Зерттеу әдістері
Тікелей колориметрия - организмнен сыртқа бөлінетін жылуды өз бойына сіңіріп алуға арналған күрделі аппарат - колориметриялық камера қолдануға негізделген әдіс.
Жанама колориметрия әдісі бойынша организмнің энергия шығыны ол қабылдаған оттегі мен бөлген көмір қышқылы газы мөлшеріне қарай анықталады. Оның себебі организмдегі энергия көзі – онда жүретін тотығу процестері. Тотығу кезінде органикалық заттардың құрамындағы оттегі пайдаланылып, көмір қышқыл газы босап шығады
Тыныс коэффициенті деп организмнен бөлінген көмір қышқыл газының ол сіңірген оттегіге көлемдік қатынасын (VСО2: :VО2) айтады. Организмде көмірсулар тотыққанда тыныс коэффициенті 1-ге, белок тотықса- 0,8-ге, май тотықса- 0,7-ге тең болады.
Энергия алмасуға әсер ететін факторлар. Энергия алмасу процесінің қарқыны құс денесінің ірілігіне, құстың түріне, тұқымына, жынысына, жасына, өнімділігіне, қимыл белсенділігіне, сыртқы орта температурасына, тәулік мерзіміне, құстың азықтандырылуына т.б. факторларға байланысты.
Белоктардың көмірсулар мен майлардың алмасуы.
Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қоргайтын, гуморальдық иммунитет қүрылымдар негізін құратын антидснелер де белоктан түрады. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Қан ұюына қатысып денені , кансыраудан сактайтын плазмалық фибриноген де - белок. Дене қызметін кан аркылы реттейтін гормондардың көбі белок. . Тәуліктік нормасы: 90-100г. Аспен бірге асқазанга келіп түскен белоктар ас корыту жолында протеаза ферменттсрінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп какпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бауыр жасушаларыңда амин кышқылдарынан қан белоктары (глобулин, альбумин, фибриноген) және өз жасушаларына кажет белоктар түзеді. Белок алмасуы кезіндегі соңғы өнімдері канта өтеді де, азотты зат алмасу калдыктары сыртқа шығарылуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, адам уытты заттардан үздіксіз арылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |