30.Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтары. Шартсыз рефлекстер организмнің туа біткен жеке тұқым куалайтын әсерленісі. Ал шартты рефлекстер организмді үздіксіз өзгеретін сыртқы ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді. Шартсыз рефлекстер нақтылы кабылдағышқа арналған тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады. Шартыт рефлекс түрлері организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге әсерленеді. Шартсыз рефлекстің салыстырмалы түрактылығы болады, ал шартты рефлекс түраксыз, өзгергіш келеді. Ол белгілі бір жағдайларға байланысты күралады, сактанады немесе жойылып отырады. Шартты бейнеліс кобінесе үлкен ми сыңарлары қыртысында тұйыкталады. Шартсыз рефлекстік доға қыртыс асты құрылымында тұйықталады. Шартты рефлекс жекешілдік, шартсыз рефлекс түрлік болады. Шартсыз рефлекс организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал шартты рефлекс организмнің сыртқы ортаның түрлі өзгерістерне бейімдейді.
31. Уақытша байланыстың пайда болу механизмі
Шартты рефлекстің пайда болу механизмінің негізіне үлкен жарты шарлар қыртысындағы уақытша жүйкелік байланыстың тұйықталу принципі жатады.
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты және шартсыз тітікендіргіштерді ұштастырғанда пайда болатын, әртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым-қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. И.П.Павловтың пікірі бойынша, уақытша байланыс ми қыртысының шартты тірікендіруді қабылдайтын талдағыш орталығы мен шартсыз тітіркендіруді қабылдайтын өкілдік орталығы арасында тұйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы деңгейінде қалыптасады. Физиолог Э.А.Асратянның пікірі бойынша, шартты рефлекстер ми қыртысында және оның астындағы орталықтар арасындағы көптеген тура және кері байланыстар арқылы тұйықталады. Бұл байланыстың тұйықталуы зерде механизмдері мен ми қыртысы орталығындағы үстемдік (доминанттық) ошақтың пайда болуына тәуелді(А.А.Ухтомский).
Уақытша байланыс — шартты рефлекстердің қалыптасу кезінде ми қыртысындағы шартсыз және шартты тітіркендіргіштерді қабылдайтын орталықтардың арасында пайда болады. Уақытша жинақталу — вегетативті жүйке жүйесіндегі түйін алды жүйке талшығын бір рет тітіркендіргенде емес, қайталап, бірнеше рет тітіркендіргенде ғана қозудың уақытша жинақталуынан организм жауап береді (мысалы: қышыған жерді қандыру үшін бір рет қасу аз, оған рефлекторлы жауап беру үшін секундына 18 рет қасу қажет. Сонда қышуды қандыратын қозу уақытша жиналып, қатты әсер етеді де, яғни қышу қанады.
Достарыңызбен бөлісу: |