Тақырып: Жаңа жазба әдеби тілдің дамуы
Жоспар:
-
Жазба әдеби тіл туралы ұғым
-
Жаңа жазба әдеби тілдің логикалық құрамы
-
Қазақ тілінің төл сөздері
-
Абстаркт есімдер
-
Орыс тілі элементтері
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
-
С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
-
Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
-
“Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
ХІХ ғ соңғы ширегінде демократтық – реалистік әдебиеттің пайда болуымен байланысты қалыптасқан ұлы жазушы – ағартушылар Абай мен Ыбырайдың творчествасына тұстас келетің қазақ әдеби тілінің кезеңін «жаңа әдеби тіл» деу қажет деген пікір қазіргі қазақ тіл білімінде біршама орныққан.
Абай мен Ыбырайдан басталатын дәуірді бөліп алып жаңа кезең деп қарауымыздың себеп – жағдайлары мынандай:
-
Қоғамдық жаңа ой –сана әдебиет ағымы – демократтық бағыттағы сыншыл реализм әдебиетін туғызды.
Жаңа мазмұнды қабілет өзіне қызмет ететін тілдің жаңа тәсіл – формаларын талап етті. Сөйтіп тіл жаңа сатыға, жаңа кезеңге шықты. Ал жаңа әдебиеттің бастаушылары Абай мен Ыбырай болды.
2. Қоғам дамуының сатысындағы әдебиет түрлері көбейді. Бұрын негізінен көркем әдебиет пен ресми –эпистолярлық әдебиет сияқты бір – екі жанрды болып келген қазақ әдебиетінде енді өсу – педагогикалық, қоғамдық –публицистикалық жанрлар пайда болды.
3. Көркем әдебиет кеңінен дамып, көркем проза жанры пайда болды, поэзия жанры өз ішінен түр – түрге бөлініп кетті. Көркем әдебиеттің тақырыбы кеңіді.
4. ХІХ ғ – ІІ жартысында қазақ тілінің жаңа сатыға көтерілуіне жағдайлардың бәрі кемеліне келіп, әбден піскен кезі болды.
Жаңа жазба әдеби тілдің лексикалық құрамы.
Қазақ тілінің төл сөздері.
Жаңа жазба әдеби тіл өзіне дейінгі әдеби тілдің барша қазынасын түгел пайдаланғандықтан, өзіне дейінгі лексикалық қат – қабаттар мен олардың жаңалық байлықтары түгелімен бұған да тән. Оның үстіне адам мен қоғам табиғатының сан алуан жақтарын терең суреттегендіктен бұрынғы әдеби тілде жоқ көптеген жаңа атаулар қосылды. Бұл пікірлер үш арнадан – қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерінен, араб парсы тілдерінен және орыс лексикасынан құралған.
Жаңа құбылыстарды танытатын көптеген сөздер қазақтың өз сөздері қорларынан қосылады.
Мысалы, сол кезде, әсіресе ғасырдың соңғы 10-20 жылында, орыс әкімшілік органдары мен империялық сот орындарына үстем тап өкілдерінің шағым айтып, арыз беруіне беруші, шағым, өтірік шағым сөздері жиі кездеседі.
Сондай –ақ, жаңа қоғамдық топтардағы саралап көрсетіп, әрқайсысын өз атымен атау – жазба әдеби тілдің бір қасиеті, соған орай бұрын жалпы мағынасы жалшы, жұмыскер, қызметші, малай, шаруа деген сөздердің әрқайсысы бір – бір ұғым терминдік мән ала бастайды.
Шаруашылықты оның өнімдерінің қазақ біліп көрмеген атаулары тілден орын ала бастайды: қант қамыстары, мақта, кендір, ген, бақша, т.б.
Ал лексикалық толыққан бір саласы оқу – білім тақырыбы. Мысалы, білім, ғылым, өнер-білім, оқу, білімділік, ғылым табу, ғылым іздеу, сурет салу т.б.
Абстракт есімдер
Абстракт есімдер қазақ әдеби тілдерінде бұрыннан да аз болмайтын. Негізгі абстракт ұғымды білдіретін сөздердің көбі қазақ тілінің өз материалынан, бірқатары араб-парсы сөздерінен болатын. Туынды дерексіз зат есімдерді жасайтын көбінесе –лық жұрнағы еді.
Жаңа жазба әдеби тілде абстракт есімдер сан жағынан әлдеқайда көбейеді. Әдетте дерексіз ұғымдар философиялық толғану, адамзаттық рухани өмірін сөз ету үстінде көп қолданылатыны мәлім. Соған орай Абайдың өлеңдерінде де, әсіресе қара сөздерінде Ыбырайдың әңгімелерінде бұлар орасан мол кездеседі. Ынтықтық, ғашықтық, құмарлық, мастық, растық т.б.
Әдеби тілде –лық жұрнағы тікелей түбірге жалғанады.
- мақ, - у, жұрнақты сөздер етістіктің тұйық райынан гөрі, абстрактілі мағынада сім сөз қызметін жиірек атқарады, бұл да әдеби тілдің жаңа сатысындағы норма: ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, айлалы алданбастық болмағандық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеу бар. Мұнда -мақ жұрнақтарымен келген атаулар мен қатар тұрған – лық арқылы келген (алданбастық) дерексіз ұғым аттары бар.
Орыс тілі элементтері
Өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінен жаңа сатыдағы әдеби тілдің бір өзгешелігі мұнда орыс тілі элементтерін қолдану тенденциясы күшейді. Бұған жол ашып бастамалық роль атқаратын баспасөз тілі болды. «Дала уалиятының газеті» қазақша баламалары жоқ орыс сөздері аудармай алу принципін қойды. Және тағы бір көңіл аударарлық жай – жаңадан енгізілген орыс сөздері бұрынғы болыс, самауыр, ауылнай тәрізді фонетикалық күшті өзгеріске түскен түрінде емес, араб жазуының мүмкіндігінше түп нұсқадағы тұлғасын сақтап алу принципін ұстады. Осы принцип абай, Ыбырай тілдерінде де бар.
ХІХ ғ қазақ даласына келген Россия империялық сотына қатысты сөздерді бұрынғы әдеби тілдердегідей емес, бұл кезеңде өз аттарымен атау және олардың орысшасын алу принципі қойылғалы байқалады. Мысалы, декан, адвокат, дознания, посредник, уголовный, назначений сөздері Абайдан бұрынғы әдеби тіл лексикасынан кездестірмейміз.
№22 ОБСӨЖ
Тақырып: XX ғ. Бас кезіндегі қазақ әдеби тілі
Жоспар
1. Ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай.
2. Қазақ әдеби тілінің дамуын танытатын жазба нұсқалар.
3. Қазақ жазуының жетілуі.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркология және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
XX ғасыр басында қазақ елінің экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдайы ү.лкен өзгерістерге ұшырады. Қалалардағы өндіріс пен кәсіпорындарының дамуы, темір жол жүйесінің келуі далаға капиталдық ағылуыни күшейтті. Сауда – саттықтың өріс алуы Ресейдің ірі қалаларын қазақ жерінде ашылған жәрменкелермен байланыстыра түсті. Қазақ керейлер отырықшылыққа көше бастады. Қазақтың негізгі кәсібі –мал шаруашылығына дейін өзгеріске ұшырады, ол натуралды түрден жоғары шаруашыллыққа айнала бастады. Осы тұста қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі толық күшіне енді.
XX ғасыр басы Ресейде ірі-ірі тарихи оқиғаларға жол ашты. Ресейдің империализмге өтуі оны революциялық қозғалыстың орталығына айналдырды. Оған себеп болған жұмысшыларды қанаудың шегі жетуі, шаруалардың қайыршылануы еді. Патша үкіметі шиеленіскен қайшылықтарды бәсеңдетуді тырысты. Мұның негізгі түйінінің бірі жермен байланысты еді. Патша үкіметі қолға алған жер саясатының түйіні қазақ жерлерін мемлекет қарамағына алып, орталық Ресейдің жерсіз шаруаларын әкеліп қоныстандыру болды.
1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық төңкерістер Қазақстанда да қоғамдық саяси ойдың ілгері дамуына мәдениетің жандануына орасан зор ықпал етті. Бірінші орыс төңкерістен кейінгі жылдар Қазақстанда қоғамдық саланың өзгеріске түсті, ұлттық баспасөздің негізгі қалаулы үлкен оқиға болды. Ұлттық мерзімде баспасөздің әдеби тіліміздің дамуына үлкен әсер ететінін. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. жақсы түсінді. Олар өз ұлтының сана-сезіміне сәуле шашып, қазақ халқының азаттық, бостандық, теңдік жолындағы күреске шақыру үшін ұлттық баспа сөздің, ұлттық басылымдардың қазақша шығуына ат салысты.
1905 жылдан бастап қазақша төл баспасөз ашу идеясы бірте-бірте жеңіске жетті. Қазақ тілінде толыққанды тұңғыш басылымдар дүниеге келді. Бұларға 1911-1913 жылдары 17 саны шығып тоқтап қалған «қазақстан» газеті, 1913-1918 жылдары үзімі шығып тұрған «қазақ» газеті жатады. Бұлар қазақ халқының бостандығы мен қазақ жерлерін біріктіру, қазақ тілінің өркендеуін түпкі мақсаттарына айналдырды.
Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі Ыбырай мен Абайдан басталып, XX ғасыр басында ұлттық сипат алды. Ол сипат ең алдымен, көркем әдебиеттің идеялық мазмұнының сыршылдық, сыншылдық қасиетке ие болуынан көрінсе, екіншіден, оның жанрлық жағынан түрленуінен де көрінеді.
Қазақ әдебиетінде проза жанрының тез өркендеуіне XX ғасыр басында қоғам өміріне батыл араласа бастаған баспасөз ісінің жедел өркендеуі ерекше ықпал етті. Сол кезеңде жарық көрген газет-журнал беттерінен көркем әңгіме, очерк, шебер аудармалары жиі кездестіруге болады. Мысалы: «Айқап» журналы бетінде Ә.Ғалымовтың «Бейшара қыз» С. Торайғыровтың «Айырмай есімнен жаңылғаным» т.б. әңгімелер жарияланды.
XX ғасыр басындағы нағыз қазақ романының үлгісі дерлік шығармалар – С.Көбеевтің «Қалың мал». С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», Ж. Аймаутовтың «Қартқожа». М.Дулатовтың «Бақытсыз жамал» т.б. болды. Бұл шығармалар тілінің көркемдік құралдарына байлығымен бірге, халық тілінің не бір образды сөз тіркестерін шебер пайдалнуын да баса көрсеткен жөн.
Қазақ әдеби тілін дамытуда мерзімді баспасөздің ерекше рөлі болғаны даусыз.
XX ғасыр басында бірер нөмірі шығып, әр түрлі себептермен жабылып қалған. «Серке», «Қазақ» газеті, «Мұғалім», «Сары Арқа», «Тіршілік», «Үш жүз» т.б. газет журналдарды есептемегенде, 1911-1913жылдар 17 саны шығып тоқтап қалған. «Қазақстан» газеті, 1911-1915 шы жылдар шығып тұрған «Айқап» журналы, 1913-1918 жылдары үзбей шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақтың жазба әдеби тілін дамытуда. Оның кейбір стильдік тарамақтарын қалыптастыруда зор қызмет атқарған. Бұл газет – журнал беттерінде әдебиетіміздің әр түрлі жанрлары сараланып, қалыптаса бастады, публицистика тіліне тіліне тән көптеген сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар тұрақталады.
Бұл кездегі жазба әдеби тілді сипаттайтын нұсқалардың қатарына аударма әдебиеттер де жатады.
1903 ж. қазанда Молдашев Бекімов аударған А.С.Пушкинның «Капитан киза» қазақ тілінде басылып шықты. Бұл аударманың тілінде орыс тілінің әсері айқын сезіліп тұрады. Орынсыз көп қолданылған учитель, крепость, простой, господин сияқты орыс сөздерін есептемегенде, аударманың сөйлем құрылысында да орыс тілінің ықпалы жиі ұшырайды.
Қазақ әдеби тілін дамытуда XX ғасыр басында жарық көрген оқу-педагогикалық әдебиеттер мен қазақ тілі жайында жазылған еңбектердіңде маңызы ерекше.
Бұл салада алғаш ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазған, қазақ тілі мен әдебиеті бойыншга өз тілінде төл терминорлогиямызда қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлының ересен еңбегі айрықша ауызға алынуы қажет. Ал XX ғ. Басында тікелей оқу- ағарту ісімен немесе әдебиетпен айналысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алңдатқан үлкен проблема болды. Ол – жазу, әліпби мәселесі.
Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты бірнеше бойы араб жазуларын пайдаланды. Қазақ жазуын басқа графикаға көшіру мәселесі тек XIX ғ. екінші жартысынан бастап көтерілген болатын. Сол уақыттағы баспасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптетеп кездеседі. Қазақ оығандары
№23 ОБСӨЖ
Тақырып: Кітаби тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі
тарихынан алатын орны
Жоспар:
-
Кітаби тіл туралы түсінік
-
Кітаби тіл түркі халықтарының ортақ тілдік дәстүрі
-
Кітаби тілдің негізгі ерекшеліктері мен белгілері
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Әдетте қазан төңкерісінен бұрын жарық көрген жазба нұсқалардың тілінде қолданылған, бірақ қазақ әдеби тіліне сай келе бермейтін тілдік құбылыстар мен үлгілер кітаби тіл деп аталып келеді.
Бір топ ғалымдар бұл кезеңдерге жататын жазба нұсқаларды бір халықтың мұрасы ретінде ғана көрсетіп оларды бір-ақ тілге теліп көне өзбек тілі деп атайды. Тіл мамандарының көпшілігінің айтуынша қазақ даласында кеңес дәуірінен бұрын шыққан шығармалардың тілі қазақ тілі емес бірде шағатай тілі, бірде араб тілі, парсы, татар, қазақ және басқа түркі тілдерінің қосындысы болып келеді деген пікір. Бұл пікірдің дұрыс еместігін С.Исаевта айтады. Ол «шағатай» тілі немесе «көне өзбек тілі» дегенді «орта ғасырлық түркі әдеби тілі» деп айту дұрыс болатындығын айтады және ол кездегі жазба тілді «жазба әдебиеттегі тілдік дәстүр» деп қараған жөн дейді.
Шағатай тілін тек өзбек тілінің мұрасы еместігін, оның бірнеше түркі халықтарының ортақ мұрасы екендігін дәлелдейді.
Орта ғасырларда жазылған шығармалардың авторлары өздері жазып отырған тілді «түркі» немесе түркі тілі деп те атаған. Мысалы: ХV ғасырдың ақындардың Лутфи, Науаий т.б. одан кейінгі ақын-жазушылар да өз шығармаларын түркі тілінде жазып отырмыз деген Лутфи «Гүл уа наурыз» поэмасының басында былай дейді: «Гүл уа наурыз» эфсанасын сол (яғни аңызын жырла) айт ол қиссаны түркі тілінде Әбілғазы Баһадүрхан өзінің шығармасының тілі туралы былай дейді: «Бұл тарихты йақшы уа йаманның баршалары білсін» деп түркі тілінен айттым. Турки болғанда сондай түсінікті де жеңіл сөздермен жаздым, тіпті бес жасар бала да түсінеді» - дейді. Кітаби тілдің өзіне тән белгілі формасы бар. Сондықтан жазу тілінде бұл стильде Абай романынан басталған жаңа әдеби тілмен қатар, белгілі бір дәстүр бойынша қалыптасып, көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, Қазақстан топырағында Октябрь революциясына дейін қолданыс тапқаны айқын. Сондықтан «кітаби тіл» қазақ халқы жақсы түсінетін, бұқараға кең тараған тіл болды» - деген пікір айтады. Ғ.Мұсабаев.
Кітаби тіл туралы айтқанда С.Исаевтың қазақ әдеби тілі тарихы атты оқулығында орта ғасыр ескерткіштерінің тілінің қазіргі қазақ әдеби тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне жақындығын айтады. Мысал ретінде «Китаб Аттуһфауз замиа фил-луғат-ит туркий» (түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық кітабы) еңбегіндегі мынадай дәлелдер келтіреді: сөз соңындағы ғ-ның түсіп қалуы, сары (сариғ емес); сөз соңында келетін еркін дауыстылардың орнына езу дыбысын пайдалану улы (улу емес); сөз соңындағы ғ-ның орнына у-дың айтылуы тау (тағ емес); сондай-ақ «Аттуһфода» біржола ауысып үлгермесе де ч орнына көбінесе ш қолданылғандығын айтады. Сонымен бірге М.Өтемісұлының 1938 жылы жазған бір беттік хатының кейбір тілдік ерекшеліктерін келтіреді. Олар:
1. Сөз басында ж дыбысы жүйелі түрде й әрпімен берілген.
2. Қазіргі әдеби тілімізде с дыбысы келетін орындарда ш әрпі жазылған.
3. «Де» етістігімен одан туындаған етістік формаларында сөз басындағы д орнына т әрпі жазылған.
4. Кейбір сын есім сөздерінің соңында г, ғ, к, қ дыбыстары сақталып, отырған.
5. «Бол» етістігі кей жерде «ол» түрінде, «мен» есімдігі «бен» түрінде ұшырайды.
6. «Еді» етістік формасы жүйелі түрде «ерді» түрінде келеді.
7. Түбірге қосымша қосылғанда үндестік заңы сақталмай, қосымша көбінесе бір тұлғада жалғанған.
8. Араб-парсы тілінен енген сөздер көп жағдайда өздерінің о бастағы тұлғаларын сақтап, жазылғанын айтады. Бұдан жазба дәстүрді бұзбай, соның негізгі талаптарын сақтай отырып, қазақ тілінде жазу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды «кітаби тіл» өз кезінде жалпы түркі халықтарының ортақ әдеби жазба тілі болды.
«Кітаби тіл» деп аталатын жазба дәстүр орта ғасырлық дәуірде жасалған үлгі. Бұл дәстүрдің басты ерекшелігі сөздердің көне тұлғаларын көптеген түркі тілдеріне ортақ формалардың барынша сақтауында еді.
Сонымен «кітаби тіл дәстүрі» деген тілдік құбылысты мына ыңғайда түсіну қажет.
-
Жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі біркезеңдерде жазба тілде, кейде жекелеген шығармалар тілінде қолданылған араб-парсы сөздерімен формалары, туыстас халықтардың тілдерінен кездесетін кейбір жеке сөздер мен грамматикалық формалар.
-
Сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көне тіліміздің қалдықтары. Бұл тапқа орта ғасырлық түркі тілінің қалдықтары ғана емес, сонымен қатар жалпы көне түркі тілінде бір кезде дербес қолданылып келген, ал кейінгі шақта белгілі бір шығарманың болмаса белгілі дәуірдің жазба тілінде ғана кездесетін жекелеген сөздер мен көне формалар жатады.
-
Сонымен қатар кітаби тіл сөз болғандажазу, орфографиялық дәстүр де айтылуы тиіс. Әсіресе қазақ тіліне тән дыбыс үндестігінің ескерілмеуі ерекшелігі бірден байқалады. Көптеген туыстас түркі халықтары араб алфабитімен бірдей жазып, бірақ әр халықтың тілінің ыңғайына қарай әр түрлі оқылуы. Демек, кітаби тіл-грамматикалық жағынан көптеген түркі халықтарына ортақ дәстүрлі, бар тіл.
Оның негізгі орфографиялық ерекшеліктері дыбыс үндестік заңының сақталмауы, сөздің көне жалпы түркілік ортақ тұлғасы ретінде жұмсалу тенденциясы – ХХ ғасыр басына дейін қазақ әдеби тілінің жазба түрінде қолданылып келді.
№24 ОБСӨЖ
Тақырып: 1920-30 жылдардағы әдеби тіл
Жоспар:
1. 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің сипаты
2. 1920-30 жылдардағы көркем әдебиет тіліндегі грамматикалық кейбір ауытқулар
3. 1920—30 жылдардағы көркем әдебиет тілінің лексикалық ерекшеліктері
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Қазақ халқының жазба әдебиетінің жан-жақты дами кезі –осы 20, 30 жылдардың іші. 20 Ғ. басындаға\ы ілгеріде аталған көркем шығармалар бұл дәуірде енді өздерінің саны жағынан да, сапасы және тақырыбы жөнінен де қарыштап тез өсті. Мысалы, С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы мен «Жер қазғандар» повесі, «Банды қуған Хамитті», Б. Майлиннің «Раушан коммунист» повесі, «Сары-ала тоны» т.б. шығармалары, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Қараш-қарашы», Ғ. Мүсіреповтің «Тулаған толқында», «Қос шалқары», Ғ.М ұстафиннің «Ер Шойын» әңгімелері де 20 –шы жылда шықты.
1920-30 жылдары қазақ тілінде шығып тұрған жазба әдебиеттің екінші бір үлкен саласы – газает пеа журналдар. Бұл кезде шығып тұрған газаеттер мыналар: «Ауыл», «Ақ Жол», «Еңбекші жас», «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Кедей сөзі» т.б. Бұл газеттердің кей біреуі екі-үш жыл қайсыбірі 5-10 жыл бойы шығып тұрды. Әр бір журналдың шығу ұзақтығы да осы тәрізді. 20-30 жылдары шыққан журналдар саны едәуір: «Жас қайрат», «Жаңа мектеп», «Әйе теңдігі»,»Шолпан», «Жаңа әдебиет» т.б.
1920-30 жылдардағы қазақ әдеби тіліндегі стилдер, әдеби тіліміз осы жазба әдебиет арқылы дамып, жазба әдебиеттер тіліні негінде қалыптаса бастады. Мысалы, публицистикалық стил үлгісі, баспасөз стилі, ғылыми стиль, кеңсе стилі, ресми –іс қағаздары, түрлі қаулы-қарарлар стилі осы кезеңдегі журнал-газаеттер беттінен аударма еңбектеріненайқын көрінеді.
20-30 жылдардағы көркем әдебиет тілі
20 ғасырдың басындғы көрем әдебиеткеқарағанда 20-30 жылдардағы көркем әдебиет тілінің әдеби тілді дамытудағы, қалыптастырудағы роі айрықша болды. Бұл кезгі көркем әдебиетте ең алдымен халық тілінің байлығы барынша мло пайдаланылды; яғни бұл кезгі көркемәдебиет халық ілі байлығының барлық қаатын қамти отырды. Осы тұстағы шығармалардың тіліндежалпы жалпы түрктік әдеби тіл элементі болсын, татар тілінің элементі болсын-ьқай-қайсысы да бұрынғыдан сирей түсті. Қазақ тілінде бұ тұста орыс тілінің әсері жан-жақты көріне бастады. Тілдің қоғамдық функциясы артты. Осыған және орыс тілінің әеріне байланыстысөз мағынасы дамыды, сөздерді қолдану мәдениеті өсті. Ғылымдағы, техникадағы, өнер және мәдениет саласындағы осы кезгі өсу, сан алуан жаңалықтар тіліміздегі түрлі соны атауларды, тың ұғымдарды көптеп тудырды.
Жоғарыда аталған осы құбылыстардың толып жатқан осы өзгерістердің, яғни жалпы түрктік әдеби тілдің татар тілінің әлі де қалмаған кейбір ізін тілдің қоғамдық функциясының артуына байланысты пайда болған өзгерістерді оыс тілінің жан-жақты әсерін функцияналдық стилдердің әрқайсысының өз алдына даралынып өз алдына қалыптасабастағадығын бұлардың бір-бірінен ара жігін аша түседігін белгілі дәрежеде 20-30 жылдардағы көркем әдебиет тілінің фонетикалық құрылымының грамматика мен лексика жүйесінің даму, үнемі екшеліп сұрыптап отыру, бірте-бірте жақсару қалыптасу барысынан көруге болады. Әрине осы күнгі әдеби тіл нормасынана оқшаулау фонетикалық ауытқулар 20-30 жылдардағы көркем әдебиет ілінде 20 ғасыр басындағыға қарағанда әлде қайда аз. Мысалы, қазіргі әдеби тіліміздегі әр.еш, ауа.әскер сөздерінің кейде х,һ,ғ фонемалары арқылы қолданылуына байланысты аңғарылады: еш-хеш (һеш), әр-хәр, ауа-һауа, әске-ғаскер т.б. Жауап, сауап, мақсат тәріздес жекелеген сөздердің асылай ара –тұра жұбап, сұбап, мақсұт болып қолданылуы да жоғарыдағы сияқты жалғыз- жарымдаған фонетикалық ауытқуларға жатады
20-30 жылдардағы көркем әдебиетте морфологиялық тұлғаларды қолдануда кейбір жекелеген өзгешеліктер байқалады. Бұлар 20 ғасырдың басында жарияланған әңгімелердегі, повестердегі, романдардағы және поэзиялық шығармалардағы морфологиялық ерекшеліктерімен ара тұра ұқсас келіп жатады. Бірақ 20-30 жылдардағы морфологиялық тұлғалар өзедерінің саныжөнінен де сондай-ақ жұмсалу аясы ынғайынан да 20 ғасырдың басында жазылған шығармалардағыдан молырақ.
Бұл кезеңдегі шығармаларда ос күнгі өзгешелеу болып келетін морфологиялық тұлғалардың бәрін бірдей бүгінгі әдеби тілімізде дәл осы бұрынғы күйінде өзгеріссіз сақталған деуге болмайды. Олардың біразы былай жерде күнделікті қолданылу барысында ұштала\ып, әдеби тіл нормасытұрғысынан тұрақталып жатса, кейбірі жұмсалудан қалып қойды. Міне, жеке мофологиялық тұлғалардың қалыптасуындағы осы құбылысты дәл аңғару үшін кейбіреуін талдап көрейік.
Ар-ер. Бұл тұлға жалпы ғылыми жұмыстарда әр кезде азды- көпті сөз болады. Ар-ер тұлғасы өзінің негізгі қызметінің үстіне ар-тұра тіпті стилдік те мән алып кетеді. Оқулықтарда ол көбінесе етістік болжалды келер шақ формасы ретінде талданып жүр. Шын мәнінде мұның көркем әдебиеттегі прозалық шығармадағы қолданылу аясы бұдан гөрі кейде кеңее түседі. Ар\ер өзінің тура мағынасында да, кейде қосымша мағынада да жұмсалады. Мысалы, ол белгі бір стилдік мақсатпен байланысты 20-30 жылдардағы көркем әдебиетте оқта-текте есімшенің –атын,-етін жұрнағының қызметін атқарып тұрады.
Ыс-іс қосымшасының бүгінгі әдеби тілдегі қолданылуы мен 20-30 жылдардағы қолданылуы да әлбетте бірдей емес. Оның қазіргі кездегі жұмсалу аясымен салыстырғанда ол тұста біршама жиірек жалғанып отырғандығы аңғарылады. Мсалы, осы күнде әдеби тілімізде әрқашан кездесетін тұйық етістік ұйымдасу 20-30жылдардағы көрекм шығармалардың кейбіреуінде ұйысу (ұйыстыру) болып қолданылады. Бұлар ада енді жеке сөздің терминдік дәрежесі жөнінде тоқтала кеткен жөн. Әңгіме орыс тіліндегі организация дейтін атаудың қазақ тілінгдегі баламасы туралы. Осы организация тармині бұл кезеңде ұя делініп жүрді . Ал әдеттегі организовать етістігінің ұйымдастыру түрінде алынбай, ұйыстыру түрінде аударылып берілуі осы мәселеге байланысты. Өйткені организация атауының баламасы етіліп алынған бір кездегі ұя сөзі кейі қолданыла келе әдеби тілімізге сіңіп кете алмады. Оның орнына бірте-бірте ұйым термині орныға бастады т.б.
Осы 1920—30 жылдардағы шығармаларда ол конструкциялар мына ыңғайда, мынадай сөйлемдік байланыста пайдаланылған:
Жолаушылар үйге кіріп жылынуға ойлағанда... бөрене-
де отырған Андрей Кулакопты көрді («Жұмбақ жалау»); Ертең ерте Петербурғажүреміз деген күні, балаларды оқудан тара-тардың алдында қайда"баратындығы туралы Ащар әңгіме жа-сауға ойлады (сонда).; мен келгенше қайда болуға ойлай-сыз (сонда); Асанның солдатқа баруға қарсы ойын білген Бо-такәз, моментпен пайдаланып Асанды Алашордаға қарсы үгіттегісі келді («Жүмбақ жалау»); Оп-оңай құтыла қоюға ойлайсыңдар (сонда) \—Неғып отырсың?—деді Сарақпай, ушумен пайдаланып Алыпқашқа («Теміртас»); Күлпаш бар-ғалы қайғы үстіне қайғы жамап, ащырында, бүгін Жүмаға-зының үйде жоғынан пайдаланып келе жащаны еді («Күл-паш»); Осьі Қонақай мен Жоламанди Айдар бауырына тартып қашқындық қалдары^нен пайдаланып («Барымта»), Ма-ңындағылардьщ цызулығынан пайдаланып ч Толқынай сы-тылып алдыңғы бәлмеге шьщты («Азамат Азаматыш»); Қызу-лықпен пыратес жасауға да ойлап, артынан тағы өзін-өзі басқан (сонда); Екінші жақтан оны зауыт бастығы қазақтрға тіл, білетіндігінен пайдаланып әдейі қойды («Жолдас-тар»); Сол жерде сөзге ңыстырылуға ойлаған Аманбай қақБірып тастап, Мәмбетті болыща таныстырды (сонда) \ Қайта басын байлап, малынша айдап, кедейлігінен қольшың ме-шеулігінен пайдаланып табан ет, маңдай терісін жеп қойған жок; па (сонда); Сен Қылышқа айт, мені кешсін. Мен төбеле-суге ойлағам жоқ («Қызылжар^).
|1920—30 жылдар — әдеби тіліміздің қаурыт дами бастаған кезі. Бұл аралық—бүгінде әбден қалыптасқан көптеген тер-миндердің түрлі формада көріне бастаған шағы. Өйткені қазіргі терминдер бірден қалыптаса қалға^н жоқ, Сол дәуірде орыс тілікдегі атаулардың баламасы ретінде алынған бірсыііыра тер-миндер былайғы жерде сіңбей, қолданыла келе шығып қалып та жатты. Авторлар орыс тіліндегі терминдердің қай-қайсысы-ның да қазақша баламасын табуға.тырысты. Бұл, әрине, функционалдық стильдердің енді-енді қалыптаса бастаған кезеңі ч үшін белгілі шамада орынды да құбылыс еді. Тіпті тәжірибе тұрғысынан алсақ та едәуір септігі тиді. .
Осы кезеңдегі шығармалардағы әр алуан терминдер, орыс тіліндегі үғымдарды қазақша беру нәтижесінде туған жаңа сөз орамдары, атаулар, аударылмай тіпті сол күйі альшған орыс сөздерінің қолданылуы зерттеліп отырған кезеңдегі әдеби тілдің жалиы даму дәрежесін, ондағы стильдік қүбылыстардың да бір-те-бірте кемелдене бастағандығын көрсетеді. Әрине, бүл тәрізді терминдерді, орыс тілшдегі кейбір атауларды, жеке ұғымдарды қазақшаға аударып алу процесінде кездесетін соны тіркестер-ді, жаңа мағыналы лексемаларды автордын немесе:шығармасының стильдік ерекщелігін, көркемдік бояуын ашып тұрған фактор ретінде қарауға болмайды. Өйткені бұл ерекше-ліктер тек осы кезеңдегі шығармаларда кездесе бермейді. Олар-дың көдшілігі зерттеліп отырған кезевдегі жалпы баспа тілін-де, сондай-ақ оқулықтар мен басқа'да түрлі еңбектерде көрше бастайды. Жеке сөздерге байланысты мұндай ерекшеліктерді әдетте әдеби тілдің дамуының көркем әдебиеттегі көрініс ың-ғайында талдайтынымыз. осы себепті.
Тілімізге сал кезде ене бастаған қазақша жаңа баламалар терминнің негізгі мағын&сын мүмкін болғанша дәл беретійдей етіліп алынған. 1920—30 жылдарда әдеби тіліміздің лексика* сында көптеген өзгерістер болғандығы тек осы тустағы кітап-тар мен функционалдық (кеңсе, публицистикалық, ғылми т. б.) стильдерден ғана емес, сондай-ақ осы дәуірдегі көркем шығар-малар тіліиен айрықша байқалады. Рас, бұл ретте орыс тілінде-гі жеке сөз орамдарыйың, терминдік атаулардың аудармасы кейде жалпылама түсіндіру ыңғайында (описательно) екі не үш-төрт сөзбен де келіп отырады. Бірақ орыс тілінен енген жаңа атаулар мен терминдерді авторлардың көбінесе қазақша ауда-рып беруге тырьцуы, түсіндірме түрде (описательно) бірнеыіе сөзбен аударып атыруы — сол дәуірдегі жалпы оқушы |қауым-ның үғымына лайық, түсініктілік үшін жасалған тәсіл
1920—30 жылдардағы шығармалардың тілінен лексикалық ерекшеліктер жалпы қүрамы жөнінен әр түрлі.
Термин ыңғайында қалыптасқан сөздер
1920—30 жңлдардағы жалпы әдеби тілде термин ретіндеқа-лыптаса бастаған бірсыпыра жаңа сөздер кездеседі. Мысалы, орыс тіліндегі общестөенный обвинитель термині қазіргі тіліміз-де қоғамдық айыптауиш делініп жүр. Сондай-ақ осы күні әбден орныққан қоғам жүмысы термині де сол орыс тіліндегі общест-өенная работа тіркесінің қазақша баламасы ретінде сіңісті. Бірақ орыс тіліндегі бұл екі үғымның да 1920—30 жылдардағы аудармасы бүдан гөрі өзгешелеу екендігі байқалады. Өйткені эерттеліп отырған жиырма жылдағы кейбір көркем шығармалар-да общественный обвиңитель, общественная работа атаулары элеумет айыптаушысы, элеумет жумысы болып аударылыпты.
Өкілі Ермұқамбет ұлы, әлеуметп айыптаушысы болып шығып, тап тартысының маңызын Ащы өзек еліне екінші рет түсіндіріп өтті («Сот алдында»); Әлеумет жүмысына араласып, қатардағы іскердің бірі болып жүрген әйелдерге шын жолдас деп Қарайды («Азамат Азаматыш»); кеңсеге барғанын, кеңседен қайтқанын, мекеме бастығының өзін маңтайтынын,өлеу-метп жүмысына көп араласатындығын... тағы тағыларды айтып... (сонда);
Міне, бүл мысалдарға қарағанда, әлеумет сөэінің қоғам де-
ген мағьнада колданылғандығын көреміз. Жекелеген шығармаларда ол тек жұмыс сөзімен емес, ісі, тарих, күрес сөздерімей де тіркесе жұмсалады. Бұл ретте әлеумет сөзіне кейде ші-лік-қосымшасы жалғанып та айтылады. Бірақ оның мүндай фор-. мада қолданылуынан мағыналық өзгеріс байқалмайды. Рас, ісі лексемасымең тіркесіп жүмсалғанда ол общественная работа терминінен гөрі кейбір контексте общественные дела, социальный вопрос тәрізді сөз орамдарымен мағыналас келетін сйяқты,
Қазақ комитеттерінің кәбінің-ақ саяси жолы, әлеуметтік ісі, біздің Ақмоланьң обылыстық комитеттерінен өзгеше емес («Тар жол, тайғақ кешу»); әлеумет істеріне, саясат істеріне қатынаса бастаған көрінеді (сонда); Әлеумет тарихына ңарағанда, 1917—18 жылғы саяси күрестің зор майданындай, ұлы дүбірлерде, оқыған адамдардың, саясат, әлеумепг күре-сіне қатысқандарының бәрі де, сол заманында шығып тұрған газет, жорналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет ісіне қатысқандар маңайындағы газет, журналдың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ (сонда).
Осы келтірілген үзіңділерде әсіресе әлеумет (күресіне) деген
сөз орамы общественный терминінің мағынасынан гөрі социаль-
ный терминінің мағынасына кбірек келіңкірейді. Осы мағына
- сондай-ақ мына бір сөйлемнен де аңғарылады. Мұнда тіпті
социолог термині әлеуметшіл түрінде берілген.
Онсоң, біз кп сырларын білмейтін, бірақ үлкен әлеуметшіл Патракейіп деген ерлі-байлы кісілер бар еді («Тар жол, тайғақ кешу»).
Орыс тіліндегі бірсыпыра терминдердің, кейбір интернационалдық атаулардық да түркі тілдеріне жалпы баламасыз-ақт әуелгі нүсқасында, еніп кеткені мәлім. Мысалы, орыс тілійде-гі станция (разъезд), президиум тәрізді жекелеген терминдер қазіргі қазақ әдеби тілінде осылай аударылмай, формалық жағынан да олар өзгеріссіз қалыптасты. Ал 1920—30 жылдардағы кейбір шығңрмаларда бүлардың қазақ тіліндегі баламасын.та-буға тырысқандық аңғарыладң. Мысалы, станция (разъезд)— бекет түрінде, президиум термині басщрма болып аударылған.
От арба екінші бір тоцтаған бекетше жолдастар түсіп жу-гіріп әзгевагондардан іздеді (Сейфуллин); Бүлар басңармаға таяу отЬірған... Ақша салық әңгімесін басңарма қайта қозға-ды (сонда). Соңғы екі сөйлемге қарағанда, 1920—30 жылдарда-ғы кейбір шығармаларда басқарма атауының правление сөзінің де, сондай-ақ президиум термині ретінде жұмсалғандығын көреміз.
№25 ОБСӨЖ
Тақырып: 20-40 жылдардағы қазақ жазуын жетілдіру мәселесі
Жоспар:
1. А. Байтұрсынов – қазақ жазуын зерттеуші.
2. Қазақ жазуы туралы алғашқы басылымдар.
3. Түркі халықтарының латын жазуына көшуі
4. Қ. Жұбановтың араб жазуынан латын жазуына көшу кезеңіндегі қызметі.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
А. Байтұрсынов араб алфавиті негізінде қазақ әліпбиін құрастыру мақсатында қазақ жазу таңбалары (графикасы, сол кездегі термин бойынша «әліпбиі») бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппесі» мен ана тілі оқулықтары («Грамматика» кітаптары) бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы – міне, осыларға назар аударады. Әрине, бұлардың бірде – біреуінің жжоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша, қазақ даласындағы оқу – ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар» болып, күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды түгендеуге кіркседі.атап айтқанда, А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күге дейін өзге түрік халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фанетикалық құрамын зерттеу кіріседі.
1929 жылы 1 – мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмір баянда «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарында өз бітіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетті сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітабы сипаттан арылттым, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады. (Архив КазПи им Абая).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылы 9 – 10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді мақала жазып, одан қазақ дыбыстарын білдірмейтін ، ز ، ح ژ және жуан т,с сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жеңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба ( 4 ) қою қажеттігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34 – інші және әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген үлкес мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (ک ٬ ک ٬ ٻ ، ز ( таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады:
2. Қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у, дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 1) араб алфавитіндегі жуан дыбыстыларының таңбаларын алмау, 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жеңішкелігін ( яғни қазіргі ә, е, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын білдіру үшін сөздің алдынан дәйский таңба (4) қою. Былайша түзілген алфавиттің сауат алудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
Екінші кезењ, яѓни латын графикасына кµшуге єзірлік, 20-жылдардыњ алѓашќы жартысында басталып, т‰ркі тілдес распубликалардыњ єрќайсысында єр т‰рлі ќарсылыќ ж‰ргізілді. Б±л істе белсенділік µрсеткен Єзірбайжан ‰кіметі болды. Бакуде 1922жылы атаулы жања алфавит комитеті ќ±рылды. 1924 жылы Єзірбайжан Атќару Комитетініњ декреті бойынша жања латын алфавиті міндетті мемлекеттік єліппе болсын деп таныды. Біраз ж±мыс істегеннен кнйін б±л комитет КСРО орталыќ атќару Комитеті жолындаѓы Б‰кілодаќтыњ жања алфавит орталыќ комитеті болып ќайта ќ±рылды. Б±л комитеттіњ еліміздегі ењ кµрнекті ѓылымдардан ќ±рылѓан ѓылыми кењесі болды.Комитет жер-жердегі жања єліппеге байланысты ж±мыстарѓа басшылыќ етті, жања єліппеніњ жобаларын жасап, оны талќылап,бекітіп отырды. Комитет “Культура и письменность востока”, “Революция о писменность” дейтін журналдар шыѓарып отырды. Б±л журналдар бетінде жања алфавитке, фонетика мен грамматиканыњ ќ±рылыс салаларына байланысты алуан т‰рлі пікірлер, айтыстар, алфавит жобалары жарияланып т±рды. 1926 жылы Бакуде Б‰кілодаќтыњ т‰ркологиялыќ бірінші съезі болды. Съезд ќаулысында б‰кіл т‰ркі тілдес халыќтар латын графикасына кµзделген жазуды ќабылдайтын болсын деген ќаулы ќабылданды.
Т‰ркі республикасыныњ біразына ќараѓанда жања єліппеге кµшу ж±мысы Ќазаќстанда едєуір баяу дамыды. Латын алфавитіне негізделген жазуды ќабылдау мєселесі 1924 жылы болѓан Ќазаќ білімпаздарыныњ съезді кµтерілгенімен, 26-жылдыњ аяѓына дейін ол айтарлыќтай µріс ала алмады.
Латын єліппесіне негізделген жања жазуѓа кµшу ж±мыстарына басшылыќ ету маќсатымен 1927 жылы Республикалыќ жања алфавит орталыќ комитеті ќ±рылды. Комитетке басшылыќ ету міндеті сол кездегі Халыќ Комиссарлар Кењесініњ председателі Ныѓмет Н±рмаќовќа тапсырылды. Б±л комитеттіњ республикадаѓы барлыќ округтерде ќ±рылѓан бµлімшелері болды. Олар жања єліппеніњ тиімділігі туралы халыќ арасында ‰гіт-насихат ж±мыстарын ж‰ргізді. Ќазаќстан Орталыќ Атќару Комитетініњ “Ќазаќ жања емлесі туралы декреті” 1929 жылдыњ 25 шілдесінде жарияланды.
Ќабылданѓан єріптердіњ тоѓызы – дауысты дыбыс, жиырмасы – дауыссыз дыбыс тањбасы болды. Б±л декретте бас єріп тањбалары алынѓан жоќ. Ќабылданѓан емле ережелерінде кµптеген олќылыќтар, шалаѓайлыќтар болды. Жазуда фонетикалыќ принцип ќолданылды. Осы сияќты кµптеген ќолайсыздыќтар кµпке ±замай-аќ байќалып, пікір таластар туѓызды.
Латын графикасын ќабылдауда кеткен олќылыќтар мен ќолайсыздыќтар, оларды т‰зеудіњ жолдары жайындаѓы мєселені шешуге Ќ. Ж±банов белсене ќатысты.
Ќ.Ќуан±лы Ж±банов 1899 жылы 19 желтоќсанда Аќтµбе облысында д‰ниеге келген. Аспрессия заманындаѓы пєле-жаладан мерт болѓан азамат Ќ.Ж. тіл білімі саласында 6-7 жылдай ѓана ењбек ете алды. Осы аз жылдыњ µзінде ол ќазаќ тіл білімініњ єр саласына ќатысты бірсыпыра ѓылыми ењбектер жазып ‰лгерді.
№26 ОБСӨЖ
Тақырып: 1920-1940жылдардағы қазақ әдеби тілі.
Жоспар:
-
Қазақ әдеби тілі лексикасын нормаландыру әрекеттері
-
Қазақ әдеби тілі грамматикасының қалыптасуы.
Қолданылатын әдебиеттар:
Негізгі:
1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.
2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.
3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.
4. М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж
5. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.
6. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.
7. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.
8. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.
Қосымша:
1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.
4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет
Қазан төңкерісінен кейінгі 2-3 жылға созылған азамат соғысының дүрделеңі мен шырғалаңы қазақ жерінде де зор зиянын тигізіп, елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Тек 1920 жылы ғана халық еңсе көтеріп, бүлінген шаруасын қалпына келтіріп, дербес ел болу жолын ойлай бастады. Қазақтың алдыңғы қатарлы оқиғаларының, әсіресе Алаш ардагерлерінің табанды талабы нәтижесінде 1920 жылы Қазақстан автономиялы республика болып жарияланды.
Қазақ әдеби тілі лексикасын нормаландыру әрекеттері 20-жылдары жасалынса да, ол өте баяу жүргізілді. Оның үстіне қазақ тілінің қоғамдық қызметінің аясы әлі тар еді. Қазақтың ғылым тілінің яғни ғылыми стилдік дамуына қазақша ғылыми техникалық әдебиеттердің аздығы үлкен кедергі болды.
Өз кезінде Ы. Алтынсарин қазақ тілінің граматикалық терминдерін жасауда ана тіліміздің бар мүмкіншілігін пайдаланудың үлгісін көрсеткен еді.
Әрине оның жасаған граматикалық атауларының біразы өзгерді, біразы қазіргі қазақ тілі білімі терминалогиясының негізін қалады. Ал А. Байтұрсынов қазақ тілі білімінің қазақ тілінде өрбуіне зерттелуіне оның қазірде қолданылып жүрген ғылыми терминдермен қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Ғалымның термин жасауындағы ұстанған негізгі принциптері ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдаланды. Ал “Айқап” журналындағы ғылыми мақалаларында граматика, фонетика, морфология т.б. халықаралық сөздерді де қолданған.
А. Байтұрсыновтың “Тіл құралы” - қазақ тілінде жазылған тұңғыш граматика өйткені Н.И. Ильминскидің ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында басылып шыққан “материялы к изуиншего киргизисиского наречия” П. М. Милиорскидің “Кратка” “Граматика” киргизского язика. Фонетика этимология и синтаксис т.б. еңбектері орыс тілінде жазылған еді, сондықтан олардың қазақша лингвистикалық терминдер қолданылмаған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |