2- жартысындағы қазақ әдеби тілі.

Жоспар

1.XIX ғ 2- жартысындағы қазақ елі және тіл мәдениеті.

2.Әдеби тілдің лексикалық құрамы.

3. Орыс тілі элементтері.

4. Араб- парсы элементтері.

Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

Қазақ даласының саяси- әлеуметтік,экологиялық- мәдени өмірінде xix ғ. 2-жартысының орны ерекше. XIX ғ 60- жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы толық аяқталды. Қазақ қоғамының құрылысы өзгерді. XIX ғ 1- жартысында басталған жаңа әкімшілік системасы хіх ғ 2- жартысында 1968-69 жылдары әрі қарай реформаланып, патшалық Ресейдің отарлау мәдениетіне қызымет ететін дәрежеде құрылды.

Талдап отырған дәуірде тіл практикасын танытатын мынадай әдебиет нұсқалары болды.


  1. Халықтық ауыз әдебиеті шығармалары.

  2. Қазақтың тарихи көркем әдебиет дәстүрін әрі алып барған жеке ақындар шығармалары. Шөже,Сүйінбай,Жаяу Мұса, Әсет, Базар жырау.

  3. Жаңа демократиялық жазба әдебиет уәкілдерінің Абай мен Ыбырайдың шығармалары.

  4. Тұңғыш қазақ тіліндегі баспасөз болып саналатын жергілікті әкімшілік органдары-“Түркістан уәлаятыныңгазеті”,”Дала уәлаятының газеті”,”Торғай газеті”атты газеттер.

  5. Патша үкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазған ресми кеңсе қағаздары.

  6. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін аудармалары., яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар:”Шахнаме” “Ләйлі- Мәжнүн”,”Жүсіп- Злиха:”,”Фархат- Шырын”,”Ескендір “т.б

  7. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбар мен әулелерін дәріптеитін таза діни тақырыпты “кітаби”тілде жазылған қиссалары.

  8. XIXғ.2- жартысында алғаш пайда болған қазақ тілінің алғашқы грамматикалары мен хрестоматиялары, оқулықтар және екі тілді сөздіктер: Н.И. Ильминский Мтериялы к изучению киргизского корегия. Казан,И. Алтынсарин, Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку. Орынбор, 1871 ж

  9. Көпшіліке арналып медицина, ветеренрия т.б қатысты тақырыптарға жазылған кітапшалар.

  10. Мисионерлік мақсатпен жазылған, кристиян дінінің колендарын қазақ тілінде түсіндіріп уағыздайтын кітаптар.

Әдеби тілдің лексикасы.

Қазақ әдеби тілінің хіх ғ. 2-жартысындағы сөздік құрамы үш қабаттан тұрады: біріншісі- негізгі жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, екіншісі- араб- парсы сөздігі, үшіншісі- орыс сөздігі.

XIX ғ.2-жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысы өзгерді: қоғам феодалдық болып қала бергенімен, қарама- қарсы екі таптың өз іштерінде әлеуметтік топтар пайда болды. Бірқатар әлеуметтік категориялар сол тұстың қоғамдық- экономикалық дәрежесіне сай келмегендіктен, бірте- бірте жойылды да, жаңалары пайда болды.

Жойылып кеткен хан, құл, төленгіт категорияларға байланысты сөздер мен тіркестердің хіх ғ.2- жартысындағы әдеби тілде қолданылу жиілігі сирей бастайды да, тек тарихты баяндау немесе ауыспалы мағнада образ жасау үшін қолданылады.

Кедей, жарлы сөзі бұл кезде жарыса қолданылады, бірақ кедей сөзінің терминдік мәні асып, жарлы сөзінің жалпы сындық мағнада қалыптасқаны байқалады. Қарашы сөзінің “ханға бағынышты қара халық” деген ұғымы жоғалып, өзі де қолданудан қала бастайды. Т.б.

XIX ғ. 2- жартысы қазіргі қазақ әдеби тіліндегі мол қабат- орыс элементтерінің едәуір дәрежеде ене бастаған дәуір. Бұл кездегі көркем әдебиеттегі, баспасөздегі, тіпті осы кезде жазылған ауыз әдебиеті үлгілеріндегі орыс сөздері өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Ең алдымен, жаңа әкімшілік- сот системасын, тәртіп- заңдарын білдіретін сөздер еніп орын тебеді. Олар:сияз, закүн, ояз, болыс, старшын,шен, поштабай, ауылный, көпес, сөхдері.

Бұлар өте жиі қолданылған және барлық ақындарда кездесетін актив сөздер.

XIX ғ.2- жартысында бұл тенденцияның көзге түсерлігі соншалық, тіпті осы кезеңде жариалана бастаған ауыз әдебиеті үлгілерінде де көптеген орыс сөздері кездеседі. Мысалы:

Атлас көйлек үстінде,

Пәуескелі күймемен,

Көк пәуескі күймемен

Үш қара жорға атты тройкіге жегіп

Кісі бойы кіреует. (Қыз Жібек)

Бұл дәуірде орыс элементтерінің айтарлықтай мол қолданылуына хіх ғ. –ғы орыс текстерінің аудармалары мен орыс өкіметінің сол кезгі боспасөз орындары үлкен әсер еткен. “Дала уалаяты газетінің” бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин көрсеткендей газет орыс тіліндегі материялдарды қазақшаға аударғанда көптеген терминдерді, әсіресе заңға қатыстыларын, орысша күйінде қалдыруға тырысқан. Сондықтан бұл газеттерде көркем әдеби тілге сөздерден басқа папирос, велосипед, шкаф, стол, облұс, перуатчик, участок, прикауар, залок, копия, т.б орыс сөздері көп қолданылған.

Араб- парсы элементтері.

XIX ғ.2- жартысынлағы қазақ әдеби тіліндегі араб- парсы сөздері өткен дәуірлерге қарағанда айтарлықтай мол енді. Бұған бірнеше оракторлар себеп болған:бұл кезде ислам діні бұқара арасына кең тарала бастаған. Екіншіден, мұсылманша оқудың біраз жанданғаны да оқу- білім, мәдениетке қатысты көптеген ұғымдардың шығыс тілдеріндегі атауын әкелді. Үшіншіден, көркем әдебиет уәкілдерінің басым көпшілігі мұсылманша сауатты, тіпті араб- парсы тілдерінен хабары болды. Төртіншіден, осы тұста ғана жанданып етек алған кітаби тілдің ықпалы тиді. Міне себептерден сқз етіп отырған кезеңдегі әдеби тілде араб- прсы сөздерінің бұрыннан халық тіліне енгендерінен басқа көптеген жаңа көптеген жаңа түрлері қолданылған. Мысалы: гауһар, пайым, бәһана, насихат, ыбырат, қаһар, лаззат.

Бұл кезеңдегі әдеби тіл лексикасындағы араб- парсы сөздерінің арасалмағы барлық қаламгерлердің шығармаларында бірдей емес. Мысалы, араб- парсы лексикалық тобы молырақ кездесетін автордың бірі Ақан серінің кейбір шығармаларында мүлде жоққа тән.

Сүйінбай, Шөже, Біржан тәрізді қаламгерлердің араб- парсы сөздері аз, барларының көпшілігі халықтық қордағылар.


21 ОБСӨЖ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет