1 Өңештің бөліктері және функциясы


Түтікшелі секрециялық процес



бет14/22
Дата02.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#460146
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Рубежка

18.Түтікшелі секрециялық процес
Түтікшелі секреция – несеп түзілуінің тағы бір маңызды кезеңі. Бұл сутектен, креатининнен, иондарынан (калий иондары, аммоний иондары және т.б.) және қалдықтардың басқа түрлерін, соның ішінде дәрілік заттарды, мочевинаны және кейбір гормондарды қандағы түтікшелік капиллярлардағы қаннан шығару және оларды түтікшеге қайтару процесі. Бүйректің түтікшелі люминесіндегі сұйықтық. Қанның рН деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін маңызды. Сонымен қатар, бұл қан тазартуға көмектеседі.
Секреция процесі аяқталғаннан кейін несеп несепағар арқылы денеден шығарылады.


19.Көздің құрылымы

Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен — шыны тәрізді денемен толған.

20. Көз қабығы

Жалпы адамның көру мүшесі 2 бөліктен тұрады. Көз алмасы және қосымша мүшелерден. Көз алмасы (лат. Bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: *сыртқы* — ақ қабықтан(дәнекер ұлпасынан түзілген).Ақ қабық көз алмасына пішін береді. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір қасаң қабық. Қасаң қабыңшаның атқ.қызметі- жарық сәулесін өткізу. *ортаңғы* —қан тамырларына бай тамырлы қабық. Атқ.кыз-көздің барлық бөлімдерін қоректік заттар мен оттегімен қамтамасыз етеді. Алдыңғы жағы-нұрлы қабық. Көзге түс беретін пигмент орналасқан.Яғни , пигментке бай қабық .Көздің түсі осы қабыққа байланысты. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік-қарашық. Қарашық бірде үлкейіп, бірде кішіреюі арқылы көздың ішіне жарықтың өтуін реттейді. Қарашықтың артқы жағында екі жағы дөңес и линзаға ұқсаған мөлдір дене-көз бұршағы орналасқан.Көзбұршағы -кірпік бұлшықетіне бекінеді және оның жиырылуына байланысты пішінін өзгертіп отырады.*Ішкі* — торлы қабықтан құралған. Торлы қабық: таяқаш және құтыша деп бөлінеді.Таяқша-рецепторлар арқылы адам түнде жақсы көреді.Құтыша-рецепторлар тек жарық түскенде тітіркеніп, заттың түсін ажыратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет