1 Өңештің бөліктері және функциясы


Шартты рефлекстердің жіктелуі



бет20/22
Дата02.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#460146
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Рубежка

28.Шартты рефлекстердің жіктелуі.
Шартты рефлекс организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясын айтамыз. Қабылдау белгісіне карай шартты рефлекстер экстрарецептивтік - сыртқы кабылдагыштық және интерорецептивтік - ішкі қабылдағыштық болып екіге бөлінеді. Экстрарецептивтік шартты рефлекс организм мен қоршаган ортаның арақатынас орнатады. Интерорецептивтік шартты рефлекстер ағзалар қабылдагыштарын шартсыз тітіркенумен үштастырғанда калыптасады. Бұл ағзаларды механикалык тітіркендіргенде, оларда кысым көбейгенде, қанның химиялық қүрамы, осмостық кысымы, ішкі ортаның температурасы өзгергенде пайда болады. Тиімділігіне карай шартты рефлекстер вегетативтік жэне аспаптық болып екі топка бөлінеді. Аспаптық шартты рефлекстер бұлшықеттердің шартсыз кимыл эсеріленісі негізінде ұйымдастырылады. Вегетативті шартты рефлекстер тынысалу, жүрек тамыр, тамақтану секілді рефлекстер кіреді. Шартты рефлекс тітіркендіргіштің табиғатына қара табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиги шартты рефлекстср шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады. Қалыптастыру тәсіліне байланысты: Нақтылы, Ілеспелі, Бірінші, екінші немесе одан да жоғары реттік, Жинақы, Ажыратылған және жайылмалы (жалпылама), Комплексті (бір мезгілді, кеңістікті), Динамикалық стереотип, Еліктеу болып бөлінеді. Нактылы рефлекстер шартты жэне шартсыз тітіркендіргіштердің дәлмедәл үштастыру жағдайларында калыптасады. Оның сәйкес келетін (1-3 сек), Қысқа мерзімді (5-30 сек), Ұзақ мерзімді (1-2 мин), Кешіктірілетін (2 мин аса) рефлекстер бар. Ілеспелі рефлекстер нықтаушы тітіркендіргіш шартты сигналдың әсері аякталғанда қосылса пайда болады. Сосын Шартты рефлекс биологиялық маңызына байланысты ас қорыту, Қорғаныш, Жыныстық, Бағдарлау болып бөлінеді. Ал жауап беру реакциясына байланысты: Сөл бөліну, Қимыл-әрекеттік, Тамыр қозғалтқыш, Экскреторлы және т.б. болып бөлінеді. Үрдістің өту ағымына байланысты қозғыш және тежегіш болып бөлінеді.

29.Шартты рефлекстерді қалыптастыру ережелері.
Адамның тіршіліктік іс әрекетінде пайда болган әсерленістері үнемі ауысып отырады. Кейбір шартты рефлекстер нықталады, басқалары жойылады, ал біразы бірін-бірі алмастырып түрады. Шартты рефлекс ми қыртысындағы қатар қозған екі орталықтың – шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтарының, арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы - жайылу (генерализация), екіншісі - нақыштану сатысы. Шартты рефлекстерді қалыптастыруда құстарда қыртыс асты құрылымдар маңызды рөл атқарады. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде электрлік белсенділік ми қыртысынан бұрын ортаңғы және аралық ми торлы құрылымында байқалады. Ортаңғы және аралық ми деңгейінде торлы құрылымды зақымдау шартты рефлекстің қалыптасуына кедергі келтіреді. Торлы құрылым ми қыртысы торшаларының белсенділігін арттыра отырып, уақытша байланыстың қалыптасуына қажет жағдай тудырады. Шартты рефлекстерді қалыптастыру ережелеріне келетін болсақ. Шартты рефлекс қалыптасу үшін рефлекс орталығының қозғыштық деңгейінің де маңызы зор. Шартты рефлексті қалыптастырғанда шартты тітіркендіргіштің күшіне көңіл бөлу керек. Әлсіз тітіркендіргішке шартты рефлекс қиын қалыптасады. Күші орташа тітіркендіргішке рефлекс шапшаңырақ қалыптасады. Тым күшті тітіркендіргіш тежелу процесін тудырады, оған рефлекс пайда болмайды. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштің алдын алу керек. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының нейрондары белсенді күйде, әрекетке бейім болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет