№27 ОБСӨЖ Тақырып: ХХ ғасыр басындағы көркем әдебиет стилъінің дамуы Жоспар: 1.Көркем адебиет тілінің жанрлық жағынан жағдайы дамуы 2.Паэзиядағы мысал жанрының дамуы 3.Түркі адеби тілі дастүрін сақтаған адебиет
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз өнері жане сеэімді образ арқылы беинелеитін айрықша өнер .Тіл көркем шыгармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.Көркем әдебиет стилі дегеніміз-проза ,паэзия, драматургия,салаларында жазылған көркем шығармалардын стилі.Қазақ әдебиетінде бұрын паэзия эпос дастан паэма өлең басым болса ХІХ ғ. соңымен ХХ басында көркем проза пайда болып дами бастады. Осы кезенде прозалық туындылар публистикалық филасофиялық ғылыми шығармалар шешендік сөздер әнгімелер повестер жаралып оның жанрлық түрлері формалары ,стилі, қалыптасып мазмұны баяндалды.
Прозалық шығармалар алғаш көрінгенге деиін көркем әдебиет тілі паэзияда қалыптаса бастады. Кеиінен проза тілінде дами түскен көркем әдебиет тілінің біраз элементерін ең әуелі әріде –ауыз әдебиет үлгілерінде, бедіде- алғашқы жазба ақындар творчествасында көрінді. ХХ ғ. басталар тұсымен алғашқы ширегі халықаралық рухани өмірін мәдениде әдеби тіршілік тынысын жаңа бір белестерге көтеріп ,ірі сезіліс жасаған жемісті дәуір болды.Осы бір кезеңде ел жұрттың құлағын елең еткізіп көкеиіне қозғау салған зор әдеби жоралғы -А.Байтұрсынов Петерборда 1909 жылы “Қырық мысал” шығармалары VII ғ. аяғы мен XIX ғ. алғашқы жартысында жазған орыстың ұлы мысалшысы класигі И.А Крыловтың (1768-1844) аудару арқылы жазған. Алаң Крыловтың 200-ге жуық мысал өлеңдерінің ішінен осы қазақ елінің ахуалына, қазақ адамының мінез-құлық психологиясына, дүниетаным, ойлау қабілетіне жақынырақ келеді деген қырық мысалды таңдап алғанда, оны өз басына біткен ақындық ірі дарын елегінен өткізіп, асқан шеберлікпен тәржімелеген, әрі оны қайта жаңғыртып жаңа бір философиялық, дидактикалық үнмен тың үлгіде қазақша жырлаған.
Өз алдына жеке кітап болып басылып шықса да, Аханға дейінде баспа жүзінде жарйяланған мысалдар болған. Бұл ретте 1882-1902 жылдары Омбыда шығып тұрған “Дала уалияттары” газетінде жарық көрген. “Қасқыр мен түлкі”, “қасқыр һәм малшы” “Түлкі мен қоян”, “Түлкі мен тырна”, “Табиғи баялыш арша”, “Аю мен түлкі” тәрізді қазақ арасынан алынып хат бетіне қара сөз күйінде түсірілген мысал әңгімелерді атасақ болады. Қырық мысалға дейін де Крылов мысалдарының қазақшаға аударылғаны болды. Абайдың өзі Крыловтың бірнеше мысалын аударған. Ы. Алтынсариннің “Крупская хрестаматиясында да” Крыловтан алынған мысалдар бар. “Қырық мысалда ” жазарда Абай шығармаларынан түгел таныс болмасада Алаң Абайдан мол хабардар болған. Ол Алтынсарин еңбектерін тіптен ертеден білген, өйткені оның өзі – Алтынсарин Торғайда ашқан екі сыныпты қазақ мектебінің түлегі еді. “Крупская хрестаматиясындағы” Крыловтан аударылған. “Егіннің тастары” дейтін мысал өлеңді Алаң “Қырық мысалға” бір сөзін өзгертпейтін сол күйінде енгізген. “Қырық мысалға” Алтынсарин кітабынан енген өзге де мысалдар жоқ емес. “Бір мерген бозша құсты атып алды” деп басталатын және “Қайырымды түлкі” жөніндегі мысалдарда да Алаң осы Алтынсарин хрестаматиясынан алған деп, аяқ жағына өз жанынан екі шумақ өлең қосып, “Қырық мысалды” жазудағы өзі берік ұстаған дәстүрдің ізімен бұдан шығатын қорытынды не болмақ деген жайға біраз аялдап өткен.
ХІХ екінші жартысында баспа бетін көрген көркем әдебиет үлгілері негізінен қисса аталған өлең- жырлар мен Дулат,Шортанбай тәрізді бірер ақын туындылары еді.Ал ХІХ ғ басында, қиссалар мен қатар тек ақын жазушылар шығармалары баспадан жеке кітап көптеп шыға бастады.ХІХ ғ басында қазақ тілінде 200-деи кітап басылды, соның 70 шамасы қазақ ақын жазушыларының дастан паэма, роман түріндегі күнделікті өмір тақырыбына жазылған шығармалары .Қ Кеменгеров “Қазақ тарихына” деген енбегінде .Қазақ төңкерісінің алдында шыққан кітаптарды медресе бітірген қазақ мұғалімдері мен шәкірттері бір А. Байтұрсынов пен М Дулатовтан басқа орыс школдарынан шыққан азаматтардың қазақ тілінде жазған әдеби кітаптары болды ,әдебиет сынымен тексерген төңкеріс алдында сын көтерерлік 20 шақтай кітап болды деген дерек келтірді .Бұлардың ішінен тақырыбы,мазмұны, көлемі жағынан айтуға тұрарлықтайлары мыналар:
1.”Насихат қазақия”(Өлеңдер жинағы.Құрымбайұлы,Қазан 1990)
2”Әдебиет қазақия”(Өлеңдер жинағы Әбубакір қазан 1902)
3”Гулқашима”(поэма М.Сералин Орынбор 1903)
4”Манромат қазақия”(ол жинағы Н .Наушабаев Қазан 1903)
5 “Сарарқаның кімдікі екендігі” (өлең ,әңгіме М. Көкеев )
6”Қазақ айнасы”(Өлеңдер М.Қалтаев қазан1910)
7”Назым “(Өлеңдер .А.Сабал қазан 1911)
ХХғ қазақ ақындарының барлығы дерек өз творчестваларында қазақ қоғамындағы мәдени мешеулікті сынауға ар ақындық таланттарын ж ұмсады, қоғамдық өмірдегі надандыққа байланысты ескі әдет – ғұрыптарды аяусыз мінеді. ХХғ басында азды көпті өлең жазып ,оларды кітап етіп бастырып халық арасында атағы шыққан ақын жазушылардан Ақмолда Абубәкір, Нұржан, Машнур. Шәді, Мақыш т.б. мұсылманша оқыған діни тәлім тәрбие алғандар еді. Бұлардың кейбірі Бұқара, Ташкентте кейбірі Қазанда кейбірі Орынбор, Троискіде мектеп, медресе бітіргендер еді.
ХХ ғ басында қазақ тілінде шыққан кітаптардың көпшілігінің тіліне арап, парсы, шағатай, татар, өзбек сөздері жиі араласқан. Қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың тілі олардың авторлары татар, башқұрт немесе мұсұлманша оқыған молда болғандықтан ғана кеткен жоқ. Көп жағдайда кітап теруші басушылар татар, башқұрт болғандықтан олар қазақша жазылған кітапті да татаршалап жүргізіліп басып шығарды. Мұндай орта азиялық түркі әдеби тілінің әсері қазан төңкерісі алдында жарияланған қиссалар мен прозалық шығармаларда орын алды. Бұл әсер әсіресе көркем әдебиеттерден гөрі газет журналдардың оқулық т.б. зерттеу еңбектерінің тілінде көбірек байқалды.
Бұл жерде ескере кететін жағдай ескі мұраларда кездесетін тілдік ерекшеліктер екі түрлі бірі таза тілден, екіншісі праграммалық ерекшеліктер. Бұл арада орта азиялық түрлі әдеби тіл дәстүрінің ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басында үзілмей сақталғанын есте сақтау қажет.
Аталған ақын жазушылар шығармаларында орын алған әдеби тілінің праграммалық дәстүрі негізінен төмендегідей болып келеді.
1. Шет елдерден әсіресе араб парсы тілдерінің енген сөздер сол тілдердегі негізгі тұлғалардың сақтау қолданылған. Мысалы дост, рост, ғұмыр, уағда, тағылым, шағыр, өткір т.б.
2. Жүиелі түрде болмасада кейбір шығармалар тілінде әр жазылатын орындарға и таңбасы с әріпі орнына ш таңбасы жазылып кететін сөздер кездеседі. Мыс: иахшы, яздым, мышал
3. Түбірмен қосымшаның жігіне үндестік заңының сақталмауы яғни түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса да, оған ұяннан не үндіден басталатын қосымша қосу тәжірибесі орын алған. Мыс: Баслық насйхаттылық ,перзенттілер, қыста
Ғасыр басындағы көркем әдебиет шығармалары тілінде көне түркі әдеби тіл дәстүріне сақталып қалған нормалардың бірі – бірлән. Бұл сөз кейін қазақ тілінде мынан менен мен жалғаулығына айналды.
Бірлән тұлғасының революция алдында прозалық шығармалардың кейбірінде ұшырайтын Е.Жанпейісов келтіреді. Т.Жомартбаевтің “Қыз көрелік” романындағы мына үзіндіде .
Сонда Ғайнйкамал бірнеше күйлер парахат бірлән жүріп........
№28 ОБСӨЖ
Тақырыбы: Мерзімді баспа сөздің дамуы (20-40 жылдар)
Жоспар:
-
Мерзімді баспа сөздің әдеби тіл лексикасын байытудағы қызметі.
-
Мерзімді баспасөз беттеріндегі кейбір грамматикалық ерекшеліктер.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Публицистикалық стиль-өркениеттің тікелей жемісі. Ол арқылы әдеби тіл жаңа сапалық өзгеріске түседі.
Кеңес дәуірінде шығып тұрған баспасөздің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін зерттеген бір сыпыра еңбектер жарық көрді. С. Исаевтің “Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы” атты манаграфиясында әдеби тілдің дамуы негізінен 20-30 жылдардағы мерзімді баспасөз негізінде сөз болды. Бұл кезеңдегі баспасөз материалдары Е. Жайпиісовтің
Ғ. Жұмашованың О. Бүркітовтың манографияларымен мақалаларында кеңінен пайдаланылған.
Бұл кезеңде мемлекет тарапынан баспасөзге көп көңіл бөліп, ол мемлекеттің ұлт насихат құүрамына айналды. Сондықтан жылдан жылға оның саны өсті. Мәселен 1921 жылы “Еңбекші қазақ” газеті 1922 жылы жастарға арналған “Жас алаш” журналы және “Қызыл қазақстан” саяси журналы 1923 жылы “Ауыл мұғалімі” 1934 жылы “Қазақ әдебиеті”т.б. көптеген газет журналдар басыла бастады.
20-30 жылдары саяси қоғамдық публистикада көтерілген мәселелер: Сол кездегі эканомикалық және мәдениет саласындағы жаңалықтар отырықшыландыру, жергіліктендіру, колективизация сауат ашу, әйелдердің білім алуы т.б. Осы жаңалықтарға байланысты публистикалық әдебиеттен байырғы қазақтың төл сөздері жаңа мағынады қолданылып жаңа сөздер жасады. Мәселен күн, кеңес, жарыс, күрес, бәйге, айтыс, құрылыс, тап күрес, қуат жол, үгіт, тау, ақы, төңкерісөзгеріс, оқу құралы т.б. жаңа терминдік мәнде жұмсалды. Осы кезеңдері қазақ тіліне енген неолизімдердің көбі газет журналдар арқылы әдеби тілге еніп қалыптаса түсті де сол публистикалық әдебиет стилінің лексикалық құрамына айналды.Сөз жасаудың лексика-семантикалық жолы баспасөз тілін дамытып, әдеби тіліміздің өркендеуіне, баюына ықпалы тиді.
Тіліміздегі жұрнақтар сөздерге жалғану арқылы жаңа сөз жасалып, мұның өзі тіліміздің лексикасын дамытуда аса өнімді тәсіл болып саналды. 1920-30 жылдары кейбір жұрнақтардың семантикасы қолдануы кеңейді. Мысалы: шығарма, қондырма, басқарма, жазба, қоғамдастыру, тілші, сыншы, қызметкер, өнерлі, төңкеріс, төрешіл т.б.
Зат есімдер туынды зат есім, жасайтын жұрнақтардың саны бір талай. Олар өздерінің тиімділігі жағынан әр кезеңде түрліше болып келеді.
Е. Жайпиісовтің пікірінше 1920-30 жылдары қазақ тілінің байырғы өз жұрнақтарының әсіресе –шы, - шыл,-паз, -ма,-ме, -па,-пе, -лық,-лік,-ды,-іс,-ыс, қосымшаларының қызмет аясы өте кең болды, яғни сөз тудыру функциясы ХХ ғасыр басында әлдеқайда күшті болды.
Төңкеріске дейінгі бапасөзде тек “Г. Дума”, “Г. Совет”, сияқты сөздерді ғана қысқартып алу байқалса, 20- жылдары күрделі атауларды қысқартып алу амалы да жаңа сөз жасаудың өнімді тәсілге айналды. Бұл әрине орыс әдебиет тілінің тікелей әсерінен туған құбылыс екендігі сөзсіз.
Мерзімді баспасөздің қазақ әдеби тілге нормаландырудағы қызметі туралы Ш. Ш. Сарыбаев: осы дәуірдегі көркем әдебиет пен баспасөздің жаңа сөз жасауда, осы нормаға келтіруге, стилдік әдістерді қолдануда немесе орыс тілінің игілікті әсері арқасында тілімізге еніп отырған онмыңдаған терминдерді дұрыс пайдалану арқылы олардың халық жұртшылық игілігіне айналдыру бағытында зор еңбек сіңірді. Сол сияқты тіліміздегі басы артық пән дәріс тәртімә, жүмлә мүлләт сияқты араб парсы кітабы тілдің элементтілігінен немесе отарба, откеме, күйсандық, тараға, қараайғыр сияқты қазақша аударылған сөздерді тазарту бағытында да біздің баспасөзіміздің еңбегі зор-деп көрсетеді.
40-жылдары, әсіресе соғыс жылдарында, тек қазақстанда ғана емес, барлық одақтастық республикаларында орталықтан жүргізілген тіл саясатының ықпалымен орыс тілінің және орыс тілі арқылы халықаралық тілдердің сөздері көптеп кірді. Бұларға көбінесе саяси қоғамдық терминдер, соғыс техникалық, әскери атақ дәрежеге байланысты термин сөздер жатады.
Мерзімді баспа сөз беттеріндегі кейбір грамматикалық ерекшеліктер.
Публистикалық стилдік граматикалық ерекшеліктерін сөз қылғанда, оның марфологиялық сипаты туралы тілдік фактілердің өте аз екендігін айту керек. Марфологиялық көрсеткіштер тілдің басқа салаларының элементтері сияқты стилистикалық бояуға ие бола алмайды, стилистикалық қызмет атқаруыда сирек кездеседі. Функционалдық стилдердің барлығы марфологиялық формаларды қанша қолдансада оларда белгілі бір стилдік ғана марфологиялық ерекшелігі деп айта алмаймыз. Дегенмен де публистикалық стилге тән бірлі-жарым марфологиялық ерекшеліктерін бар екендігін мерзімді баспасөз беттеріндегі публистикалық шығармаларды талдағанда байқауға болады. Мәселен Хх ғасырдың бас кезеңінен бастап –ұда,-үде тұлғалы жатыс септікті баяндауыш публистикалық стилде қолданылады. Мысалы, дүрсілдет, ентелеп, отарба жүруде.
Ал “Қазақ” газеті беттерінде мен,-менен тұлғалары жарыса қолданылған. Ктерілген жұртты үкімет адамы қару жарақ күшімен баспақшы болған (1977) 20 адамнан кем болмау шартымен нәр бір хат танытқан адамына бір сом 50 тиыннан беріледі (1924)
Есімшенің – тын,-тін тұлғасы 1920 жылдары –тұн түрінде кездеседі мысалы; - біздің қазақстан азаматтарының көзқарасы салқын болғандықтан нақ бүгін ертең шешім қолтұн әңгіме бола қоймас.
№29 ОБСӨЖ
Тақырып: 1950-70 жылдардағы қазақ адеби тілі
Жоспар:
1. 1950-70 жылдардағы қазақ әдеби тілі дамуына әсер еткен экстралингвистикалық жағдаяттар.
2. Көркем әдебиеттің тақырып жағынан дамып әдеби тіл лексикасын байытудағы қызметі.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Кеңес үкіметі өмір сүрген жылдарда эканомика болсын , мәдениет, әдебиет, ғылым болсын қысқасы өмірдің барлық саласы науқандық ұранмен партияның кезекті съезінің не оның орталық комитетінің пленумындағының қаулысы жүзеге асыруға бағытталып, соған бағындырылып жүргізіліп келген. Бұл жылдары мәдениет пен ғылым әсіресе қоғамдық ғылымдар партияның дүркін – дүркін қабылданған қаулы қарарларының әсеріне ұшырады. Ғылыммен өнердегі космокалетизм (1949-50) мәдениет пен әдебиеттегі ұлтшылдық (1951-52) сияқты науқандар бірінен соң бірі үзіліссіз жүріп жатты. Орталық комитеттің 1946 жылғы “Звезда” және “ленинград” журналдары туралы “Үлкен өмір” кинофильм Мураделидің “Ұлы достық” операсы туралы қаулылар әдебиет пен өнердің дамуына зор зиянын тигізді. Бұл қаулылардың Қазақстандағы жаңғырығы күшті болды. Бұның басы 1947 жылы қабылданған Қазақстан Орталық комитетінің “Қазақ СССР ҒА-ның Тіл мен әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысы еді. Аталған қаулылырдың қазақ тілі қалап берді, әдебиеттану қазақ тілі білімін дамытуға тигізген зиянды әсері күшті болды.
Тіл білімі оның үстіне И.В. Сталиннің “Жаңа оқуы” деген науқанға килікті. Тіл білімінде орын алған марризмге қарсы күрес желеуімен тіл ғалымдар бұрынғы кейбір зерттеу еңбектерінене бас тартуға мәжбүр болды.
Сталиннің “Марксизм және тіл білімі мәселелері” атты кітапшасы тіл біліміндегі жаңа соңғы сөз ретінде жарияланып, енді сондағы қорытындылар ғана басшылыққа алынуы тиіс болды. Сталин өлген соң 1956 жылы өткен партияның жиырмасыншы съезінен кейін ғана идеалогиядағы тар құрсау сәл басаңсып еркіндік шынайы байқалды.
Алайда тіл білімі саласында он жағдаймен байланысты тағы бір науқан “Сталин оқулық” қателігін сынау науқаны басталды. Міне бұл жылдарда қазақ тілінің дамуы оның әлеуметтік қызметінің кеңейту туралы сөз болуы да мүмкін емес еді, қайта осы жылдарда бұдан бұрыңғы 1920 –70 жылдардағы оның орыс тілімен қатар мемлекеттік тіл ретінде жарияланды, қолдану аясының біраз кеңінен жағдайы кері кете бастады.
Түрлі себептерге байланысты қазақ балабақшалары мен мектептер қысқара бастады.
Съездердің іріленуі, өлкелердің құрылуы мен байланысты қазақ тіліндегі газет журналдардың санында қысқаруға ұшырады. Мәселен 1930-шы жылы аяғында қазақша 193 газет шығып тұрған болса 1974-ші жылы оның саны 148 болып азайған.
№30 ОБСӨЖ
Тақырып: Қазақ тілі – Мемлекттік тіл
Жоспар:
-
Қазақ тілінің Мемлекеттік тіл статусын алу тарихы.
-
Қазақ әдеби тілінің кең қолданысы, жаңа сапалы дамуы.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
-
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004 ж.
-
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1989,1996 ж.
-
Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. А., 2001 ж.
-
Мұхамбет – Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А., 2001 ж.
Қосымша:
-
Айдаров Ғ., Құрысжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1970 ж.
-
Аманжолов С.А. Вопросы диалектологиии и истории казакского языка. А., 1959,1997 ж.
-
Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тіл. А., 1982 ж.
-
Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы. // Әдебиет және искуство. 1951 № 4.
-
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984
-
Балақаевы М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968
-
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966
-
және қахзақтың әдеби тілі. // Абай тілі сөздігі. А., 1968
Теориялық мәлімет
Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және отбасында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетінде өрісі өте тар болғаны белгілі. ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы көркем әдебиеті өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайды.
Қазақ тілімен мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес үкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. 1920 жылы қазақ АЭССР Кеңескерінің І құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім табылды. Оның қазақ тіліне қатысы бар еді. 1924 жылы Қазақстанның І Конституциясында қазақ және орыс тілдері Республикада Мемлекеттік тіл болып табылды. 1938 және 1978 жылдарда қабылданған Қазақстан Конституцияларында Мемлекеттік тіл жайында ашық еш нәрсе айтылмаған. Тек 1989 жылы қабылданған ҚазССР-ның Тіл туралы заңында, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл заңында қазақ тілі Мемлекттік қрмқорлыққа алынатын атап көрсетілді.
Қазақ тілінің Мемлекттік мәртебеге ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады.
«Мемлекттік тіл - мемлекттің бүкіл аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын Мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп жүргізу тілі. Қазіргі кезде қазақ тілі азды –көпті қолданылатын мынадай салаларды көрсетуге болады: Қоғамдық саяси өмір, кәсіп – одақ, халық ағарту, көркем әдебиет, мәдениет, Бұқаралық қатынастар, мерзімді баспасөз, ақпаратш, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, өндіріс орындары, құрылыс, байланыс, транспорттың жекелеген салалары, тұтынуға байланысты қызмет ету, дін, тұрмыс және отбасы.
Ал қазақ тілі мына сияқты салаларда әлі жете қолданыс таппай келеді: сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындарының көптеген салалары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т.б. Қазіргі кезде осы салалардың бірқатарында оның қолданылу мүмкіндігі бар екені байқалып отыр. Мысалы, табиғи, техникалық, медициналық ғылымдарда ауадарма әдебиеттермен бірге төл туындылар пайда бола бастады.
Бірақ қазақ тілінің қоғамдық қызметінің көлемі әлі де нақтылауды қажет етеді. Қазақстан үкіметінің 1990 жылы қабылданған бағдарламалық құжатында: «Қазіргі кезде кез келген тілдің қалыпты қолданылуы үшін қажетті 50 әлеуметтік функциядан қазақ тілі іс жүзінде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске асыруда», - деп көрсетілген.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 7-бабында мемлекетік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне қиындықтар аз емес. тіл туралы заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекетік бағдарламасын толық орындау үшін, 1989 жылы «Қазақ тілі», 1993 жылы Қазақстан үкіметі жағынан Тіл комитеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |