Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
-
Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
-
С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
-
Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
-
“Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
XY – XYII ғасырлардағы көркем әдебиет үлгілерінің тілін сөз ету үшін оларды тақырыбы мен мазмұнына қарай өз ішінен топтастыру керек. Асанқайға, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Шобан, Марғасқа, Жиембеттер негізінен екі – үш жанрда жырлаған: бірі – дидактикалық толғау, рның тақырыбы жалпы ақыл, насихат айту екіншісі - арнау толғау, яғни нақтылы біреуге , не оқиға не өзіне қарата айтылған сөз , оның тақырыбы көбінеае қоғам,адам,ел қорғау,үшіншісі – портрет өлеңдер. Оның өінде де бұл жанрлар жыраулардың барлығына бірдей тән емес;Қазтуған Доспамбетте,Шобанда, Марқасқа мен Жейембетте дидактикалық толғаулар жоқ. Ақыл – насихат сөздердің иелері – Асан мен Шалкиіз.Үлгі – насихат айту – толғаныстың нәтижесі (кейбір зерттеушілер мұны поэзиядығы философиялық бағыт деп атайды.) Бұл аспектіден қарағанда, М.Мағауиннің Шалкиізді қазақтың барлық жырауларының атасы деп атауының жөні бар.Сірә бұл «атаның» алдында Асан Қайғы тәрізді «Ата» да тұрған тәрізді. Қалған жыраулардың ішінде Қазтуған – портрет пен арнаудың шебері:ол «Бұдырайған екі шекелі» деп басталатын өлеңінде батырдың - өзінің портретін ұсынады. «Алаң да, алаң, алаң жұрт» және «Салп – салпыншақанау үш өзен» деп басталатын толғауларын «атасы күйеуі болымп келген, анасы келін » туған жеріне – Еділ жұртына арнайды. Доспамбетт те сондай: батырдың портретін жасайды. Шобан болса, портреттер голлереясын ұсынады, ол бірнеше батырға мінездеме береді. Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқалар көп толғауларын өз немесе өзге хандарға арнай айтады: Асан толғпауларынан Жәнібек хан, Шалкиізлен би Темір, Жиембет пен Еңсегей бойлы ер Есім, Марғасқадан Тұрсын хан деген билеушілердің аттарын көреміз.
Шешендік дидактикалық толғауларыда ой түйіндеріболатындықтан, оны білдірудің бірден – бір амалы – аналогияға бару. Мысалы Шайлкиіз «Бір жаманмен лос болсаң, жүмле ғаламға күлк етер» дегенді айту үшін, сол тәріздес өмірде болатын өзге құбылыстарды атап аналогия жасайды, яғни, шағырмақ бұлттың жай тастайтыны, ағытқан қойдың жол бастайтыны т.б. Мұндай аналогиялар тек дидактикалық толғауларда емес, арнау толғауларда да орын алады. Осындай паралелльдер үшін жыраулар образды айналадағы болмыстан, табиғаттан алады. Сол себептен бұлардың сөздігінде аң – құс, мал, жан – жануарлар, лантшавт сияқты табиғатқа қатысты атаулар көп кездеседі. Мысалы, Асанқайғыдағы қаз, тырна, сұңқар, арғымақ, бозжұсан деген сөздер. Шалкиіздегі құ, көгілдір, бүркіт, ор қоян, тобылғы, күн, көл сөздері осыны айғақтайды.
Лексика құрамындағы келесі орынды қауымның әлеуметтік құрылысы мен жаугершілік тақырыбына қатысты сөздер алады. Дидактикалық толғауларды болсын, арнау өлеңдер де болсын ХҮ – ХҮІІ ғасыр сөззергерлерінің негізгі объктісі – адамдар, қоғам, әлеуметтік әскери жай, күй. Оның үстіне бұл дәуірлерде жаңа құрылған хандықты бекіту, територияны срытқы жаулардан қорғау, шаруаға жайлы мекен сайлау мүдделері бірінші орында тұрғандықтан, көркем әдебиет тілінің сөздік құрамында жұрт, халық, хан, қараш, қызметші, дұшпан, жау, бай ұлы, жамандар, жақсылар сияқты әлеуметтеік категориялардың атаулары актив қолданылған.
Бұл кезеңдегі поэтика образға алынған сөздерді эпитетпен келтіру тәсілін қатаң ұстаған. Көптеген сөздер тек қана эпитетпен қолданылады және ол анықтауыштар тұрақты элементтер болып келеді. Сондықтан бұл амал, бір жағынан, осы кезеңдердегі әдеби тілдің фразеологиялық қорын тұрақтандырып, молайтса, екінші жағынан әдеби тілге көптеген сын есімдерді, есімшелі тіркестерді әкелді. Мысалы, салуалы ақ орда, қалайылаған қасты орда, егеулеген болат жебе, жағына жалаң жібек байлаған арулар, жапалақ ұшпас, жасыл тау т.б. мұндай эпиттердің делі тұрақты, ертеден келе жатқан дүниелер. ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы бұларды әдеби нормаға айналдырған.
№ 13 ОБСӨЖ
Тақырып: ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің
грамматикалық сипаты
Жоспар:
1.Сөз өзгерту саласы
2.Сөз тудыру жүйесі
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Бұл дәуір осы күнгі бір қатар ұлттықтүркі тілдерінің жеке – жеке халық тілдері болып қалыптаса бастаға дәуірі. Бұл қалыптасу көрсетілген кезден көп бұрын басталған, әр халық тілінің фонетика – грамматиткалық белгілері ХҮ – ХҮІІ ғасырларда бір – бірінен едәуір ажыратылып бірсіпыра орнықты.
Бұл кезеңдегі қазақ тілінде бүгінгі нормадан өзгеше келетін азды – көпті грамматикалық тұлға тәсілдер болды.
Сөз өзгерту саласында. Септеу парадигмасы негізінен қазіргі мен бірдей, тек есімдіктердіің септелуінде өзгешелік бар. Ілік жалғаулы мен, біз деген есімдіктерге жалғанғанда –ің, -ім түрінде де келеді, менің, бізің. Әсіресе менің варианты қазіргі қазақ тіліне жат, ол – ноғайлық тұлға. Бірақ ХҮ – ХҮІ ғасырлардағы қазақ тілі үшін де бұлайша қолданыстың тән болуы ықтимал.
Шығыс септіктің екі – үш жерде –дын, -дін варианты кезедеседі: ер өзіңдін соңыратын…. Бұ кеткендін қайпасаң (Шалкиіз). Бұл осы күнгі басылымдарда –дан, -ден түрінде берілген.
Етістіктің тұйық түрі екі түрлі тәсілмен жасалған: бірі – қазіргіше –у жұрнағы арқылы, екіншісі – мақ жұрнағы арқылы. Алғашқысы өте сирек ұшырасады, негізінен бұл кезде қимыл атауы –мақ тұлғалы болып келеді: батыр болмақ, кешу кешмек т.б.
Есімшенің өткен шағы тек –ған жұрнағымен беріледі, оғыздық –мыш жұрнақты тұлға мүлде жоқ. Есімшенің ауыспалы шағы жасайтын фармант негізінен –тұғын түрінде келеді: өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін (Асан).
Етістіктің өткен шақ семантикасын –ғай, -гей жұрнақты тұлғамен беру бар: қалаға Қабылан жаулар тегейме (Досмамбет). Тұқылдақтан сартылдақ үзілер болғай сол мүйіз (Шалкиіз). Бұл көне тәсілдердің бірі.
Шылаулар қазақ тіліне тән түрлерінде ғана кездеседі. Жазба тілдерге тән арапша – уа, лекен, парысша –һәм шылауы бір екі жерде ғана көрінеді: жайыңды білген қарындас ол – қарындас һәм жолдас. – соң шылауының соңыратын деген көне варианты қолданылады.
Сөз тудыру жүйесінде.
Туынды түбірлердің ең бір актив, сипатты топтары –лық, -лы, -сыз, -дай жұрнақтарымен жасалғандар. –лық жұрнағы бұл кезде тек абстракт есім жасайды: ерлік, өрлік, сорлық, беріктік, -лы, -сыз, -дай жұрнақтарының беретін мағыналары қазіргі кездей. Бір ерекшелігі бұл күнде жанаса байланысатын қатысты сын есімдер талданып отырған үлгілер тілінде –лы аффиксімен келеді: алтынды кесе, айдынды көл т.б.
Грамматикалық ерекшеліктердің қатарында дүр (-ды, -ты, -ті) формантының қолданылуын көрсетуге болады. Мысалы: жауынды күні көп жүрме, жар жағасы тайғақ-ты (Шалкиіз). Есімнен болған баяндауышқа нақты констатациялау мәнін беретін дүр көрсеткіші қазіргі күнде –ды, -ді түрінде жеткен. ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясындағы дүр варианты басым болған. Бұл үлгілердің кйін хатқа түскенінде –ды, -ді, -ты, -ті, болып өзгертілуі мүмкін. Соған қарамастан дүр түрінде фиксацияланға сәттері де бар: сайдың басы түгел –дүр. Толған тоғай малы –дүр (Жиембет). Жалт еткен бәйтерек жайылмағы желден –дүр («Ақын», Қазақ 1912 ж.). Осы толғауды В. Радлов Қырым ноғайларынан жазып алғанда: Бәйтеректің ял қалмағы, йелден дір деп береді, демек, бұл көрсеткіш аталған қызметте бұрын қыпшақ тілдерінде актив жұмсалғаны байқалады.
Сөйтіп ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінің грамматикалық жүйесі қазіргі кезедегімен көбінесе бірдей келіп отырғанымен, ерекшеліктері де бар екені байқалады.
№14 ОБСӨЖ
Тақырып: XVIII ғасыр қазақ әдеби тілі
Жоспар:
1. XVIII ғ-ғы қазақ қоғамының саяси – экономикалық және әлеуметтік жай- күйі
2.XVIII ғ. қазақ әдеби тілін сипаттайтын нұсқалар.
3.XVIII ғ. қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
XVIII ғ. қазақ даласының саяси - экономикалық қарым қатынасының аса күрделі кезеңі болды. Бұл кезде әлі де қазақтың ұлан байтақ даласын хандар биледі. Алайда XVIII ғасырдың жартысы қазақ тарихындағы хандық дәуірдің ең соңғы кезеңі болды.
Сөз етіп отырған кезеңде қазақ жерінің батыс өлкесінен бастап Россия патшалығының қол астына кіре бастағаны мәлім. Бұл жағдай елдің саияси - әлеуметтік және экономикалық күй қалпында өзгеріс – жаңалықтардың пайда бола бастауына бірден – бір себепші болды. Яғни қазақ экономикасына Россияның ықпалы күшейді.
Қазақ халқының мәдени – рухани дүниесіне келсек, бұл кезде сауаттылар саны мейілінше төмен еді. Сауаттылықтың өзі тек мұсылманша яғни араб тараумен хат таныған Ислам дінінің ережелері мен дұға-намаздарын үйрену түрінде болды.
Көркем әдебиет, негізінен, поэзия түрінде болды.Бұл кезде де, алғашқы кезеңдердегідей әр алуан бағыттағы, әр түрлі идеялогияны қоштаған ақындар мен жыраулар өмір сүрді. Әдебиет нұсқалары халық арасында ауызша тарады. Баспа орындары ашылмады. Қазақ әдебиеті кітап етіп бастырып шығару дәстүрі де, қолжазба ретінде жазып қалдыру немесе тарату дәстүрі болған жоқ.
Бұл күнде қазақ даласында баспа орындары, кітап шығару практикасы болмағанмен, көз етіп отырған дәуірдегі тіліміздің той-күнін, әсіресе лксикасы мен фразеологиясын, сондай-ақ кейбір грамматикалық категориялары мен нормаларын танытатын үйгі-нұсқалар бар еді. Оларға біріншіден, көркем-әдебиет үлгілері жатады. 2-ші қазақ ауыз әдебиетінің мол нұсқалары, үшінші-ресми іс-қатынас қағаздары. Төртінші бұл дәуірде қазақ өлкесін орыс өкіметі тарапынан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхатшылары мен ғалымдарының орыс тілінде жазған материлдары ішінде жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұларда сол дәуірдегі тілімізден техникалық құралын айқындауға септігін тигізеді.
5-ші ХVІІІ ғ-ң соңғы ширегінде Россия мемлекеті тарапынан қазақ тілінің кейбір сөздерінің барша және кейбір өзге тілдердей баламасын көрсетіп шығып сөздік іспеттес тәжірибелер болғанын көрсетеді. «Парсы және татар диологтілері» деп аталатын 10 беттік қолтаңба, 1774 жылы таралған барша – қазақша сөздіктің қол жазбасы т.б.
Талдап отырған кезеңдегі: қазақ әдеби тілін танытатын негізгі үлгілері біздің дәуірімізге ауызша түрде жеткендіктен және тіл тарихын зерттеу ісін тікелей әсерін тигізетін бір жағдайды ескерту қажет. Ол – текстологиялық қайшылықтар. Әдеби мұраны ұрпақтан – ұрпаққа, өлкеден өлкеге ауызша жеткізушінің әр біреуі сол үлгінің мазмұн – мәнін ішінара өзгертуімен немесе өзіне түсініксіз көне сөз бен ескі грамматикалық тәсілді контекске қарай түсінікті вариантымен алмастырып, өзгертіп отырған.Оның үстіне, әрірек ғасырлардағы поэзияның дені дидактикалық сипатта болып, нақылға айналып кеткендіктен, бір ақының айтқанын екіншісінен табылу орын алған. Мысалы адам өмірінің әр бір кезеңіне сипаттама беретін өлең тексі 2-3 ақында қайталанады.
Бұхарда
Жиырма деген жасыңыз,
Ағып жатқан бұлақтай.
Отыз деген жасыңыз,
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз,
Ертеп қойған құр аттай.
Шалда
Он бес деген жасым- ай,
Жорға ойнаған лақтай.
Отыз деген жасым- ай,
Таудан ақан бұлақтай.
Қырық деген жасым –ай,
Байлаулы тұрған құрақтай.
Дулатта
Он бесдейтін жас қайда
Жарға ойнаған лақтай
Қайда кеттің жиырма бес
Тастап шыққан бұлақтай
Жиырма бес бар маңайда
Жайқалған жасыл құрақтай.
Осындай жағдайлар белгілі бір суреткердің тілін талдауда едәуір қиыншылықтар туғызды. Әсіресе бұл қиыншылық тілдің әдеби нормаларының қалыптасу, даму, тұрақтану процесін зерттеуде сезіледі.
№15 ОБСӨЖ
Тақырып: ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы
Жоспар:
1. Қазақ тілінің төл сөздері.
2. Араб – парсы сөздері
3. Архаизмдер
4. Фразеологиялық тіркестер.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Талдап отырған дәуірдегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы екі қабаттан тұрады, біріншісі – негізгі – қазақтың төл сөздері, екіншісі – араб – парсы сөздері. Осы күнгі үшінші мол қабат- орыс сөздері немесе орыс тілі арқылы енген шет тілі сөздері ХҮІІІғасырдағы көркем әдебиет үлгілері тілінде жоққа тән, өте сирек. Тіпті ауыз әдебиеті нұсқаларында жиі кездесетін шай, самуырын, пәуеске, тарантас сөздері де ХҮІІІ ғасырдағы ақын – жыраулар өте аз ұшырасады. Бұған, бір жағынан тұрмыс – салт лексикасын сараң пайдаланатын поэзия жанры себепкер болса, екінші жағынан, бұл кезеде шай ішу немесе орыстар қолданған көлік түрлерін пайдалану тәрізділер қазақ тұрмысында әлі етек алмағандығы әсер еткен болу керек. Өзге салаларға қатычсты русизмдердің де енуіне әлі қолайлы жағдай тумағандықтан, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы орыс сөздері қабатын көрсете алмайды.
Қазақ тілінің төл сөздері.
Қазіргі кезбен салыстырғанда ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі лексикасында төл сөздер құрамын сипаттайтын белгілердің бірі – кейбір тематикалық топтардың актив қолданылуы. Солардың бірі – жауынгерлік лексика тобы. ХҮІІІ ғасыр қазақ қоғамы өмірінде елді сыртқы жаулардан, әсіресе Жоңғар шапқыншыларынан, қорғаған жауынгерлік заманы болды. Соған орай тарихи көркем әдебиет тақырыбында да жауынгерлік, ерлік мотиві басым болып келеді. Сондықтан қазақ әдеби үлгілерінің сөздік құрамында қару – жарақ пен әскери киім – кешек атаулары, сондай-ақ ел қорғау, батырлық қасиеттерге байланысты сөздер молынан кезедеседі. Бұлардың ішінде қазіргі лексикалық дулыға, берен, жебе, кудері, шығыршық тәрізді зат атаулары да, жаулық, елдік, бүлу, біту сияқты сөздер де әлде қайда жиі ұшырасады. ХҮІІІ ғасырдағы әдеби тіл үшін бұлар архаизм мен историзмдер емес. осы күнгі әдеби тілімізге дейін актив қолданылып келген батыр, мерген, оқ, найза тәрізді сөздер де жауынгерлік ленксика қорына кіреді. Жауынгерлік мотиві әсері осы тақырыпқа қатысты номинативтік атаулардан басқа нейтральдық лексикаға да да тигені байқалады. Яғни темір, қорғасын, болат тәрізді металл атаулары қару – жарақты немесе ерлік қасиетті білдіретін сөздер қызметінде жиі жұмсалады. Мысалы, ХҮІІІ ғасырдағы Жанкісі жырау Бөгембай батырды Темір жұмсап, ақ атқан қорғасындай Бөгембай деп сипаттағанда, темір сөзі зеңбірек не мылтықты білдірген, ал қорғасын сөзі батыр, ер, мықты сөздерінің қызметінде жұмсалған.
Араб – парсы сөздері
ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілі сөздік құрамының екінші бір қабаты – араб – парсы сөздері. Бұл кезде халықтың сөйлеу тілінде де, ауыз әдебиетінде де, ақындар шығармаларында да араб – парсы төркіндес сөздер едәуір орын алған. Олардың өзін екі топқа бөлуге болатын тәрізді: бірі – қазақ тіліне ертеденсіңісіп кеткен және жиі қолданылдатын топтағы сөздер. Мысалы, абырой, адам, ар, арам, әйел, әлем, байғус, бақ, бақыт, бекер, дауа, дәулет, дос, дүние, дұшпан, жаза, жалым, заман, кедей, күмән, қайыр, құдай, құдірет, қадыр, құрмет, мақұл, мәлім, мезгіз, мейман, молда, момын, мысал, найза, несібе, несіп, өмір, пана, пара, пасық, пейіл, сабын, сабыр, уақыт, шартарап, уақыт, т.б. әдебиеті үлгілерінде де батыл және жиі қолданылған. Мұндай сөздердің қазақ лексикасына етене болып кеткендігі сонша – кейбірі өз ара қатар келіп, көркемдеу тәсілінің бірі синонимика ретін түзейді. Мысалы, Бұхарда:
Уақытым менің өткен соң,
Мезгіліміз жеткен соң.
Екеуі де араб – парсы элементінен жасалған синонимдік бақдәулет, абырой – ай, алла – тағала тәрізді қос сөздер де осы іспеттес.
Архаизмдер
Қазақтың ХҮІІІ ғ. әдеби тілінде, қазіргі лексикалық нормамыздың тұрғысынан қарағанда, архаизмге жататын бір алуан сөздер тобы бар. Жауынгерлік тақырыпқа байланысты көнерген сөздерді жоғарыда айтып өттік: бұдан екі ғасыр бұрын қолданылған құру – жарақ түрлері жойылып, жаңа түрлері шыққандықтан, оның атаулары да архаизмге айналып кеткендігі даусыз. ХҮІІІ ғасырдың тілінде бұдан бас да көнерген немесе бұл күнде пассивтенген бірқатар сөздерді ұшыратамыз. Бұхарда қолданылған талыс, шөпшік деген сөздердің архаизмдер екенін бірнеше зерттеуші атанған болатын. Екеуі де мал терісінен істелінетін ыдыс – жабдықтар. Металл, шыны материалдары кемтаршылық дәуірлерде мал терісі ас – су жабдықтары, киім – кешек, төсеніш – жастаныштар жасауға пайдалынатын бірден – бір материал болған. Эканомикалық даму дәрежесі әлі өте төмен феодалдық қоғамда ХҮІІІ ғасырда осындай жабайын құрал – жабдықтардың болғанын сол кездің тілдік фактілері де дәлелдейді.
Фразеологиялық тіркестер.
Әдеби тілдің бір белгісі фразеологиялық тіркестердің тұрақталып образ жасауға қатынасуында. Бұл жағынан қазақтың ауыз әдебиеті тілі де ХҮІІІ ғ. көркем әдебиеті тілі де едәуір материал береді. Бірақ ақындар шығармаларындағы тұрақты тіркестер негізінен ауыз әдебиеті дәстүрін сақтайды: ақындар бұрыннан қалыптасқан дайын штамтарды пайдаланады немесе жаңа тіркестер жасай қалса, оның семантикалық және гармматикалық моделі дәс турлы тіркестерден алынады. Мысалы, тұрымтайдай ұл, басына дәулет құсы қону, тоят тілеу тақымы кеппес ұры, найзаны жасауға тіреу, жұлдызы оңынан туу он сан алаш, сары жол, құдайға құл болу, ақ сұңқар құстай түлеу, жалаң аяқ жар кешу деген тіркестер халық тілімен ұштасады. Сірә, ХҮІІІ ғасыр әдеби тіліндегі қаза қалу, жер тұлдану, дау ұру, жандай шабу, уағдадан жылысу, бойынан түңілу, байсал табу, құлық таба құлаша, алтынның буы, дәулет таю, жамандық тұту, бір ауызды болу тәрізді тұрақты тіркестерді белгілі бір ақынның туындысы деп те, халық тілініңбайлығы деп те кесіп айтуға болмайбды. Өткені сол тұстағы сөйлеу тілінің байлығы бізге мүлде беймәлім, ал ауыз әдебиеті тілінің де дәл ХҮІІІ ғасырдағы фразеологиялық нормасын көрсету мүмкін емес.
№16 ОБСӨЖ
Тақырып: ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөз тудыру тәсілдері мен грамматикалық ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Сөз тудыру тәсілдері
2. Грамматикалық ерекшеліктері
3. ХҮІІІ ғ. ІІ жартысындағы эпистолярлық документтердің тілі.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Қазақ әдеби тілінің қазіргі нормасында қолданылатын өнімді жұрнақтардың бірқатары ХҮІІІ ғасырдың әдеби үлгілерінде жоқ немесе пассив. Ал енді біреулері қазіргідей актив тәсіл болғаммен, тудыратын мағынасы, аясы тарлау. Мысалы, ХҮІІІІ ғ. әдебиетінде есім сөз тудырушы жұрнақтардың ішінде ең жиі қолданылған –лық жұрнағы арқылы, негізінен, абстракт зат есімдер жасалған: жаулық, бимлік, жақсылық, жамандық, тірлік, ұрлық, құлық, кәрілік, кемдік, елдік, жарлық, сарандық,зорлық, қорлық, бірлік, жомарттық. Ал осы жұрнақты туынды сын есім жасауға пайдалану бұл кезде мүлде өнімсіз, жоққа тән. Бұл ерекшелік ауыз әдебиеті тілімен іліктес, мұнда да –лық жұрнағы жақсылық, жамандық, жастық, кәрілік, жігіттік, жарлық, жоқшылық, батырлық, байлық, сұлулық, ашықтық, кедейлік, жарлылық, құдалық тәрізді зат есімдерді жасайды. Ал –лық жұрнақты тұлғаның зат есім болып келуі тек сандық, уақыттық мөлшерді білдіретін жағдайда ғана: Қырық күншілік шөлі бар, Алпыс сомдықәр кезі үстіне асыл кигізді.күндік жер, неше күндік жол, жүз теңгелік опа т.б. Тайлық оқ тебінгілік жүн, жаулық жол тәрізді санды, уақыттық мөлшерге қатыссыз сын есімдер өте сирек кездеседі.
Қалған жұрнақтардан –лы, -сыз, -ыш, -ақ тұлғалы есімдер бар. –Кер жұрнағы қызметкерр, азаткер, үміткер сөздерінде ғана кезедседі.
Бізге жеткен тіркестерге қарағанда, грамматткалық тұлға – тәсілдері жағынан ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінде принципиалды, үлкен өзгешеліктер байқалмайды. Морфологиялық категориялар негізінен, қазіргі нормамызға сай түседі. Оның екі себебі бар тәрізді: бірі – ХҮІІІ ғасыр ақын – жыраулары шығармаларының ауызша таратылып, бізге ауызша жеткендіктен, едәуір грамматикалық тұлғалар өзгертіліпр, жаңа варианттарымен алмастырылып, қазіргіше түрге ие болғандығы. Екіншісі – біз әңгіме етіп отырған дәуірде септеу, жіктеу, тәуелдеу тәсілдері немесе сын есім шырайлары, етістіктің есімше, көсемше, етіс, рай тәрізді категориялары, негізінен, қалыптасып, бір қыдыру би үлгілерден септік жалғауларының немесе басқа да морфологиялық және синтаксистік тұлға – тәсілдердің қазіргіден өзгеше түрлерін таба алмаймыз.
Дегенмен ХҮІІІ ғасыр нұсқаларының грамматиксында қазіргі нормамызбен салыстырғанда ешбір айырмашылық жоқ деуге мүлде болмайды. Бірқатар морфолгиялық тұлғалардың қызметі ол кезде әлде қайда актив болғанын немесе кейбіреулерінің әлі де қызмет аясы тар, өнімсіз қолданылғанын көреміз. Мысалы, -ар, -мақ жұрнақты етістік тұлғалары қазіргіге қарағанда әлдеқайда актив қолданылған. Келер шақ есімшенің барыс жалғаулы түрін ХҮІІІ ғасыр тілінде жиі ұшыратамыз. Мысалы, Бұхарада:
Батпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде,
Өткен бермес кешерге.
Қайырсыз итке мал бітсе,
Аңқаң құрып келгенде,
Саумал бермес ішерге...
Келмей тұр аузым айтарға.
Еңкейіп ортақ орарға,
Тоңқайып масақ терерге т.т.
Бұл форма – осы күнгі өнімді –уға тұлғасының орнына қолданылған.
ХҮІІІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ даласындағы тіл практикасының бір түрі, хан, сұлтан және кейбір старшиналардың орыс әкімшілік орындарына және бір – бірлеріне жазысқан әр алуан қағаздарының тілі болды. Бұлар көбінесе орысша прошение, уведомление, донесение деп аталған документтер мен ресми хаттар. Бұлардың архивтерге сақталғандары 1940 жылы жарияланғандықтан, 1785 жылдан 1828 жылға дейінгі бұл топқа жататын материалдардың тілін талдауға мүмкіншілігіміз бар.
Ең алдымен, бұлресми документтерді көркем әдеби нұсқалардан бөліп қарайтын себептер бар. Біріншідекн, бұлар әдебиеттің өзге жанрына- ресми-эпистолярлық жанрға жататын нұсқалар болса, екіншіден, пайдаланылған тілі жалпы халықтық қазақ тілінен басқа боды. Бұл документтерді 1940 жылы жариялағанда, проф. М.П. Вяткин былай деп көрсетеді: «Хандардың хаттарын жазғандар қазақтар емес, татар молдалары- патша үкіметінің агенттері- болатын... Мұнда татар элеметтері басым, ал қазақ тіліне тән элеметтер әлдеқайда аз»
Бұл кеңсе қағаздары тілінің орта азиялық түркі тілдеріне ортақ етеден қалыптасқан стилі болды. Ол стиль кеңсе кеңсе жазбалары тілінің лексика- фразеологиялық құрамында, грамматикалық тәсілдерінде, тіпті орфогрфиясында орын алған өзіне тән ерекшеліктерімен белгіленеді. Ең алдымен,орта ғасырлардан бастап, 18-19 ғасырларға дейін әрбір истанциядағы әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы, ғиззатлу, хүрметлу, мархабатлу, сағадатлу, құдретлу, шафағатлу тәрізді ын есімдер- осындай тұрақты стильдік эпитеттер.
Сонымен қатар бұл стильде таза қазақ элементтері мүлде жоқ деп айтуға болмайды. Мұндағы біраз жеке сөздер мен тіркестер татарша-шағатайша орфографиямен жазылғандығы болмаса, қазақ тіліне тән екндігі байқалады.МысалыКіші жүз, ақсақал, қара халық болып, төре, шабуыл, тыстырып-шабыстырып йурген, қабыл көру, елші қылып, сізге қандай душман болса, бізге сондай душман т.б.
Бұл стильдегі өзге түркі тілдік элементтер лексика саласынан гөрі грамматика саласында көбірек орын алады. Есімдіктердің септелген түрлері-бәңа, бенім, сенден,деп көсемшесі дайу түрінде,есімшенің –ған жұрнағының орнына –мыш түрі келеді т.б.
Бірнеше ғасырлар бойы түркі тілдеріне тән болып қалыптасқан ресми-эпистолярлық стиль, сөз, әдеби,соның ішінде жазба әдеби тілдің бұтағы. Бірақ бұл 18 ғасырдан көп бұрын-ақ қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен көркем әдеби тілінен айтарлықтай алшақтап кеткен тіл болды.
№17 ОБСӨЖ
Достарыңызбен бөлісу: |