15.Нәсепағар
Несепағар— бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше . Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар — несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады.
Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Несепағардың қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі — кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі — көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы — борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы — етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі — ұзынша қабат, ортаңғы — сақинаша қабат және сыртқы — ұзынша қабат. Бұлар — бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттары. Сыртқы — сірлі қабығы: ішкі — борпылдақ дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы — мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителийден) құралған. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігіиің сыртқы қабығы — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы).
16.Қуық
Қуық— бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.
Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:
Ішкі — кілегейлі қабықтан
Ортаңғы — етті қабықтан және
Сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.
Қуықтың кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған, бездер болмайды. Кілегейлі қабықтың жоғарғы қабырғасында несепағар білеуліктері мен несепағардың тесіктері көрінеді.
Қуықтың етті қабығы үш қабаттан:
•Ішкі және сыртқы ұзынша қабаттардан және олардың аралықтарындағы сақинаша қабаттан тұрады.
• сірлі қабық қуықтың денесі мен төбесін қаптап тұрады. Ал оның мойны адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қапталған. Қуықтың мойны несепшығар өзегіне жалғасады.
Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. Сфинктер – қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады.
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі жене еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп қүрамында лактоза, аздаған (аз мөлшерінде) мелшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |