Тоқ ішекте астың сіңірілуі
Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу – жасунықты (клетчатканы) ыдырата алады. Бактериялар «К» және В12 витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшыкеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады. Астың ауыз қуысынан бастап, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішекте қорытылу жолы асқазанжолы деп аталады.
6)Асты сіңіру механизмі
Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту үрдістерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға не лимфаға өтуі.
Ас сіңіру үрдісінің қарқыны ішек-қарын бөлімдерінде бірдей емес, біріншіден, ішек-қарын құрылысы оның әр бөлімінде әр түрлі, екін- шіден, астың жылжуы (кідіруі) әр бөлімде әркелкі, үшіншіден, сінуге даяр гидролиз өнімдері кейбір бөлімдерде тым аз, жеткіліксіз.
Сырттан келіп түскен тағам ауыз куысында көп кідірмейді (небәрі 20-30 секунд), ауызда, сондай-ақ қорытылып сіңуге даяр түрған заттар жоқ. Бірақ тын астына салынған кейбір дәрілер (валидол, нит- роглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей қанға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Ас тұзы, су, глюкоза, алкоголь қарыннан қанға өтіп аздап бойға сіңеді. Бірақ қарында да сіңуге даяр өнімдер жоқтың қасы, басқаша айтқанда глюкозадан басқа қоректік заттар қарын арқылы сіңбейді.
Он екі елі ішекте ас қорыту үрдісі күшейе түседі, гидролиз үдейді, бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8%-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мүнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы үлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті сіңуге бейімделген ағза деуге де болады.
Аш ішектің кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар, бүрлер (вор- синкалар) бар. Бүр дегеніміз ішек куысына қарай бағытталған бармақ тәрізденіп созылған кілегейлі қабықтың ұсақ қатпары. Ұзын- дығы 0,5-1,5 мм, ішектің бір шаршы мм-де 18-40 бүр болады. Бүрлер мен үлкен қатпарлар ішектің сіңір. Бүрдің сырты бір қатар жиекті эпителиймен қапталған ішкі жағында борпылдак дәнекер тіні, аздаған бірыңғай салалы ет талшықта- ры бар. Әр бүрдің ортасында дәнекер тін қоршаған бір үшы бітеу лимфа капилляры, ал оның айналасында бірнеше қан капиллярлары тарамданған, артериола және венула болады. Осы орта- лық лимфа капилляры кілегейлі астындағы тарамданған ұсақ лимфа тамырларымен қосылады. Мұндай тамырдың ішкі бетін- лимфаны белгілі бір бағытта жүргізіп отыратын қақпақшалар (клапандар) бар. Лимфа тамырлары ас сіңіру үрдісі кезінде сүт тәрізді аппақ лимфаға толып кетеді. Ас сіңерде қоректік заттар ішек қуысы- нан, оның қабырғасындағы эпителийден бүр тамырларына өтеді. Ішек бүрін қаптаған әрбір жиекті эпителийдің ішкі (апикальдық) бетінде 1000-3000 өте ұсақ, әрбіреуінің ұзындығы 1-3 мкм микробүрлер бола- ды. Олар эпителий протоплазмасының ұзарған қатпарлары
Достарыңызбен бөлісу: |