Ал Көмірсулар алмасуына келетін болсақ Көмірсу денеге тагаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамга тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. т. Ауызда, ішеккарында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйкы безі мен ішек селіндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменггерінің эсерімен ыдырап, моносахаридтерге, яғни глюкозаға ыдырайды. Көмірсу алмасуының реттелуіне келетін болсақ. Көмірсу алмасуын реттейтін орталық гипоталамусты орналасқан, сол орталықтан арткы ядроларын тітіркендірсе адреналин мен инсулин түзілуі күшейе түседі. Сонда, көмірсу алмасуына ми қыртысы, мидың басқа да бөлімдері гипоталамус арқылы әсер етеді. Ал гипоталамустын өзі вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдері мен ішкі сөлініс бездері арқылы көмірсу алмасуын реттеп отырады. Көмірсулардың қызметі Олар биологиялық үрдістерге қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Ағзадағы жүретін метаболизмдегі синтезделетін аралық немесе соңғы өнімдер үшін бастапқы материал болып табылады.
Майдың алмасуы. Май адам денесіндегі ең керекті қуат көзі болып табылады. Ересек адамда тәулігіне 70-100 г майы керек. 1г май готыкса, 9,3 кка.л (38,39 кДж) жылу бөлінеді. Май липаза ферменттіерінің әсерлерінен май қышқылы мен глицеринге дейін ыдырайды. Май тек энергия ғана емес қорғаныс қызметін атқарады. Яғни дененің кейбір жерлеріне жиналған май бүйрек, өкпе т.б. ағзаларды ұрылу мен соғылудан, және де бүкіл денені суық тиюден корғайды. Май алмасуынң реттелуіне келетін болсақ. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі-ішкі ядросы зақымданса, адам семіріп кетеді, ал төменгі-сырткы ядросы зақымданса, адам арықтап кетеді. Гипоталамус денеде вегетативтік жуйке жүйесі мен ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді.
11.Азоттық баланс(тепе-теңдік)
Азоттық тепе-теңдік — организм денеден қанша азот жұмсайтын болса, сонша азотты тамақпен бірге қабылдайтындығы. Адам организмі тәулігіне орта есеппен 13—16 грамм (80—100 грамм белокпен бірге) азот қабылдайды.
Азоттық тепе-теңдік — ағза қабылдаған азот пен оның ағзадан шығу мөлшері арасындағы сәйкестік. Мұндай сәйкестік адам мен жануарлардың қалыпты тіршілігі үшін қажет. Мысалы: ересек адам ағзасы тәулігіне 13-16 г азот, яғни 100 г белок қабылдауы керек. Ол әртүрлі тағамдардың негізінде түзіледі. Аталған мөлшер ұзақ уақыт жетіспесе, адам арықтап, әлсірейді, салмағы кемиді, яғни азоттық тепе-теңдік бұзылады. Өсіп келе жатқан адам ағзасы үшін тамақтанудан алынатын азот ағзадан шығатын қалдық заттардағы азоттан артық болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |